Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет31/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   363

63 

 

сөздердің  тәрбиелік  мәнін  әр  кез  есте  ұстаған.  Соның  бірнешеуі  –жаңылтпаш  айтқызумен 



қатар қарапайым халық ауыз ертегілерін тыңдатып бір- екі ауыз сөзбен ертегіні әңгімелеті.  

Тілі жаңа шығып, сөздік қоры енді молая бастаған кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай 

қиналады.  Мұндайда  оның  тілінің  мүкістігін  жою  үшін  үлкендер  бала  қиыналып  айта 

алмайтын  дыбыстары  бар  сөзді  жиі  –  жиі  жаңылыстырмай  айтып  жаттықтырса,  кейін  ол 

мүдірмей  сөйлейтін  және  өз  ойын  толық  жеткізе  алатын  болады.  Жаңылтпашты  жаттап 

жаттығу  арқылы  бала  ана  тілін  жетік  біліп  өседі.  Балабақшадағы      баланың  тілдік  анық 

сөйлеуін сауатты дамытуда жаңылтпашты пайдалану дәстүрі, ең тиімді тәсіл. Жаңылтпаштың 

мақал-мәтел сияқты терең мағынасы болса да оның астында әзіл-қалжың ойын бар. Сондықтан 

жаңылтпашпен  ертегілерді  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  кеңінен  пайдаланған  жөн. 

Балаларға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Алдымен бала 

үлкендердің  айтқан  жаңылтпаштарын  жаңылыспай  тез-тез  айтуға  үйрену  керек.  Екіншіден, 

бірнеше  балаға  жарыстыра  айтқызуға  да  болады.  Қазақ  балалар  әдебиетінің  атасы  Ыбырай 

Алтынсарин  балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде ауыз әдбиеті шығармашылығының маңызды 

орын  алатынын  айта  келіп:  «Өмірге  қажетті  ауызекі  сөйлеу  дағдыларына  жаттықпайынша, 

қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес»- деген болатын.  

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың 

ой-өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті 

педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» баланың тілі дамыту, ауыз 

екі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне 

назар аударады. Өйткені  баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл 

болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімін, ой-өрісін жетіле түсуіне негіз болады.  

Сөйлеу    қоры  молая  бастаған    сайын  бала  айналадағы  адамдармен,  құрбылас  балалармен 

белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі әрекет жайын білуге ұмтылады. 

Өзі  түсінген  түрлі  жайттар  жайлы  әңгімелейтін  болады.  Өз  ойын  толық  жеткізе  алатын 

болады.  

Баланың  өмірлік  тәжірибесін  дамыту,  айналадағы  дүниеден  алған  әсерін  әрі  қарай 

кеңейте  отырып,  бір  арнаға  түсіру  балабақшада  арнайы  дүниеден  алған  әсерін  әрі  қарай 

кеңейте  отырып,  өтетін  сабақ,  ойын,  еңбек  процестерінде  тәрбиешінің  басшылығымен  іске 

асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару қажет. Сәбит 

Мұқанов «Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден ерекше көңіл бөлген. Сондықтан да «Өнер 

алды – қызыл тіл»,- дейді. 

Баланың  сөздігі  балаларды  бақылау  негізінде,  нақтылы,  көрнекі  матералдарға  сүйене 

жүргізіледі. 

-  әңгімелесу,  әңгіме  құрастыру  (өзі  қарап  білген  жайттар  туралы,  сурет  мазмұнын, 

оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету). 

- сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол  үшін балаға таныс  және таныс емес заттарды 

көрсетіп сұрау, әңгімелесу.  

-  балаға  бірнеше    таныс  заттар  мен  ойыншықтарды  көрсетіп  (суреттен  немесе  заттың 

өзін) сұрап, түр-түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.   

   Міне, ерте кезде-ақ, оқу-тоқу жоқ заманның кезінен атам қазақ баласына, аңыз әңгіме, 

ойдан  құрап  ертегі,  қуырмаш  айтып  беруден  жалықпаған.  Ауыз  әдебиет  осылайша  өмірге 

келіп, бірте-бірте дамыған. Сол кездері айтылған өсиет сөздер мен тыйым сөздердің балаға 

берер  тәрбиесі  үлкен  мағынаға  ие.  Әлі  кезге  дейін  айтылып  келе  жатқан  қуырмаштар, 

жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  аңыз  әңгімелер  біздің  ұрпақтарымыздың  тіл  байлығын 

жетілдіруге зор қызмет жасап келетіні рас. Үміт артқан ұрпақтардан болашақ еліміздің небір 

шешен,  көреген,  суырып  салма  ақындары  шығатынына  сенімдіміз.  Жаңылтпашты 

жаттатқызбастан бұрын ең қарапайым жеңіл түрінен бастап, бірте-бірте күрделендірсе бала 

тез  айтып,  шапшаң  болуды  үйренеді.  Сол  сияқты  ертегіні  оқып  бермес  бұрын  балаға  тез 

ұғынықты және де мазмұны жағынан қысқасын таңдап біртіндеп күрделендіру қажет.   

 

 




64 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Отбасы және балабақша журналы., 2012ж  №2 

2.  Тілашар. Логопед журналы.,  2011ж №5 

3.  Воспитание и обучение детей с нарушениями развития., 2008ж №6   

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ 

 

 

Алиленова Н.К, Рүстембекова Т.Д. 

№68  мектеп-интернат-балабақша кешені 

 

 

 «Адамды - адам еткен еңбек». Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия, яғни күшіміз, осы 

күшті  пайдаланудың  өзі  еңбек.  Адамдар  еңбек  ету  арқылы  көптеген  жетістіктерге  жетеді. 

Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның 

еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам 

қажеттілігі  —  жас  ұрпақтың  бойында  еңбекке  ынталандыруды  тәрбиелеу,  болашақ  еңбек 

жолын дұрыс таңдауға баулу.  Баланың жеке  басының еңбекке бейім болып өсуі  оны еңбек 

тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір 

мағлұматтар  беріп  қана  қоймай,  қайта  саналы  еңбекке  деген  ынтасын  арттыра  түсуі  керек, 

мұнысыз  оның  өмірі  ардақты  да,  бақытты  да  бола  алмайды.  Кейбір  жағдайдың,  әсіресе 

адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы 

өсіп  те,  өшіп  те  қалуымүмкін,  сондықтан  баланы  мектепке  дейінгі  кезеңде  ұқыптылықпен 

баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс. 

Мектепке  дейінгі  жас  —  негізінен  ойын  кезеңі  болғандықтан,  еңбектің  бала  өмірінен 

алатын  орны  тым  аз.  Әдетте  еңбек  әрекетінің  қарапайым  элементтері  көрініс  тауып,  бірте-

бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.Баланы ойын арқылы да еңбекке 

баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.  

Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде 

жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, 

ойынына  мән  беру  керек.  Егер  дұрыс  емес  екеніне  көз  жеткізсеңіз,  дұрыс  жолға  бағыттау 

керек.  Бала  ойын  ойнағанда  үлкендерден  немесе  теледидардан  көргендерін  қайталайды. 

Өйткені, ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің 

айқын  дәлелі.  Баланың  ойыны  арқылы  отбасындағы  беріп  жатқан  тәрбиенің  қандай  екенін 

аңғаруға  болады  және  қандай  мамандық  иесі  екенін  білуге  болады.  Сондықтан  баланың 

көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі 

қажет.  Сондай-ақ  баланы  еңбекке  баулу  арқылы  адамгершілікке,  мейірімділікке  тәрбиелеу 

болып есептеледі.  

Мысалы:  Жерде  жатқан  нанды  алып  қоюы,  киімін  күтіп  киюі  -  бәрі  адамгершілікке, 

үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі. 

Н.  К.  Крупская  мен  А.  С.  Макаренко  баланың  мінез-құлқындағы  еңбекке  бағыт  алу 

мектептен бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып 

ұйымдастырылған  еңбек  тәрбиесі  арқылы  дұрыс  әрекет  жасап,  қоршаған  орта  жайында 

алғашқы  мағлұматтар  алып,  айналадағының  бәріне  қызыға  қарайды,  еңбекті  жақсы  көруге 

әдеттенеді.Еңбек  балалардың  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеумен  қатар  анализаторларын 

(көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді. Қазіргі физиология ғылымы 

еңбек  әрекетінде  бала  ағзасы  дамуының  ішкі  механизмін  аша  келіп,  баланың  денесі  мен 

психологиясының  дамуындағы  бірлікті  негіздейді.  Бұлшықет  қимылының  бала  денесі  мен 

ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке 

дейінгі  балалардың  еңбек  қызметін  ұйымдастыруда  адамгершілік  тәрбиесі  міндеттерін 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау