289
отырған.Алқашқыда балалар үлкендердің көмегімен,кейін біртіндеп тәртібін өзгерте
келе,сөздерін өздері шығарып, айта бастаған.Бұл ретте баланың білегін,алақанын,саусақтарын
ұстап,түрлі қимылдар жасап,арасында қытықтап отырудың мәні зор.Оларға: « Саусақ санау»,
«Бес саусақ», « Қуырмаш» т.б ж.
Саусақ санау.
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе есік аш,
Қасқыр келсе мықтап бас.
Мына жерде қой бар
Мына жерде ешкі бар,
Мына жерде сиыр бар
Мына жерде жылқы бар,
Мына жерде күлкі бар
Қытық, Қытық.
Сонымен қатар мектеп алды даярлық топтарында бірнеше суреттерді жинақтай
отырып,ол қай әріптен басталғаны жайлы түсіндіріп,сурет арқылы байланыстырса жане
өлеңді ұйқастыра білсе, бала түсінігі қалыптаса түседі. Мысалы:
Үлпілдеген үкісі бар,
Үміттін үлбіреген үнін қалай ұмыттың?
Жаңылтпаш-қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады.Оның атқарар қызметі аз
емес.Олар көбіне баланың ұғымын,түсінігін,дүниетанымын кеңейте түседі.Жаңылтпаштар
баланың тілін ұштай түсіп,оның кекештенбей,тұтықпай,еркін,жатық,асықпай,қысылмай
сөйлеуіне көмектеседі.Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі.Сөздерді шапшаңдата
тез-тез айтуы тиіс,баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.Мысалы:
1.Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
2.Қай тай лақтай,
Қай лақ тайлақтай.
3.Тебіншек ат- шегіншек,
Шегіншек ат- тебіншек.
Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан
қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы:
1.Тарпаң-тарпаң тарбиған
Түрі жаман жарбиған ( бақа )
2.Асты тас
Үсті тас,
Ортасында жанды бас ( тасбақа)
3.Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты
Ашуланса аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты ( кірпі шешен)
4.Жол үстінде қу азық,
Мергеншіге жол азық ( қоян)
5. Тұмсығы қашау,
Кәсібі ұя жасау
Зиянкестерді асау (тоқылдақ)
6.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне банет алмас пышақ
Тұмсығы имен,көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады (үкі).
290
Қиялдай білу арқылы ой-өрісі,дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа,тілін
дамытуда басты құрал болып табылады.Мақал- мәтелдерде халықтың ой-санасы, ақыл өнегесі
көрініс тапқан ойдың дәлдігімен, тереңдігімен сипатталуы мақалдарда тиянақты, тұжырымды
ой айтылады.Құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе
береді.Тақырыптары да әр алуан.Отан,ерлік,өнер-білім,ер-жер т.б. Мысалы:
1.Ақыл жастан,асыл тастан.
2.Елін сүйген ер болар
3.Отан от басынан басталады.
4.Ел іші өнер кеніші
5.Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Балаларға мақалдарды үйрете отырып, мағыналарын ашқызу, түсіндіру талап
етіледі.Мұнда балаға беретін тәрбие тілін дамытатын нәрсе терең ойды аядай қалыпқа
сыйғызып, мағынасын ашады.Тоғыз ауыз сөздін тобықтай түйінін жинақтап,қорытып
береді.Ертегілер арқылы,оның ішінде қиял-ғажап, тұрмыс-салт, батырлар туралы ертегілердің
мағынасы өте зор.
«Ұшқыш кілем», «Қасқыр мен ешкі», «Бауырсақ» сияқты ертегілер қара сөзбен айтылса
да, балаларға өте түсінікті, тілмен жазылып, көз алдына елестету арқылы, арасында сұрақ қою
арқылы тілдік қорлары дами түседі.
Тілді дамытудың соңғы нәтижесі, ол – ең кереметтің, күштінің және қиынның көрінісі,
яғни адам өз тілінің, өзінің байланыстырып сөйлеу тілінің жемісі болып саналады.
Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай
ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы
меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады.
Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың
дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы мен тілінің дамуына
кері әсерін тигізеді. Ал ата – аналар мен тәрбиешілердің балаларға үлгі болатындай дұрыс
бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты болып табылады.
Балалармен оқып – талдайтын әдеби шығармаларды іріктеуде де белгілі бір мақсатты
көздеу керек. Шығармалар мазмұны негізінде әсерлі, ойнақы, танымдық дүниелер және
балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас тәжірибесін байыта түсетін мағлұматтар болуы
назарға алынған. Шығарма мазмұны арқылы әр баланың тілдік белсенділігін қолдап, сабақта
бала өзінің неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, өзінің тілдік тәжірибесін жасауына
жағдай туғызу қажет.
Бүлдіршіндерді өзіндік тілдік тәжірибе жинау мақсатында біз картинаны қарастыруды
және сол картина бойынша шығармашылықты әңгіме құруды алдық.
Картина бойынша әңгіме құру – бір көзбен қарағанда оп – оңай сияқты.Бірақта бұл жерде
баланың осы кезге дейін жинаған білімінің жемісі екенін ұмытпауымыз керек. Бұл мәселені
біз тек осы картинаны қарастырумен ғана байланыстырып отырған жоқпыз. Байланыстырып
сөйлеу күнделікті өмірінде де қажет екенін білеміз. Жалпыға міндетті білім беру стандартында
мынадай мақсат көзделген – балаларды «өз ойларын және сезімдерін саналы түрде әрбір
тыңдаушы мен баға берушіге ұғынықты болатындай, олардың ой мен сезім – ықыластарын
көрсете алатындай» жағдай жасау. Ендеше картина бойынша әңгіме құру әр баланың мінез
құлқының / тұйық, ұялшақ, ширақ/, білімін көрсетер кезі деседе болады.
« Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп,ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің
басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік
қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам
басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін,халқымыз ауыз әдебиеті арқылы
бойларына қалыптастыра білген.Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады.
Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді.Сондықтанда
балалардың тілін дамытуда ерінбей ата-ана тарапынанда педагогтар тарапынан да бірдей
қолдау тапса бір үлкен нәтижеге жетуге болады.