Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет71/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   363

145 

 

шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс 



түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. 

Мысалы,  жалаң  аяқ  жүру  табан  мен  буындарды  бекіту  әдісі  болып  табылғандықтан 

барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. 

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: 

 

Тыныс алу жаттығулары 



 

Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары 



 

Сымбатты түзету жаттығулары 



 

Созылу(стретчинг) жаттығалары 



 

Йога жаттығулары 



 

Көзге арналған жаттығулар 



Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен 

қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн. 

Баланың  дені  сау,  салмақты,  дене  дамуы  мықты,  тәбеті  жақсы,  ұйқысы  толыққанды 

болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын 

кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды. 

Себебі  ағзада  барлық  өмірлік  әрекеттер  белгілі  бір  тәртіппен  жүріп  отырады.  Жүрек 

ырғақты  жұмыс  жасайды,    жиырылуы-босауы,  тыныс  алу,  дем  алумен  -дем  шығару 

кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.[2] 

Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн 

мен түн ауысуы... 

Міне,  сондықтан  мектепке  дейінгі  мекемелерде  күн  тәртібі  сақталуға  қатаң  көңіл 

бөлінген.  Шынықтыру-сауықтырудыңда  тәртібі  болған  жағдайда  ғана  баланың  ағзасына 

тиімді болады.  

. Денсаулық сақтау құзіреттілігі: 

- өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс - әрекетінің 

қауіпсіздік ережесін сақтауға; 

- қозғалыс дағдыларын меңгеруге; 

- түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге; 

-  денсаулық  сақтау  негіздерімен  жеке  бас  гигиенасының  дағдыларын  меңгеруге 

мүмкіндік береді. 

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  балалардың      денсаулығын  нығайту  әрі  дамыту  әр  бір 

тәрбиешінің басты міндеті. Күнделікті таңғы жаттығулар жасап, күннің екінші жартысында 

шынықтыру шараларын жасату керек.  

Қазіргі  таңда  «Бәйтерек»  балабақшасынада  балалардың  денсаулығын  нығайту  үшін 

спорт  залында  әр  түрлі  атребуттар  бар.  Атап  айтсақ:  баспалдақтар,  кубиктер,  әр  түрлі 

көлемдегі доптар, секірмелі доптар, орындықтар т.б.  

«Бәйтерек»  балабақшасында  денсаулық  кепілі  дене  шынықтыру  жаттығуларының 

жүйелі  сабақтарымен  ғана  дамиды.  Мектепке  дейінгі  жаста  адамның  денсаулығының  өмір 

бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы 

уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа 

қызығушылығы  және  баланың  қабілеттері    ашыла  бастайды.          Кіші  мектепке  дейінгі  жас 

топтарында  әртүрлі  сауықтыру  іс-шаралары  ұйымдастырылуы  арқылы  біз  өзіміздің  дене 

шынықтыру  - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. 

Баланың  денсаулығын  нығайтуда  біздің  балабақшада:  дене  шынықтыру  залы,  дене 

шынықтыруға 

қажетті 


жабдықтар 

бар. 


Топтарда 

өзіндік 


массажға 

әртүрлі 


денсаулық    жолдары,  спорттық  жабдықтар,  ойынға  арналған  көрнекіліктер,  жаттығу 

картотекасы  және  ойын  массажының  картотекасы  бар.  Денсаулықты  нығайтуда  жүйелі 

технологиялар  баламен  жұмыста  дене  шынықтыру-сауықтыру  іс-шараларымен  болады. 

Ауруларды алдын-алу   жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу 

жаттығуларын  өткіземіз.  Жас  ерекшелігіне  байланысты  жаттығу  түрлерінің  кешені 



146 

 

ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес 



бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі.  

Сауықтыру іс-шараларында бір қалыпта сөйлеу ырғағы, мәнерлеп, дауыс ырғағын қойып 

оқу және дауыс аппаратын қабылдауды дамытуда жұмыс істелінеді. Сондықтан денсаулықты 

нығайту  технологиясы  жауапкершілікпен,  жаттығулар  мен  денсаулық  жолдарының 

жаттығулары (өлең шумақтарын, үзінділері, бала әндеріне) қаралды. Бұл ойын әдістер арқылы 

әр  түрлі  дыбыстарды  қолданып  жоғары  дауыспен  және  төмен  дауыспен  баланың  зейінін 

дамытуда  қолданамыз.  Баланың  дыбыстық  сөйлеу  жағынын  қалыптасуы,  дауыс  ырғағын 

дұрыс қоя білуіне, яғни лексика, грамматиканы игеруде үлкен маңызды рөл атқарады. 

 Дене  шынықтыруды  нығайту  үрдісінде  балалардың  ойлау  қабілеттерін  рухани 

эстетикалық  талғамдарын,  өз  денсаулығын,  алға  қойған  мақсаттарын,  ұйымдастырушылық 

және  ақкөңілдік  қасиеттері  қалыптасады.  Балалардың  барлығы  тәрбие  үрдісінде 

денсаулықтарын  нығайтуға  және  жеке  жан-жақты  дамуына  үлесін  қосады.  Бүгінгі  таңда 

«Бәйтерек»  балабақшасының  алға  қойған  мақсаты  көзі  ашық,  көкірегі  ояу,  дені  сау  ұрпақ 

тәрбиелеу. Алайда жас буынның адамгершілік қасиеті мен дене тәрбиесі қатар ұштасып жатса, 

бұл ұлт болашағы үшін баға жетпес байлық екені сөзсіз. 

Денсаулық  баға  жетпес  асыл  дүние,  адам  баласы  денсаулықтың  қадірін  білгенде  ғана 

өмірдің  мәнін  біледі.  Сондықтан  жалдың  басында  коп  балалар  балабақшаға    алсіз,  баяу, 

ауруларды  тез  қабылдап  қалып  жататын  балалар  жиы  кездеседі.  Осы  балалармен  барлық 

жағынан  бүкіл  тәрбиеші,  педагог,  медбиеке  осы  тұрғыда  жұмыс  жасап,  өз  нәтижелерін 

шешімін көріп жаттық.  

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Назарбаев Н.Ә «Қазақстан-2050. Өркендеу, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі және 

әл-ауқатын жақсарту» жолдауы. 

2. Аршавский И.А. Принципы  дримнанты в системе  обучения. 1991.-№9 

3. «Бала  тәрбиесі» 2012ж. №7-№8 

4. . А.Кошкимбаева «Балабақша:тәрбиелеу және оқыту» журнал №1 2013ж  

 

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА 



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

 

Бейсенова Камила Зулхарнайевна, Даткина Дидар Кабиденовна 

«Қарлығаш»б/б КМҚК тәрбиешілері 

Қарағанды қаласы 

 

 

12  жылдық  білім  беруге  көшу  үрдісі  мектепке  дейінгі  тәрбие  және  білім  беруді 



ұйымдастыруға  жоғары  талап  қоюда.  Ол  өз  кезегінде  неғұрлым  тиімді  педагогика-

психологиялық әдістер арқылы бұл мәселені  шешуге итермелейді. Мектепке дейінгі оқыту, 

жаңа  сапалық  деңгейге  шығу  инновациялық  технологияларды  әзірлемей  мүмкін  емес. 

Педагогикалық  инновация,  бұл  –  дамуы,  тәрбие  мен  оқытуды  жақсартуға  бағытталған, 

сонымен  қоса  мақсаттар  мен  мазмұнды,  формалар  мен  әдістерді  жетілдіруге  негізделген 

өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін 

санасын қалыптастырады. Педагогикалық әрекетті жаңа технологиялырды қолдану негізінде 

ұйымдастырғанда барлық күш педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады (1, 2 - 

қосымшалар). 

Педагогикалық технология ұғымына төмендегілер кіреді: 

-Концептуалдық негіз. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау