590
Барлық қол жетімді іс-шараларды кешенді пайдаланып, шынықтыру жасау қажет.
Шынықтырудың нәтижесі болу үшін, әдіс бір рет емес бірнеше рет қайталану керек.
Шынықтыруды біртіндеп күшейту тиіс. Шынықтыруды баланың тұлғасына және
денсаулығына, жеке ерекшеліктерін ескере отырып өткізген жөн. Ең бастысы шынықтыру бір
қалыпта болуы дұрыс.
Ғылыми түрде дәлелденген, егер шынықтыруды 2-3 ай бойы тоқтатпай өткізіп бірден
үзіп жіберсе, ондай жағдайда бір айдан соң ағза шынығуы өз күшін жоғалтады. Сол себептен
шынығуда ұзақ үзіліс болса, шынықтыру рәсімдерін бастапқы төмен температурадан
бастайды.
Шынықтыруды бала кезінен, яғни 1 жастан бастаған жөн. Өйткені баланың өмірінің
алғашқы күнінен ағзаның терморегуляциясы енді қалыптасады, ал қорғаныс механизімі
дамуын енді бастайды.
Шынықтырудың – бірнеше шаралар жиынтығы:
1)Ауа ваннасы. 2) Күн ваннасы. 3)Аяқ ваннасы. 4) Сүртіну. 5) Ашық суайдындарында
шомылу. 6) Контрасты рәсімдер. 7) Жалаң аяқ жүру. 8) Денеге су құю. 9) Контрасты шомылу.
10) Сүңгу.
Шынығу әдістерін екі түрге бөлуге болады: Дәстүрлі және дәстүрлі емес. Балалардың әр
түрлі жастағы физиологиялық даму жағынан көрсеткен дәстүрлі әдіс – ауада шынығу.
Үлкендерге қарағанда өсіп келе жатқан ағза екі мәрте оттегіні қажет етеді.Сондықтан
балалардың таза ауада болуы жалпы шынығу және сауықтыру маңыздылығын тудырады.Ауа
ваннасы жүйке жүйесінің жұмысын жоғарлатады, эндокрин бездерінің, жүрек тамырларының,
тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің жұмыс істеуіне әсер етеді.Қанда эритроцид, гемоглобин
саны көбейеді. Әр отбасында мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті серуенге шығуы
(4 сағаттан аз емес), күндізгі ұйқыға жатуы, шынығудың тиімді әдісі болып
табылады.Өкінішке орай көп ата – аналар демалыс, мереке күндері сәл уақыт қана баласын
серуенге алып шығады.
Дәстүрлі емес әдістің шынығу түрінің тиімділігі, уақытты бөгемей, физиологиялық және
жалпы жеңіл тиетін әдістердің бірі контрасты душ. Жылы не ыстық, салқын не суық су
ағынымен ауысады. Сонымен қатар терінің жүйке тамырларымен тері асты тамырларына әсер
етеді. Баланы бірінші күннен күн, су және ауа – досы болукерек.
Дені сау ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатымыз. Шынықтыру ол баланың физиологиялық
тәрбиесінің мықты болуының шарты.
Шынықтыру көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және оның тәртібі.Шынықтыруды
өткізуге арнайы қарсы көрсеткіші болмайды. Тек шынықтыру шараларының мөлшері,
шынықтыру әсерінің алаңы шектеледі.
Уақытша қарсы көрсеткіштер:
-Безгектік жағдайдағы барлық түрлері.
-Тері қабаттарының зақымдануы, ашық жарақаттану.
-Жүйке жүйесінң, жүрек-қан тамырларының, тыныс алужәне сілекей, зәр, тер бөлу
жүйелерінің бұзылуы.
Шынығу рәсімін таңдаудың негізгі принциптері.
Кез келген шынықтыру шараларын өткізу кезінде үш негізгі қағидаттарын ұстану керек:
1. Жүйелілік – жұмысты бастадыңыз ба, бүгін өткізбеймін деуге сылтау
іздемеңіз.
2. Орындалу мөлшері – интенсивті біртіндеп көбеюі және әсерінің
ұзақтылығы.
3. Жеке бастың жас ерекшеліктері – баланың психологиялық көңіл-күйін,
қандай да бір аурушаңдық себептерін, тұрмыстық факторларын ескеру.
“Күн, ауа, су – біздің жақсы достарымыз. Адам кішкене ауырса, дәріханаға жүгіреді.
Жүз дәрі ішсең де, нәтижесі болмайды. Ал табиғат – анамыздың ғажаптары толы. Орманын,
даласын, суын, тауын, ашық аспанын пайдалансаң, денсаулығың мықты болады!”
Ю.С.Энтин.
591
Қолданылған әдебиеттер:
1.Е.Г.Леви – Горинецкая, А.И.Бочкова “Закаливание организма ребенка”.
2.Кузницова Н.Н. “Система комплексных мероприятий по оздоровлению детей дошкольных
образовательных учереждениях”.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ
СмаиловаАйтгүлАхметбековна
№134 «Гауһар» балабақшасы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім
берудің мектепке дейінгі жүйесін ен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық
ұйымдар да көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын
сүюге тәрбиелеу – тәрбиешінің асамаңызды, асажауаптыдақадірмендіпарызы" - дегенеді.
Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім жүйесінде айқын өзгерістер орын алды:
балаларды тәрбиелеу мен білім мазмұны жаңартылып жатыр, көптеген инновациялық
бағдарламалар пайда болды,сонымен анық болғаны ол вакуумның пайда болғаны, ол көз
алдыңда ғайып болғанның нәтижесінде бөлімнен түсіп қалған «адами тәрбие» болып шықты.
Сонымен қатар мәселенің өзектілігі, қоғамның қазіргі заманғы деңгейінде адами тәрбиесімен
байланысты болып, ол төтенше маңыздылыққа ие болып жатыр.
Адами тәрбиенің маңызды бөлігі ол баланың өзінің мәдениетіне бет алуы болып
табылады, өйткені баланың тұлғалықтай толық ашылуы тек оның өз халқының мәдениетіне
қосылу арқылы мүмкін болады. Балалардың Отандық мұраға бойсұнуы, сыйластықты, өзі
тұратын жері үшін мақтанышты тәрбиелейді. Кішкентай бала үшін Отан туған үйінен, өзі және
отбасысы тұрып жатқан көшеден басталады, отбасыда болашақ өз елінің азаматы «өсіп» келе
жатыр. Осы сұрақ бойынша ата-аналармен әрекеттесуі, өз халқының мәдениеті мен дәстүріне
эмоционалды, ұқыпты қатынасын туғызады, сонымен қатар тік отбасылық қатынастарды
сақтауына әкеледі.
Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі – мектепке дейінгі білім мекемесінің
негізгі міндеті болып келеді, ал оның негізгі шарты болып ата-аналармен, отбасымен тығыз
байланысы болып табылатын, қоғамның ұяшығы мен ұлттық дәстүрлердің қорғаушысы
іспеттес.