Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет60/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   363

121 

 

баса  назар  аудару  мұғалімнің  міндеті[3].  Байланыстырып  сөйлеуге  үйретуде  сөздік 



тапсырмалар  орындату,  белігілі  тақырып  бойынша  және  өз  қиялынан  әңгіме,  ертегі 

ойластырып,  сурет  бойынша  әңгіме  құрастыру    баланың  ойын  шыңдап,  сөздік  қорын 

байытатыны  сөзсіз.  Мысалға  «Сұрақтар  бойынша  түлкіні  сипаттап  бер»  деген  тапсырма 

беруге болады. Сұрақтар төмендегідей: 

 Қоян қандай аң? 

 Оның түсі қандай? 

 Қоянның құйрығы қандай болады? 

 Қоян  қандай жерді мекендейді? 

 Ол  немен  қоректенеді?      Осы  сұрақтарға  жауап  ала  отырып,  балалардың  ойлау 

қабілеттерін және сөздік қорларын дамытуға болады. 

  Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын – жаттығулар мен дидактикалық материалдар, 

ойындардың   маңызы зор. Тіл  дамыту сабағының негізгі бағыттары кез – келген сәтте бір – 

бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен 

сөйлеу  процессін  дұрыс  жолға  қою  қажеттігі  туындайды.  Жаттығулар  жасау  барысында  

оқушылар  сөйлемдегі  сөздер  бір  -  бірімен  тығыз  байланыста  болатындығын  аңғарады. 

Сөйлемдегі  сөздердің  байланысын  сұрақ  қойып  анықтап,  олардың  байланысын  сызбамен 

көрсетеді 

Сонда  ғана  тіл  дамыту  әдістемесін  жүзеге  асыруға  болады.  Тіл  дамыту  сабағына 

қойылатын талаптар: 

1.  Қоршаған ортада көргендерін әңгімелеп, өмірмен байланыстыру. 

2.  Оқылған ертегі, әңгімелерді түсінігі бойынша өз сөзімен айта білу. 

3.  Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай іс- әрекетте пайдалана білу. 

4.  Жаңадан меңгерген сөздерді сөздерді сөздік қорларына енгізу. 

5.  Тіл дамытуда ыммен сөйлесу, ымдап сөйлегенді түсіну. 

6.  Антоним,  синоним  сөздерін  бір  -  бірінен  ажыратып,  қажетіне  қарай  күнделікті 

тұрмыста пайдалану. 

Сабақ  үрдісінде    төменгі  сынып  оқушыларының  тілін  дамытып,  өз  ойларын  еркін 

жеткізуге  дағдыландыру  мұғалімнің  басты  міндеті  болып  табылады.  Ол  үшін  балалрды 

сөйлетуге  жағдай  жасау  керектігін  ескеру  қажет.    Мысалы,  суретпен  жұмыс  жасау  өз 

нәтижесін береді, себебі балалар сурет сала отырып , ойланады яғни ойлау қабілеттері дамиды 

және  сол  суреттерге  қарап  отырып,  сөйлемдер  құрастыра  отырып,  өз  ойларын 

жеткізеді.Оқушылардың тілін дамытуда жасалатын жұмыстың бір түрі ол өлең шығару болып 

табылады.    Сынып  оқушылары  өз  ойларынан  өлең  шығаруға  тырысады,  шығара  алмай 

отырған  оқушыларға  көмектесіп  жіберуге  болады.  Құрастырған  өлеңдерін  балалардың 

алдында  дауыстап  оқып  береді.  Тағы  бір  тіл  дамыту  жұмыстарының  бірі  ол  ойдан  ертегі 

құрастыру. Балалар ойдан ертегі құрастырғанды жақсы көреді. 

Сонымен қатар ертегі құрастыру, ойдан өлеңдер шығару сияқты жұмыстар баланың тілін 

ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар олардың ойын да дамытады.   

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Алматы: 2007,42 бет. 

2.  Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Тіл дамытуға әдістемелік құрал «Арман» баспасы 2009 .6-8 

бет 

3.  Уәйісова Г.И.,Әміров Р.С., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі. 2 сынып  -Алматы: «Атамұра» 2002, 



80 б. 

 

 



 

ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТІГІ 

 


122 

 

 

Байзакова.А.М. 

КМҚК №134 «Гауһар» бөбекжайының тәрбиешісі, Қарағанды қаласы 

 

 

Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын 



  бір   шарт  -   жас   күнде   көрген   өнеге. 

Жүсіпбек   Аймауытов 

 

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл- қыздардың дені сау, 



рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі- ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат 

алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің 

күшімен  салыстыруға  болмайды.  Балаға  ата  -  ана  тәрбиесінің  орнын  ешнәрсе  алмастыра 

алмайды,  отбасы  -  өмірге  сәби  әкеліп,  оны  тәрбиелеп,  қалыптастыруда  және  ұрпақ 

жалғастыруда  теңдесі  жоқ  орын.Адам  баласы  –  өмір  бойы  педагогикалық,  психологиялық 

көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік 

деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі 

қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу,  дамыту және білім беруде отбасы 

мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды. 

Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытудағы  мақсатым. 

1.Ата-аналармен  бірлесе  отырып,баланың  тұлғасын  дамытуға  бірыңғай  білім  беру 

кеңістігін қалыптастыру. 

2.Отбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай 

жасау 


3.  Баланың  тұлғалық  әрекетінің  дамуы  үшін  отбасымен  бірге  эмоционалды  жағдай 

туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету. 

4.Отбасының  тәрбиесін,  әдептерін,  дәстүрлерді  сақтауын  ескере  отырып,  балаларды 

әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау. 

Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының 

ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 

Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. 

Адамзат  қоғамы  даму  тарихында  қалыптасқан  тәрбие  мен  оқыту,  теориясы  және 

практикасын  дамыту  саласындағы  маңызы  мен  тәрбиелік  мүмкіндіктері  жайлы 

Я.А.Коменский,  К.Д.  Ушинский,  В.Г.Белинский,  Н.К.Крупская,  А.С.Макаренко,  Н.Н.Хан, 

В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов, 

Ы.Алтынсарин, 

А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов 

М.Ә.Құдайқұлов,  А.А.Бейсенбаева,  Қ.К.Жампейісова,  Г.Т.Хайруллин,  В.В.Трифоновтар 

маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды. 

Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану 

туралы  Г.Н.Волков,  Я.И.Ханбиков,  М.Сейфуллаева,  А.Ш.Гашимов,  Т.Г.Тимошина, 

С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, 

Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады. 

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру 

– қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. 

Қазіргі  заманда  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру  әлеуметтік 

құрылымның  ең  маңызды  міндеттерінің  біріне  айналды.  Қазақстан  Республикасының  2015 

жылға  дейінгі  білімді  дамыту  тұжырымдамасында  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  үздіксіз  білім 

берудің  алғашқы  сатысы.  Ол  баланың  жеке  бас  ерекшелігін  ескере  отырып  дамытатын 

орталық» делінген. 

Баланы  тәрбиелеу,  дамыту  және  білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен  балабақша 

ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір 

бойы  қалыптасатын  күрделі  құбылыс.  Тәрбиенің  ең  алғашқы  негізі  отбасында  қаланып, 

балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау