305
рабочее место, и важно, чтобы он к этому был приучен. Нужно уже в детском саду развивать
у каждого
трудовые навыки, приучать начинать работу лишь тогда, когда все приготовил.
Рисование, лепка как продуктивные виды деятельности имеют неоценимое значение для
подготовки детей к школе. В этих видах деятельности у детей формируются те качества
всесторонне развитой личности, которые необходимы для последующего обучения в школе.
Следует подчеркнуть, что обеспечить всестороннее развитие личности ребенка-
дошкольника можно лишь в том случае, если внимание педагога будет направлено на решение
этой задачи, если будет выполняться программа обучения изобразительной деятельности,
использоваться правильная и разнообразная методика.
Таким образом, в процессе изобразительной деятельности осуществляются различные
стороны воспитания: сенсорное, умственное, эстетическое, нравственное и трудовое.
Основное значение эта деятельность имеет для эстетического воспитания; важна она и для
подготовки детей к школе.
Используемая литература:
Государственный общеобразовательный стандарт образования РК, Астана 2012 г.
Программа «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ»,Астана, 2009 г.
Программа «ЗЕРЕК БАЛА», РЦ Дошкольное детство», 2009 г
Архарова Н.В. Развитие творческого воображения у детей через нетрадиционные способы
рисования. – Мосальск, «Воспитатель года», 2006. – 30 с.
Иванникова С.В. Педагогические условия развития детского изобразительного творчества
Дошкольное и начальное образование на пороге третьего тысячелетия: Герценовские чтения.
- СПб.: РГПУ им. А.И. Герцена, 1999. - С.112-113.
Казакова Р.Г., Сайганова Т.И. Рисование с детьми дошкольного возраста: Нетрадиционные
техники,
планирование, конспекты занятий. – М.: Сфера, 2005. – 155с.
БАЛАНЫ ТЫҢДАУҒА ҮЙРЕТУ
Камелхан Ү., Жаксыбекова М., «Ертөстік» балабақшасы
Күні бойы ары-бері жүгіріп, секіріп, айтқаныңды тыңдамаған балаға әдетте ата-анасы
«мүлде тыңдамайды», «барлығын ашуымды келтіру үшін жасайды», «айтқаныма көнбейді»
деп шағымданып жатады. Кейде тіпті «баланы туғаныңмен, мінезін тумайсың, қырсық» деген
сөздерді естисің. Әрине мұндай жағдайда ата-ана алдымен сабырлық сақтап, он ойланып, жүз
толғанып балаңыздың жүрегін жаралап алмайтындай, әрі балаңыздың да өзіңізге де қолайлы
жолды таба білген дұрыс болар.
Кейде тіпті ересек адамның өзі бойындағы сезімін, басына түскен күйді бірден түсіне
алмай жатады. Ересектердің өзі тұғырыққа тіреліп жатқанда, баладан не сұрай аласыз? Бала
бойындағы қызу қанды энергияны қандайда бір жолмен сыртқа шығаруы қажет қой. Осындай
сәтте бала сіздің айтқаныңызға көнбей өзінің қалағанын жасауға тырысады. Мұндайда ата-ата
байбаламға бой бермей, баласымен тіл табыса алатындай бейбіт жолды іздестіруі қажет. Ал
егер тығырыққа тіреліп жатсаңыз, біз ұсынған ақыл-кеңестер бір қадеңізге жарар.
Әдетте «жоқ» сөзін сирек қолданған сайын, оны айтқан сәтте өтімдірек болады.
Баласымен серуенге шыққан ата-ананың «қатты жүгірме- құлайсың», «күшік-мысыққа жолама
бірнәрсесі жұғар», «шалшық суды баспа» деп мәре-сәре болып жатқан күйін байқаған
боларсыз. Сонда не істеуге болады, екі-үш жасар баланы «ананы болмайды, мынаны
болмайды» мен ұстап көріңізші! Бұл мүлде мүмкін емес! Егер мұндай тыйым салулар үйде де
306
болса, бала қанша қаласа да бұл шектеуге бағына қоймас. Нәтижесінде балаңыз тіл алмайтын
болады. Бұдан шығар жолдың бірі, ата-ана «болмайды» деген тыйымдардың нақты 10-н
таңдасын. Оны балаға түсінікті тілмен анық жеткізіңіз. Мұндай өзіндік «қағиданы» бұзған
үшін жазаның түрінде бірге таңдаңыз және сезімге беріліп кетпей сол қағиданы ұстануға
тырысыңыз. Әрине көптеген шектеулердің арасынан таңдау жасау оңай болмас, уақыт өте
олардың қатарынан өмір және қарым-қатынас үшін кадеге жарары қалатын болады. Мысалы,
«бейтаныс адаммен кетуге болмайды», «бірден жұдырықтаса кетуге болмайды» деген сияқты.
Ата-ананың талабы баланың мүмкіндігіне, оның түсінігіне сәйкес болуы керек.
Айтқаныңа құлақ салар деген төрт жасар баланың өзі бір сағат бойы тыныш отыра алмайды,
сондықтанда ұзақ сонар кезекте тұрған сәтте жаныңызда балаңыз болса, оның назарын аударар
кітаптарын, ойыншықтарын ала жүріңіз. Әрі өзіңіздің талаптарыңызды ойын түрінде беруге
тырысыңыз. Бала 10-айынан бастап қарапайым нұсқауларды түсіне бастайды, бірақ оның
жады әлі де болса әлсіздеу. Ол игерген ережені ұзаққа ұстана алмайды. Әрі бала - қызуқанды,
тежеусіз, күшті. Бәрін білсем деген құмарлық оны алға жетелейді, ал әлсіз дамыған ерік-жігер
тыйым салуларды ұстануға мүмкіндік бермейді. Сондықтанда мектепке дейінгі жастағы
балаға нені болады, ал нені болмайтындығын үнемі есіне салып отыруы керек.
Балаңыз сіздің талаптарыңызды тыңдап, бағынуы, ол талаптарыңыз оның өмірлік
ұстанымына айналуы үшін, бала алдымен сіздің талаптарыңыздың мәнін түсіну қажет. Осыған
сәйкес қарапайым түсініктеме беру керек. Балаға «ыстық пешті ұстама» деп айту жеткіліксіз,
ең дұрысы: «пештің жанына жақындама, ол өте ыстық, күйіп қалуың мүмкін» деп айтқан жөн
болар. Айғай-шуға салып, ойынға кіріскен балаңызға тыныштықта адамдарға ойлау, есте
сақтау, бір-бірімен тілдесу жеңілдірек болады екендігін түсіндіріңіз. Әрі ережені түсіндіруде
«болмайды» дегенге көп бой бермей, әр нәрсені қолайлы, жақсы, оңтайлы жағынан түсіндіруге
тырысыңыз.
Әр балаға нақты бір шектеулер қажет екендігі белгілі. Балалық кезеңде сәби «жақсы»
және «жаман» түсінігін, өмірдегі қағидаларды өзіне маңызды ретінде меңгере білуі қажет.
Дегенменде белгілі бір ережелерді орындауды талап ету қиынырақ, өз балаңа «болмайды» деп
айтуға қиналамыз- көбіне баламыздың жүрегін жаралап аламыз ба деп ойлаймыз. Ересек
адамдар көп жағдайда әділетті бола бермейді: шешім қабылдар кезде біздер, ересектер бір
нәрсені қате жасап қоямыз ба деп, мың ойланып, жүз толғансақта, тәуекелге бел буамыз. Кейде
ата-аналар балаларының арасына түскенде анық-қанығына зер салмай, біреуін жақтап жатады.
Сондықтанда барлығын ой таразысынан өткізіп алыңыз, бәрін бірден шорт кеспеңіз. Өзіңізді
ұстау тактикасын анықтап алған кезде, өз-өзіңізге сенімді түрде, балаңыздан талап
еткеніңіздің жүзеге асыруына қол жеткізіңіз. Балалар ата-анасының бойындағы өз-өзіне деген
сенімсіздікті, күдіктенуді, жалғандықты бірден сезіп қояды. Мұндай жағдайда бала өзінің
дегеніне қол жеткізбей қоймайды. Бұл кезде баланың дегеніне көне кету оның келесі жолы
сіздің беріктілігіңізді тағы да бір сынауына әкелуі мүмкін. Сондықтанда балаңыздың өтінішіне
нақты түрде «жоқ» деп айтқан кезде, қатаң мінез танытыңыз.
Сіз бір нәрсені талап еткенде немесе тыйым салған кезде, баланың бір жаста ма, екі де
әлде үште екендігі маңызды емес. Талап етер кезде балаңызды өзіңізге қарама-қарсы
отырғызыңыз да көзіне тіке қараңыз, бұл әрекет сіздің сөзіңізге басымдылық береді. Егерде
сіз тіке қарамасаңыз, сізді ешкім тыңдап отырған жоқ. Сіз сөйлегенде біреулер жанарын басқа
нәрсеге қадап отырса, әңгімеңіздің қаншалықты өтімді боларын ойлап көріңізші! Біраз
уақыттан соң қарсы отырған адам сізге мүлде құлақ аспай отырғанын ұғасыз. Ал баланың көз
жанарын өзіңізге аудару арқылы сіз балаңызға сіздің сөздеріңізге назар аударуына
көмектесесіз. Сондықтанда басқа бөлмеде отырып, «аяқ киіміңді шеш» деп айғалағанмен
ештеңеге қол жеткізе алмайсыз, өйткені бала сіздің естіп тұрмағандай түр танытуы мүмкін.
Бала айтқанға мүлде көнбей бара жатса, беске дейін немесе онға дейін санаймын деп
уақыт беріңіз. Егерде онға дейін санаған уақытта балаңыз құлақ салмаса, онда қандайда бір
жаза қолданыңыз. Бұл тәсілді 2-жастан асқан балаларға қолдану тиімдірек.