Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет332/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   363

678 

 

қасиеттерімен таныстыруға болады. Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық 



тәжірибесін  жинақтау  нәтижесі  болып  табылатын  заттық  үлгілерді  қолданудан  көпшілік 

қабылдаған  сенсорлық  эталонға  ауысады.  Сенсорлық  эталондар  дегеніміз  –  қасиеттер  мен 

қатынастардың  әр  түрінің  негізгі  жеке  түрлері  жөнінде  адамзатта  қалыптасқан  түсініктер. 

Бұларға  түс,  пішін,  заттардың  шамасы,  олардың  кеңістіктегі  орны,  дыбыс  күші,  уақыт 

аралықтарының ұзақтығы, т.б. жатады.  

Заттардың өлшемін, көлемін анықтау үшін балада екі қолдың, көздің, мойынның бұлшық 

еттері  жақсы  қозғалыста  болуы  тиіс.  Сондықтан  ұсақ  моториканы  дамытатын  дамытушы 

ойындардың жиынтығы қажет.  

Сәбилер  тобымен  жұмыста  балалардың  сенсорлық  тәрбиесін  дамыту  мақсатында 

жүргізілетін жұмыстарды бес кезеңге бөліп қарастыруға болады.  

1-кезең. Әдебиеттерге шолу жасау, интернет көздерімен жұмыс, әдіс-тәсілдерді таңдау: 

- қарапайымнан күрделіге әдісі; 

- бірнеше рет қайталау тәсілі (Кіші топта әр бала жаңа нәрсені  әр түрлі жылдамдықта 

меңгереді,  сондықтан  қайталау  тәсілі  ойынның  мазмұнын  толықтай  түсінуге  мүмкіндік 

береді); 

- қосымшалар қою тәсілі (кубиктер, сақиналар, ленталар); 

- сөйлеу мәнері тәсілі; 

- ойынды қабылдау – қорытынды нәтиже ретінде қолданылады. 

2-кезең.  Балалардың  түстерді,  көлемдерді,  өлшемдерді  ажырата  алуын,  яғни 

қалыптасқан дағдылар деңгейін анықтау. Ол үшін әр түрлі ойындар ойнатылады: 

 - «Тура осындай ғимаратты сал» - түстерді қабылдауға арналған ойын. 

Материал: түрлі-түсті 4 кубик. 

Тапсырма: үлгі бойынша ғимарат құрастыр.  

Үлгі: сурет. 

- «Тап және көрсет» - заттың формасын қабылдауға арналған ойын. 

Материал:  Үшбұрыш,  төртбұрыш,  шеңбер,  және  т.б.  геометриялық  фигуралардан 

жасалған тауық. 

Тапсырма: Тауыққа жақсылап қара, оның қандай мүшесі үшбұрыш, қайсысы шеңбер... 

-  «Жануарларға  үйге  қайтуға  көмектес»  -  заттардың  өлшемдерін  қабылдауға  арналған 

ойын. 


Материал: тал пен кустарник макеті, 2 жол – ұзын және қысқа, 2 көпір – кең және тар. 

Тапсырма:  тәрбиеші  түсіндіреді,  бала  персонаждармен  жұмыс  жасайды.  Қонжық  пен 

қоян жақсы қыдырды, енді үйге қайтқылары келді. Оларды үйлеріне дейін жетуге көмектес. 

Қонжықтың үйі үлкен талдың артында. Ол қайда тұрады? Міне, мында. Ал қоянның кішкентай 

үйде тұрады. Ол қайда тұрады? Қонжықтың үйі  қандай? (үлкен), ал қоянның? (кішкентай). 

Қонжықтың үйіне ұзын жолмен, ал қоянның үйіне қысқа жолмен бару керек. Қонжық қайда 

барады?  Ал  қоян  ше? Көрсет.  Бұл  жолдар  өзеннен  өтетін көпірде  орналасқан.  Қонжық  кең 

көпірмен, ал қоян тар көпірмен барады. Енді, достарымыз өз үйлеріне дейін жетті. Сен оларға 

көмектестің. Жарайсың! 

3-кезең.  Алынған  нәтижелерге  сәйкес  заттардың  қасиеттерін  ажырата  алу  мақсатында 

ойындар  мен  арнайы  жаттығулар  таңдалып  алынды.  Жұмыс  жоспары  құрылып,  міндеттер 

анықталды.  

Сәбилер тобымен жұмысқа қойылатын міндеттер. 

Білімділік: 

- заттардың негізгі белгілері ретінде түсін, формасын, өлшемін ажыратуға үйрету; 

- екі не одан да көп заттардың түстері, формалары, өлшемдері бойынша салыстыра білуге 

үйрету; 

-  заттарды  белгілі  бір  қасиеттері  бойынша  кему  немесе  өсу  ретімен  қоя  білу,  өз 

әрекеттеріне талдау жасай білу; 

- өлшемдері бойынша қарама-қарсы заттарды тауып, олардың қасиеттерін сөзбен айту; 

- заттарды топ бойынша классификациялау; 



679 

 

- ұсақ моториканы дамыту. 



Тәрбиелілік: 

- мақсатқа бағытталған зейінді, бір орында отыра алуды қалыптастыру

- балаға өзін жан-жақты қырынан көрсете алуға мүмкіндік беру; 

- адамгершілік-еріктік сапаларды дамыту. 

