634
әрекет теудің ең жақсы әдісін өз бетінше таңдап алу қабілетін қалыптасрыады. Бытыраңқы,
тез қимылдап келе жатқан балалардың арасында баланың бағдар ұстай білуі өте маңызды.
Ойын кезеңінің үздіксіз өзгеруіне орай, қас – қағым сәттік сезімнің қажеттілігіне байланысты
неғұрлым күрделі болады. Алайда, ойындарды қайталау сәтінде есте сақтағыштығы жақсы
жетілген ойыншылар бұл дағдыны ойдағыдай игереді.
Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтік адамгершілікке тәрбиелеу адамдармен өзара
қарым-қатынаста дұрыс бағдар беруге, дұрыс іс-әрекеттер мен әдет-дағдылар туралы,
керісінше, жарамсыз мінез-құлық туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастыруға
бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды әлеуметтік адамгершілікке тәрбиелеудің
міндеттері:
- Балалардың жақын адамдарына, үлкендерге, құрбыларына жақсы
қарым-қатынасын дамыту, айналасындағыларға жағымды қарым-
қатынастың тууына ықпал ету, ата-анасына сүйіспеншілігін,
тәрбиеші мен құрбыларына жақын болуы, т.б.
-
Жақын адамдарының, құрбыларының ертегі кейіпкерлерінің, жағдайларына
қайрымдылық сезімін ояту, аяушылық білдіру, аймалау, жағымды сөздер айту, жұбату т.б.
-
Мәдени мінез құлық пен қарым-қатынастың қарапайым ережелерін орындауға
үйрету, үлкендердің үйретуі бойынша сыпайы сөздермен: «рахмет», «жарайды», «сәлеметсіз
бе?», «қайырлы түн», ал өтінішін жайлы үнмен жеткізу т.б.
-
Мәдени гигиеналық дағдыларды игеруге дұрыс көңіл бөлуге тәрбиелеу, өзін-өзі
қамтамасыз етуде дербестігін дамыту.
-
Балаларды балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда мәдени құлық ережесіне
сәйкес өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
-
Балалардың айналасындағыларға қарым-қатынастың адамгершілік нормалары
жөнінде көз қарасын қалыптастыру, жақсылық ойлау, әділдік, шыншылдық т.б.
-
Адал сезімге тәрбиелеу нақтылыққа, сезімталдыққа, әділеттікке т.б.
-
Бейтаныс құрбыларымен, үлкендермен жақсы қатынаста болуға үйрету.
-
Баланың өзінің аты-жөнін, тегін, мекен жайын, ата-анасының, жанұяның басқа
мүшелерінің аты-жөнін білуі, «ат», «жас», « ата – ана», « жанұя» деген сөздердің мағынасын
түсіне білгені жөн.
-
Жолда жүру ережесінің кейбіреулерімен таныстыру керек, көшеден өткенде
үлкендермен бірге, арнайы өтетін жерден бағдар шамның жасыл шамы жанғанда өту керек.
-
Балаларды халық дәстүрін, батырлар ескерткішін құрметтеуді үйрету.
-
Туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиедегі басты мәселе балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-
құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, ол үшін өзге адамдарды
түсінуі, қабылдауы әр адамның құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына
қарамастан саналы түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл күйін, атқарған іс-
әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беру тиіс. Тәрбиені
ізгілендірудегі басты мақсат балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы
дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын
қалыптастыруға назар аударады.
Рухани – адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар жүргізу, кішігірім
топтармен жұмыс істей білу, өмірлік жағдайлар туралы түрлі әңгімелер құрастыру, сурет
арқылы бейнелеу, әңгіме оқу және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады.
Тәрбие сағаттарында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ қуыршақтарды да пайдалану тиімді.
Адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе үнемі баланың назарын өз өміріндегі елеулі
өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуге баулу көзделеді. Мектепке дейінгі балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл – күйлерін көтерінкі ұстау үшін әуен, саз- күй, гүл
өсімдіктер мен түрлі суреттерді орынды қолдана білу қажет. Сонымен қатар балалардың ішкі
жан дүниесіне әсер ететін жүрек (көңіл-күй) тәрбиесін дамытудың жолдарында қарастыру
635
абзал. Ол үшін баланың мінез құлқын және отбасы мүшелерін көңіл – күйін бейнелейтін
суреттерді алдын ала дайындаған жөн. Балабақшада балаларды айналамен табиғатпен қарым
– қатынас орнатуға баули отырып және өзін өзі құрметтеуге бағалай білуге баулудың мәні
зор. Балалардың өзін-өзі танып, дұрыс қатынас құра білуі, өз қатарындағы мен, отбасы
мүшелерімен, қоғамдық ортамен қатынас құра білуі, яғни оны әлеуметтендірудің
маңыздылығы ескеріледі осыған орай оқу - тәрбие үрдісінде балабақшада балалардың жас
ерекшелігіне сәйкес өзін - өзі тануға, өзін дамытуға бағыттап, оны ата-аналардың көмегімен
отбасында жалғастырған жөн.
Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезім
қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру-отбасының, балабақшаның, жалпы
халықтың қасиетті борышы екені баршамызға мәлім.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай
«Салауатты өмір салтын» ұстану қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Осы бағытта жас ұрпақты болашақта салауатты өмір сүру біздің қалыпты
тіршілігіміздің іргетасы болуы қажет. Салауатты, білімді азаматтардан дені сау, салауатты
ұрпақ дүниеге келеді.Ұлт ретінде даму үшін, өркендеу үшін салауатты ұрпақ өсіру керек.
Соған ұмтылу барысында еңбек етіп, қоршаған ортаны , ішкен суымызды, тамағымызды,
ауамызды таза ұстап, ниет-ықыласымызды, ішкі дүниемізді, ақыл-ойымызды, ой-пікірімізді
дұрыс қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы.
Қорытынды
Ұлттық ойындар ата – бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінді байланыстыратын баға
жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрымсқа
пайдаланудың замаынмызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы зор. Сонымен қатар, ұлттық
ойындарды дене шынықтыру сабағында қолдана білу қажет.
Рухани – адамгершілік тәрбие - өзін - өзі дұрыс ұстау дағдыларын, ұйымдағы қарым –
қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік
санасының дәрежесі оның мінез – құлқы мен іс - әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы
бала мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуынан, жақын
адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершіңлік қасиеттерге,
мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі алдаммен жолдас болуыдың әсері күшті екенін халқымыз
ежелден бағалай білген.
Дене мәдениеті
қалыптасқан
Ұлттық ойындар арқылы
ынтымақтастыққа,
достыққа
тәрбиелеу
Тұлға
Салауатты өмір
салтын сақтаған
Ұлттық салт
дәстүрді игерген
Ұлтына деген
сезімі дамыған