Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет32/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   363

65 

 

шешуге зор көңіл бөлінеді. Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-



өздеріне  қызмет  етуге  үйрету,  бір-біріне  кедергі  жасамай  еңбек  етуге  үйрету.  Педагог 

балаларға  олардың  орындап  жаткан  ісінің  ұжым  үшін  маңызды  екенін  ұғындырады,  өз 

жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп 

тәрбиелейді.  Ол  кезекшілерге  өзінің  көмекшілері  ретіңде  қарайды,  міндеттерін  уақтылы 

орындағаны  үшін  алғыс  айтады,  барлық  балаларды  кезекшілердің  еңбегін  құрметтеуді 

үйретеді.  Кезекшілер  жұмысының  сапасына,  оның  уақтылы  орындалуына,  өзін-өзі 

ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік 

көрсетуге,  қойылған  талаптарды  саналылықпен  орындайтын  болуға  тиіс.Ересек  топта 

балалардың ұжымдық еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ 

бөлмесін  немесе  ауланы  жинау,  бақшаны,  гүлзарды  үлкендер  көмегімен  суару,  егін  өнімін, 

ұрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т.б. Әдетте ауладағы ұжымдық еңбек 

серуен  кезінде,  ал  топ  бөлмесінде  —  күннің  екінші  жартысында  ұйымдастырылады. 

Үлкендердің  еңбегінің  және  еңбектің  қажеттілігі  жөнінде  түсінік  беру.  Балаларды  алдына 

мақсат  қоя  білуге,  оған  жетуге  үйрету  жұмыс  істеу  мәдениетін  қалыптастыру.  Арнайы 

жабдықтарды  дұрыс  пайдалану,  қадірлеу,  қайта  орнына  қою,  бір-біріне  көмек  көрсетуге 

тәрбиелеу.  Балаларды  жұмысты  бастап  оны  аяғына  дейін  жеткізуге  тәрбиелеу.Тәрбиеші 

балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, 

олардың әрқайсысына белгілі бір тапсырма береді. Ұжымдық еңбектің мазмұнын белгілеген 

кезде, ол жұмыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес екенін, оларды қалай бөлісу 

керек екенін ескереді. Қажет болған ретте ол мектеп жасына дейінгі балалардың өзара келісіп 

алуына көмектеседі.  

 

Жұмыстың мақсаты: 

 

мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін үйрету; 



 

балаларды еңбек түрлерімен және кәсіптермен таныстыру; 

 

ұжымдық еңбекті татулықпен ұйымдастырып атқаруға үйрету; 



 

еңбектің  әр  түріне  баланың  қызығушылығын  ояту,  ұжымда  еңбек  етуде 

белсенділік, ынта ықыласын көрсетуді қолдау; 

 

өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін тудыру



Жұмыстың міндеттері: 

 

балаларды еңбекке тәрбиелеу; 



 

балаларды еңбекті сүюді үйрету; 

 

еңбекке қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудыру



 

өз-өзіне  қызмет  етуі,балабақшада  және  отбасында  еңбекке  араласу,  яғни 

үлкендерге көмектесу; 

Балалабақшадағы  еңбекке  тәрбиелеу  кезінде  көркем  шығармалар  мен  ертегілердің  де 

маңызы зор. Ертегі, әңгімелердің кейіпкерлері арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіру. 

Үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу. Мысалы: «Бір уыс мақта», «Бұзау бақтым», «Көйлекті 

маған  кім  берді?»,  «Қайдан  келдің,  бауырсақ?»  деген  әңгімелер  арқылы  барлық  заттардың 

еңбекпен келетіндігін түсіндіру.  

Гүл өсірсең терлеп, 

Бұның аты – еңбек. 

Кесте тіксең зерлеп

Бұның аты - еңбек. 

Қиындықтың бәрін 

Еңбек қана жеңбек, деген өлең жолдарын айта отырып болашақ біздің ізбасарларымыз 

жас жеткіншектерге «Еңбек түбі – береке», «Еңбек ер атандырады», «Еңбектің наны тәтті, 

жалқаудың жаны тәтті» екенін айтқым келеді. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 




66 

 

1.   «Отбасы және балабақша» 



2.  «Балбөбек» бағдарламасы 

3.  «Воспитание в труде» А.С. Макаренко 

4.  «Воспитание интереса к труду» А.К. Бондаренко 

 

 



 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚАЗІРГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

ЖҮЙЕСІ» 

 

 



Алишева Г.С 

«№36 жалпы білім беретін орта мектебі» 

жанындағы шағын орталық 

 

 

«Технология» - латынның «техне»-өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»-ғылым деген 

сөзінен шыққан. 60-70-жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология 

деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды: 

-  практикада  іске  асырылатын  белгігі  бір  педагогикалық  жүйенің  жобасы 

(В.А.Беспалыо); 

-  педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім 

амалдары  мен  әдіснамалық  құралдарының  жүйелі  жиьнтығы  және  жүмыс  істеу  реті 

(М.В.Кларин); 

-  оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, амалдарының, тәрбие қүралдарының 

әлеуметтік  жиыны  мен  бірлігін  анықтайтын  психологиялық-педагогикалық  нұскаулардың 

жиынтығы (Б.ТЛихачев); 

-  балаға  педагогтың  шынайы  өзара  әрекетін  қамтамасыз  етеін  қолданбалы  ғылыми 

педагогикалық пән (Н.Е.Щуркова); 

-  қойылған  мақсатка  сәйкес  білімді,  білікті,  дағдыны  және  қатынасты  құрастыру, 

калыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны (А.К.Колеченко); 

-  педагогикалық  технология  -  оқу-тәрбие  процесінің  шығармашылықпен  терең 

ойластырылған  көптеген  факторлардың  үйлесімділігін,  оқыту  мен  тәрбиенің  тиімділігін 

камтамасыз ететін жанды кұрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б. 

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  қазіргі  жаңа  технологиялар  жүйесінің  бір  түрі  ойын 

технологиясы.  Ойын  мәнділігі  нәтижесінде  емес,  процестің  өзінде  болып  табылатын  іс-

әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл-ой 

қалыптастыруға  бағытталған  әсерімен  дамитыны  мойындалған.  Бүл  ойын  арқылы  баланың 

барлық  қабілеттерінің  дамуына,  күрбыларымен  дұрыс  қарым-қатынас  орнатуына  жағдай 

жасалатынын  дәлелдейді.  Ойын  технологиясын  оқыту  процесінде  пайдалану  баланың 

қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады. 

Сөйтіп,  ойын  технологиялары  дегеніміз  баланың  қалыпты  дамуына  эсер  етіп,  оның 

шығармашылық  қабілетін,  танымдық  белсенділігін  арттыратын  педагогикалық  процесті 

үйымдастыру формаларының бірі болып табылады. 

Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі 

өзегін құрайды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді. 

Оқу  іс-әрекеті  түрғысынан  алып  қарағанда,  жалпы  оқу  интеллектуальдық  біліктерінің 

маңызды, мәнді блоктарына мыналар жатады (Н.Я. Чутко): 

1-ші  блок  -  бақылау,  тыңдау,  оқу  -  іс-әрекетінің  ақпараттық-бағдарлық  қызметін 

қамтамасыз  ететін  және  оқушыларға  әртүрлі  ақпарат  көздерінен  алынған  білімді  оқу 

міндеттеріне сәйкес қабылдауға көмектесетін біліктер; 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау