19
таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге,
ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде
дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын
қолданудағы мақсат- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Балада танымдық
қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына,
жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған
педагогикалық
технологиялар
мен
инновациялық
құралдар
балабақшада балалардың жас ерекшелоіктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау
мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың
есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен
ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-
әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға
тқойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі
уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді
көздейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық.Тараз.2003 ж
2. Сайт бетінен Б. Жалмұқанова «Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы» атты мақаласы
3. «Қазақстан мектебі» журнал №8, 2004 жыл
4. А.К. Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы
1995г
ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ
С.Т.Абильтусупова
әдіскер
«Балбөбек» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Бүгінгі қоғамның қарқынды дамуы мектепке дейінгі білім беру жұмысын
ұйымдастыруға ерекше шарттар қойып, инновациялар енгізуді, балалармен жұмыстың жаңа
технологиялары мен жаңа әдістерін қолдануды талап етеді. Бұл жағдайда, оның негізін
педагогтардың жеке және кәсіби дамуы құрайтын, кәсіби біліктілік ұғымы аса маңызды.
Кәсіби білімге қатысты біліктілік дегеніміз – алған білім мен жинақтаған күнделікті
тәжірибені жұмыста дұрыс қолдана білу.
Бүгінгі күннің мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби біліктілігі – педагогтың
берілген бағдарламаны жүзеге асырып, ұйымның психологиялық-педагогикалық процесі
барысында туындайтын ерекше жағдайларды шешуге мүмкіндік беретін және оларды шешу
арқылы дамыту мақсаттарының нақтылануына, жетілуіне, жүзеге асырылуына ықпал ететін
өзінің жалпыадамдық, арнайы кәсіби ұстанымдары түрінде сипатталады.
Тәрбиеші мамандығы – ең күрделі де жауапты жұмыстардың бірі. Баланы тәрбиелеу
үшін мемлекет басқаруға қажеттіден де терең сана-сезім керек (2). Әр баланың тілін табу, оны
қоршаған әлеммен таныстыру, оның қабілеттерін ашуға көмектесу, қарым-қатынасқа,
20
ізгілікке, мейірімділікке, сыпайылық пен әдептілікке үйрету – тәрбиешінің алдында тұрған
мақсаттарды айтып тауысу мүмкін емес және оларды жүзеге асыру әркімнің қолынан келе
бермейтіні анық. Ол үшін балаларды өте жақсы көру, көп нәрсені білу және көп нәрсені жасай
білу қажет. Сондықтан, болашақ педагогтың кәсіби-маңызы бар қабілеттері мен жеке
қасиеттерін қалыптастыра білу аса маңызды. Әр жас адамның жеке басының ерекшеліктері
және қоғамның ертеңі бүгінгі жастарда қалыптастырылған адамгершілік құндылықтарына
байланысты. Демек, педагогикалық мекемелердің әлеуметтік маңызы да зор. Мектепке дейінгі
білім беру ұйымының жұмысы шығармашылық негізінде қаланып, басшылық қолдайтын
дәстүрден тыс педагогикалық идеяларды жүзеге асыру процесімен бірге алға жүруі қажет.
Бүгінгі күннің технологиялары тәрбиешіден бала психологиясын жетік білуді, оқыту әдістерін
таңдауда және оларды жұмыста қолдануда аса саналық танытуды талап етеді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының міндеттерінің бірі – болашақ мұғалімдер мен
тәрбиешілерде кәсіби-маңызы бар қабілеттер мен жеке бастарының қасиеттерін
қалыптастыру. Ұстаз мамандығын таңдаған студенттің дұрыс азаматтық ұстанымы,
педагогикалық этикасы, жоғары адамгершілігі, кәсіби намыс сезімі, өз жұмысының сапасы
үшін әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек.
Заман педагогтың біліктілігіне жаңа талаптар қоюда. Ол келесі бағыттар бойынша
жұмыстың ұйымдастырылуы мен мазмұны мәселелерінде білікті болуы қажет:
тәрбиелеу-білім беру;
оқыту-әдістемелік;
әлеуметтік-педагогикалық.
Тәрбиелеу-білім беру жұмысы біліктіліктің келесі бағалымдарын көздейді: біртұтас
педагогикалық процесті жүзеге асыру; дамытатын орта қалыптастыру; балалардың өмірлері
мен денсаулықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
Бұл бағалымдар педагогтың біліктілігінің келесі көрсеткіштерімен нығайтылады: мектеп
жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын,
принциптерін, нысандарын, әдістерін және құралдарын білу.
Тәрбиешінің
оқыту-әдістемелік
жұмысы
біліктіліктің
келесі
бағалымдарын
қарастырады: тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлау; қол жеткізілген нәтижелерге жасалған
талдау негізінде педагогикалық жұмысты жобалау. Бұл бағалымдар келесі көрсеткіштермен
нығайтылады: білім беру бағдарламасын жетік игеру және балалардың іс-қимылдарын дамыту
әдістемесін меңгеру; біртұтас педагогикалық процесті жобалап, жоспарлай алу; зерттеу,
педагогикалық мониторинг, балаларды тәрбиелеу және оқыту технологияларын жүзеге асыра
білу.
Сонымен қатар, тәрбиеші әр бағыттың мазмұнын біріктіріп, байытып, кеңейте отырып,
баланың тұтас қабылдау қабілетін қалыптастыруға ұмтылуы қажет. Басқа сөзбен айтқанда,
білікті педагог баланы тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына сәйкес берілетін білімнің
мазмұнында барлық сабақтардың, іс-шаралардың өзара байланысты болуын қамтамасыз етуі
керек.
Педагогтың әлеуметтік-педагогикалық жұмысы біліктіліктің келесі бағалымдарын
қарастырады: ата-аналарға кеңес беру; балаларды әлеуметтендіруге қажетті орта
қалыптастыру; балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау. Бұл бағалымдар келесі
көрсеткіштермен нығайтылады: балалардың құқықтары және ересек адамдардың балаларға
қатысты міндеттері туралы негізгі құжаттарды білу; ата-аналармен, мектепке дейінгі ұйымның
мамандарымен түсіндіру-педагогикалық жұмысты жүргізе білу. Ұйым мамандарының
(музыкалық жетекші, дене тәрбиесі мұғалімі, изостудия педагогы) жұмыстары балалардың
белгілі бір салада үйренген дағдыларын басқа салада қолдануға мүмкіндік берумен қатар,
баланың күнделікті өмірін байытып, оны неғұрлым саналы етіп, өзінің жинақтаған ұғымдарын
басқа жағдайларда қолдану ұмтылысын дамытады.
Бүгінгі күннің талаптарын басшылыққа ала отырып, педагогтың кәсіби біліктілігін
дамытудың негізгі жолдарын анықтауға болады:
- әдістемелік бірлестіктердегі, шығармашылық топтардағы жұмыс;