27
конца. Приучайте последовательно рассказывать о произошедших событиях и анализировать
их.
Общий кругозор
Многие родители думают, что чем больше слов знает ребёнок, тем более он развит. Но
это не совсем так. Сейчас дети буквально "купаются" в потоке информации, их словарный
запас увеличивается, но важно, как они ими распоряжаются.
Готовить ребёнка к школе необходимо настойчиво, умно, соблюдая меру и такт.
Тогда учение не будет мучением ни для ребёнка, ни для родителей.
Используемая литература:
1. Божович Л.И. «Личность и ее формирование в детском возрасте» М. 1968г.
2. Леоньтьев А.Н. «Деятельность, Сознание, Личность» М. 1975г.
3. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды М. 1994г.
4. Запорожец А.В. «Интеллектуальная подготовка детей к школе» //Дошкольное воспитание
1977г.№8
5. Загвоздкин В.К. «Готовность к школе» Сп.2011г.
6. Каплан Л.И. «Посеешь привычку – пожнешь характер» М. 1980г.
7. Никифорова Г.С. «Психология здоровья дошкольника» Сп.2010г.
ОТБАСЫНДА АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ
ЫҚПАЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәрбиеші: Абуова А.А.
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК
Отбасы – баланың ең жақын әлументтендіру ортасы, қатарында өмірдің мақсаты, оның
құндылықтарын біліп өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және
онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Адамзатқа өмірде ең
жақын, ең қымбат нәрсе – отбасы. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне,
Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет
есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау
алады.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты —
балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті
сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.
Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен
қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты. Адамға нағыз бақытты
— тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін
айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген
сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол
— бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан
артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік,
инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды,
үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық
даналығы. Ата — ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының
жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
28
Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз
баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар: «Екеуміз де жұмыстамыз,
кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл
дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-
қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы
жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,
біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің
үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,
тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,
дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-
түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ.
Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.Шәкәрім
атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан үстем
болатын адал еңбек, мінсіз ақыл,таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап
тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да
оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата-анамен қатар
тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар. Қазақ халқы әсіресе өмір гүлін үздіксіз егетін ананың ақ
сүтін, адал еңбегін айрықша атайды. «Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді» деп ана
арқылы өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір халық
бейнелеп білдіріп отырады.
Бұзақылықтың басы – баланың бос жүруінен басталады. Үй шаруасына қол жұмсамай
өскен бала өсе келе қолы бостығынан, зеріккендігінен үйден тыс теріс әрекетке беріледі, қисық
жолға түседі. Оған қоса кейбір ата - аналар түрлі сылтау айту салдарынан балаларын өтірік
айтуға үйретеді. Кейде сабақты жиі қалдырған балаға әртүрлі сылтауды тауып айтуды
үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда ата - ана балаға өтірік айтуды үйретіп
отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. «Жас шыбықты қалай исең, солай өседі», «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдар осыған дәлел. Сондықтан ата - ананың берген
тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескерген жөн. Бала тәрбиесі игілікті іс деп
саналады. Бала - табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр
бала басынан сипағанды, жылы сөйлегенді, аялап еркелеткенді, ертегі мен әңгіме тыңдағанды,
ойын ойнағанды ұнатады. Мұның барлығы - баланың бойындағы ересектерден ерекшеленіп
тұратын негізгі қасиеттер. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Сонымен қатар осы қасиеттерді
баланың жастайынан ата - анасы ескеріп тәрбие бергені дұрыс, ескерілмей қалған жағдайда
балалық шағынан шыққан ересектің жағымсыз қылықтары мен іс - әрекеті ата - анасына
таяқтай тиеді, баланың болашағы болмайды. Осыған қоса баланың сезімі де пәк екенін естен
шығармаған жөн, баланы періштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келеді.
Отбасында баламен қарым - қатынас жасау үшін ата - аналарға мына түрдегі кеңестерді
ескерген артық болмас деп ойлаймын.
- баланы бар қалпында сүйіп, оны бала екеніне қарамастан құрметтеу қажет;
- баламен қарым - қатынас барысында оның санасына әсер ететін құрғақ сөз емес,
керісінше сол сөздің қалай айтылғаны мен шын көңілден шыққанын ескерген жөн;
- баланың не айтқысы келетінін ата - ана түсініп алып, жауап қайтарғаны жөн, ал
асығыстық жасаған жағдайда қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- бала жасаған келеңсіз іс - әрекеті үшін ата - ана жаза қолдана білгені жөн, ол баланың
жауапкерлікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ ешуақытта баланың намысына тиіп,
қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман.
- бала жөнінде басқалар (тәрбиешілер, мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын
пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, жасаған іс - әрекетінің
себебін анықтап болған соң шешім қабылдаған жөн, жұрт алдынды балам үшін беделімді
жоғалтамын деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше өз балаңның сенімінен айырылмағаның
дұрыс;