4-кезең. Сенсорлық қабілеттерді дамыту және үйрету. «Балабақша – қуаныш үйі» атты 

Н.М.Крыловтың  технологиясы  бойынша  сенсорлық  тәрбиенің  міндеттері  заттық  даму 

ортасында  жүзеге  асырылады.  Күнделікті  таңертең  тамақ  ішу  барысында    тағамның  дәм 

сапаларын,  түстерін,  неден  жасалғанын  айтады.  Күн  бойы  жекелей  және  топпен  жұмыста 

заттардың қасиеттерімен таныстыруға көп уақыт бөлінеді.  

Диагностика нәтижесі бойынша үш топ анықталды:  

1-топ – сенсорлық дамуы төмен балалар; 

2-топ – сенсорлық дамуы орташа балалар

3-топ – сенсорлық дамуы жоғары балалар. 

Әр  топқа  жекелей  міндеттер  мен  тапсырмалар  дайындалды.  Ойындар  бос  уақытқа 

жоспарланды. Төмен деңгей көрсеткен балалармен жекелей жұмыстар жасалды. Ең тиімдісі – 

бірнеше  қайталау  тәсілі,  бала  әрекетіне  ересектердің  қызығу  сәті,  жағымды  эмоциялар. 

Орташа деңгей көрсеткен балалармен 3-4 баладан тұратын топ құру арқылы жұмыс жасалды. 

Жоғары  деңгей  көрсеткен  балалармен  күрделі  ойындар,  ауызша  нұсқау  беру  жұмыстары 

жүргізілді.  

5-кезең. Ата-аналар жиналысы.  

Мақсаты: ата-аналарды ойынның мақсат-міндеттерімен таныстыру.  

Ата-аналар  бұрышында  жаңа  ойындар  туралы  ақпараттар  ілінді.  Жекелей  кеңестер 

жүргізілді. Жақсы меңгеру үшін ойындар үйге берілді.  

Жоғарыда  аталған  бес  кезең  балалардың  сенсорлық  тәрбиесін  дамытуға 

бағытталғандығын байқауға болады.  

Сенсорлық тәрбие әдістемесі бойынша сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі – балалардың 

заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексеруі болып табылады. Тексеру – кейін 

нәтижесін  қандай  да  бір  мазмұны  қызметке  пайдалану  үшін  арнайы  ұйымдастырылған 

қабылдау.  

Тәрбиеші  балаларды  тексеру  тәсілдеріне  үйретеді.  Әуелі  олардың  алдарына  заттың 

суретін  салу  үшін  оның  қандай  бөліктерден  тұратындығын,  құрылыс  тұрғызу  үшін  оның 

үлгісін  талдап  қарап  алу  қажеттігін  мақсат  етіп  қояды.  Содан  кейін  барып,  балаларды 

тексерудің  кезеңдерімен  таныстырады.  Сурет  салуға,  құрастыруға  үйрету  кезінде  тексеру 

процесі  мына  кезеңдерден  тұрады:  заттың  тұтас  бейнесін  қабылдау,  оның  жекелеген 

бөліктерін  даралау,  олардың  қасиеттерін  анықтау,  бөліктердің  кеңістігі  бір-біріне  өзара 

қатынасын  анықтау,  заттың  неғұрлым  ұсақ  бөліктерін  бөліп  қарау,  олардың  негізгі 

бөліктермен қатынасын ажырату, заттардың тұтас бейнесін қайталап қабылдау.  

Тексеруге үйрету балалардың жасын ескере отырып жүргізіледі: сәбилерге негізгі түске 

боялған,  артық  бөлшектері  жоқ неғұрлым  қарапайым  формадағы  заттар  беріледі;  ересектер 

төңіректегі  барлық  заттарды  анықтап,  оларға  талдау  жасайды,  сапаларын  көбірек  анықтай 

алады. Балаларды төңірекпен, әсіресе, табиғатпен таныстыру кезінде сенсорлық тәрбиеге мол 

мүмкіндік  туады.  Тәрбиеші  серуен  кезінде  балаларды  айналадан  қандай  дыбыстар  естіліп 

тұрғанын  тыңдау  үшін  «Кім  дыбысты  көбірек  тыңдайды»  деген  ойын  ойнатады.  Сезімдік 

тәжірибе жинақтағаннан кейін баланың сенсорлық ұғымы кеңейе түседі.  

Сәбилер  тобында  заттық  іс-әрекетті  мазмұнына  тоқталсақ,  зат  құралдарын 

қолдануларын  үйретуді  жалғастыру.  Арнайы  су  толтырылған  немесе  суы  жоқ  ыдыстардан 

шарларды,  жүзіп  жүрген  ойыншықтарды  қармақпен  аулау  үшін  ауды,  ожауды  қолдануды 

ұсыну. Еңбек құралына ұқсайтын ойыншықтарды қолдану. Өз әркеттерінде зат құралдарды 

балалармен тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында өз еріктерімен ойын және тұрмыстық 

әрекеттерде  қолдануларын  мадақтау.  Қол  мен  саусақ  ұштарының  қимылдары  және 

сенсомоторлық кеңістіктік «көз - қол» үйлесімділігін дамыту. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау