Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет160/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   363

328 

 

болып  табылады.  Қызмет  –  бұл  отбасы  мүшелерінің  қажеттілігін  қанағаттандыруға 



бағытталған отбасының өмірлік әрекеті.  

Отбасының  тәрбиелік  қызметі  ер  адам  мен  әйелдің  әкелік  және  аналық  қажеттілігін 

қанағаттандырады,  сондай-ақ,  ата-ана  өз  балаларының  тәрбиесінде  өздерінің  білімдері  мен 

тәжірибесін қолдана алады. Отбасы тәрбиесінің ең басты ерекшелігі – балалардың өзіне деген 

қарым-қатынасы  қалыптасатын,  өзін-өзі  бағалау  сезімін  анықтайтын  эмоционалдық 

микроклиматтың  болуы.  Отбасы  әлеуметтік-адамгершілік  тәжірибені  ұрпақтан-ұрпаққа 

жеткізіп  келеді,  отбасында  балаға  ата-ананың  махаббатын,  ата-анаға  деген  сенім,  оларға 

ұқсауға  ұмтылу,  отбасының  жалпы  психологиялық  ахуалы  сияқты  әлеуметтік  ақпаратты 

берудің тамаша жүйесі қалыптасқан.  

Балабақша  бала  тәрбиесінде  маңызды  рөл  атқарады.  Мұнда  ол  білім  алады,  өзге 

балалармен, ересектермен бірлесіп әрекеттену, өз әрекетін ұйымдастыру іскерлігін меңгереді. 

Алайда,  баланың  бұл  дағдыларды  қаншалықты  нәтижелі  меңгеруі  отбасының  балабақшаға 

қарым-қатынасына байланысты. Ата-ананың білім беру үдерісіне белсенді араласуы арқылы 

ғана баланың үйлесімді дамуы іске асады.  

Ата-аналар  тәрбиешілермен  бірден  байланысқа  түспейді.  Ата-аналармен  жұмыс 

барысында  көбіне  бірлесе  әрекет  ету  субъектісі  ретінде  емес,  әрекеттің  объектісі  болып 

табылады.  Бұндай  жағдайда  ата-ана  мен  педагогтардың  өзара  әрекеті  біржақты  сипатқа  ие 

болып, қарым-қатынас жағдайға байланысты жүреді. Ата-аналардың кейбірі ертеңгілік, ойын-

сауық,  спорттық  мерекелер,  үлкендер  мен  балалардың  қатысуымен  ұйымдастырылатын 

конкурстарда белсенділік танытады. Сондықтан да отбасымен жұмысты тек  дәстүрлі  түрде 

ғана  емес  (ата-аналар  жиналысы,  сауалнама  жүргізу,  ақпараттық  қабырға),  сондай-ақ  үйге 

бару,  кеңес  беру,  әңгімелесу,  топтың  оқу  үдерісіне  ата-аналарды  қатыстыру  сияқты  жеке 

жұмыстарды ұйымдастыру маңызды болып табылады.  

Семинарлар, жиналыстар немесе лекциялар мен кеңестер ата-аналардың педагогикалық 

біліктілігінің деңгейін көтеруге әсер етеді. Бірақ бұл білімдер: 

- баламен күнделікті қарым-қатынаста қолдануға даярлықтың жетіспеушілігі; 

- өз жұмыстарынан өзгеге уақыттың жетіспеушілігі; 

- баламен шұғылдануға құлықсыздық және білім беру ұйымына жауапкершілікті жүктеуі 

негізінде практикалық түрде жүзеге аспай жатады. 

Нәтижесінде,  отбасымен  кері  байланыс  орнамайды  да,  сондықтан  отбасы  тәрбиесінің 

мүмкіншіліктері толық пайдаланылмайды. Тәрбиешілердің баланың оқуы мен тәрбиесіндегі 

отбасының рөлін түсінгені жөн, өйткені мектепке даярлық, бала дамуы мәселелері қоғамдық 

тәрбиенің  негізі  болып  табылады.  Өз  баласын  бақылап,  оның  жетістіктерін  серіктерімен 

салыстыра отырып, ата-аналар мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ асу қажеттігін түсінеді. Ата-

аналармен  тренинг  жүргізіп,  ата-аналар  «баланың»  рөліне  енсе  –  балалардың  өз  табысына 

және  педагогтың  мадақтауына  шынайы  әрі  эмоционалды  қуанатынын  түсінеді.  Ата-аналар 

мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы бірлескен әрекет балаға үйде де, балабақшада да 

бірдей талап қоятын бірыңғай оқу кеңістігін құруға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі  таңда  болып  жатқан  өміріміздегі  өзгерістерге  байланысты  тәрбиеші  мен  ата-

аналардың  бала  тәрбиелеудегі  жауапкершілігі  арта  түсуде.  Балаларды  тәрбиелеудің  дұрыс 

жолын  табу  үшін  ата-аналарға  көмектесу  тәрбиешілердің  міндеті.  Ол  үшін  тәрбиеші  ата-

аналармен  жақынырақ  танысып,отбасының  әлеуметтік  жағдайын,  отбасы  мүшелерінің  бала 

тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында 

сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуына болады.  Сонымен қатар жыл бойғы жүргізілетін 

жұмыс түрлерін ата-анамен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына 

сай  өзекті  мәселелерді,  отбасы  тәрбиесіне  байланысты  тақырыптарды  өздері  ұсына  алады. 

Сонымен  қатар  ата-аналардың  ұсыныс  пікірлерімен  санаса  отырып  ата-аналарға  арналған 

әңгімелер  мен  лекциялар,  кеңестер,  сұрақ  жауап  кештері,  тәрбие  жұмысын  алмасу  жөнінде 

конференциялар,  ата-аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен  таныстыру  әдіс  тәсілдері 

қарастырылады. 




329 

 

Отбасы  мен  балабақша  арасындағы  байланысты  күшейтіп,  бағытты  жұмыс  жүргізу, 



ұйымдастырылатын  мерекелік  іс-шараларға,  ата  аналар  және  топ  жиналыстарына  ата- 

аналарды тартудың қажеттілігі 

 

Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады; 



 

Балалар маңызды жетістіктерге жете алады; 



 

Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады; 



 

Ересектер  тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі 



 

Ата-аналар  және  отбасы  мүшелері  өздерінің  бала  тәрбиелеуге,  оқытуға  қатысы  бар 



екендігін сезінеді 

  Жас  баланы  отбасында  тәрбиелеуде  халқымыздың  санғасырлар  бойы  жинақтаған 

ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  келе  жатқан  ұлттық  тәлім-тәрбиелердің,  төлтума  халық 

педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір қасиет, ар ождан, 

ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік ізеттілік, парасаттылық, тектілі қайырымдылық және т.б  

адамгершілік қасиеттер жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Сонымен бірге 

отбасында  жас  баланы  ерлікке,  жігерлікке,  батылдық  пен  батырлыққа,  сөз  бен  істің  бірлігі 

сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.  Егер ата-ана мен тәрбиеші бала тәрбиесіне тең 

дәрежеде  жауапкершілікпен  қарап,  балабақша  мен  ата-ананың  тәрбиелік  көзқарасы  бір 

деңгейде, тәрбиелеу әдіс – тәсілдері бір арнаға құйып жатса бәсекеге қабілетті шығармашыл, 

білімді тұлғаны дайындап шығар едік.  

 

 



 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.   «Бала тәрбиесі» журналы. №9 2007 ж 

2.  «Бала мен балабақша» журналы. №2 2012 ж 

3.  «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журнал №1,2010ж 

4.   «Отбасы және балабақша» журналы. №1 2013 ж 

 

 



 

ТВОРЧЕСКИЙ ПОДХОД В ПРИМЕНЕНИИ КОРРЕКЦИОННЫХ ПРИЁМОВ В 

ЛОГОПЕДИЧЕСКОЙ РАБОТЕ С ДОШКОЛЬНИКАМИ, ИМЕЮЩИМИ 

НАРУШЕНИЯ РЕЧИ 

 

 

Клевцова Е.А. 

КГКП я/с «Куаныш» 

 

 



Хорошо  развитая,  полноценная  речь  ребенка  дошкольного  возраста  является  важным 

условием успешного обучения в школе. Дошкольники с речевыми нарушениями нуждаются в 

том, чтобы систематическое комплексное коррекционное воздействие было начато как можно 

раньше.  Для  успешной  коррекционной  логопедической  работы  необходим  комплексный 

подход к обучению и коррекции речевых нарушений. С этой целью должны быть объединены 

усилия всех специалистов, а также родителей детей, имеющих нарушения речи [1]. 

В  нашем  ДУ  коррекционная  работа  осуществляется  всеми  специалистами  (логопед, 

муз.руководитель,  физинструктор,  воспитатели,  психолог,  преподаватель  ИЗО)  и  ведется  в 

следующих направлениях: 

 



 развитие общей и мелкой моторики; 

 



стимуляция работы артикуляционного аппарата; 

 



нормализация работы мимических мышц; 

 



формирование просодических компонентов речи; 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау