Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет224/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   363

458 

 

Ойлау түрлері: практикалық, нақты бейнелік, теориялық (абстрактылы). Практикалық – 



адамның  өмір  тәжірибесіне  байланысты  және  де  нақтылы  іс-әрекет  пен  қимыл  қозғалыс 

жайындағы практикалық іспен ұштасады. 

Нақты бейнелік - адам белгілі бір міндетті шешіп отырған кезде өз санасында бір нақты 

бейнеге сүйеніп, ұқсатып салыстырып ойлау. 

Теориялық (абстрактылы) адамның ұғымды меңгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері 

дамып,  адам  өз  біліміне  сүйеніп  ой  қорытындысын  шығарады  және  де  ғылыми  түсініктері 

өрістейді. 

Сенсорлық  даму,  бір  жағынан  баланың  жалпы  ақыл-ойының  дамуының  іргетасын 

құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, 

мектепте  оқыту  үшін  қажет.  Қоршаған  орта  құбылыстары  мен  заттары  қабылдаудан  тану 

басталады.  Танудың  басқа  түрлері  –  есте  сақтау,  ойлау,  елестету  –  қабылдау  негізінде 

құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін 

емес [1]. 

Балабақшада  бала  сурет  салуға,  жабыстыруға,  құрастыруға  үйренеді,  табиғат 

құбылыстарымен  танысады,  математика  мен  жазу  негіздерін  меңгере  бастайды.  Суретте 

бейнеленген  затпен  ұқсастықты  алу  үшін  бала  оның  пішіні,  түсінің  ерекшеліктерін  нақты 

меңгеруі  тиіс.  Құрастыру  заттың  пішінін,  оның  құрылымын  зерттеуді  қажет  етеді.  Бала 

бөлшектердің  ара-қатынасын  кеңістікте  анықтайды  және  үлгінің  қасиеттерін  қолдағы 

материалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз 

табиғаттың  тірі  және  өлі  құбылыстары  туралы  нақты  ақпарат  алу  мүмкін  емес.  Қарапайым 

математикалық  элементтердің  қалыптасуы  геометриялық  пішіндермен  танысудан,  көлемі 

бойынша заттарды салыстырудан басталады. 

Баланың  мектепте  оқуға  дайындығы  оның  сенсорлық  дамуына  байланысты  болады. 

Кеңестік  психологтармен  жүргізілген  зерттеулер  көрсеткендей,  бастапқы  оқу  барысында 

балаларда  туындайтын  қиындықтар  қабылдау  дәлдігінің  жеткіліксіздігіне  байланысты. 

Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында 

дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын 

жағдай  болады.  Бірақ  мәселе  тек  мұнда  емес.  Музыкант,  суретші,  сәулетші,  жазушы, 

құрастырушының  табысын  қамтамасыз  ететін  ерекшеліктерінің  қатарында  сенсорлық 

қабілеттер  маңызды  орын  алады.  Сенсорлық  қабілеттің  бастауында  ерте  жаста  жетілетін 

сенсорлық  дамудың  жалпы  деңгейі  жатыр.  Сенсорлық  тәрбиелеудің  басты  бағыты-баланы 

сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады. 

«Сенсорлық  мәдениет»  ұғымы  Монтессори  педагогикасы.  ХХ  ғасырдың  бірінші 

жартысында  1909  жылы  италиялық  педагог  Мария  Монтессори  тарапынан  жасалған 

тәрбиелеу  жүйесі  көрінеді.  Бұл  әдістеме  әрбір  тәрбиеленушіге  деген  дара  тәсілдемеге 

негізделген. Балалар дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай 

отырып, өзіндік ойлау, өзіндік еркін бағытта дамиды. Сенсорлық балалар дегеніміз – өз ісіне 

өзі  сүйсініп,  өзін-өзі  тану.  «Сенсорлық  мәдениет»  ұғымы  мектепке  дейінгі  педагогикаға 

М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу 

үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып 

отыру  жеткілікті  деп  санаған.  Мұндай  көзқарас  қате  еді,  ол  баланың  дамуы  түбегейлі 

жануарлар  баласының  дамуынан  айырмашылығы  барын  ескермеді.  Баланың  сенсорлық 

мәдениеті  –  адамзат  жасаған  (заттардың  түсі,  пішіні  туралы  жалпыға  ортақ  қабылдаулар) 

сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі [3,5]. 

Бала  өмірде  де  заттардың  алуан  түрлі  пішіндері,  түстері  және  басқа  қасиеттерімен, 

әсіресе  ойыншықтар  және  тұрмыстық  заттармен  кездеседі.  Ол  өнер  туындыларымен  де 

танысады:  музыка,  жазба  өнері,  скульптура.  Әр  бала  мақсатты  бағытталған  тәрбиелеусіз 

осының бәрін қабылдайды. Бірақ егер меңгеру ересектердің педагогикалық басшылығынсыз 

өзінен өзі болса, ол үстіртін, толыққанды емес болады. 

Сол себепті сенсорлық дайындау деңгейіне көңіл бөлгеніміз жөн болар: 




459 

 

Мектепке  дейінгі  балалардың  сенсорлық  қабілеттерін  дамыту,  бағдарламаның  барлық 



бөлімдерінде іске асырылатын, жолын даму шарттары келесідегідей көрсетілуі мүмкін: 

 Қоршаған ортаға эмоционалды-оң қарым-қатынасын қалыптастыру



 Қоршаған ортаның болып жатқан оқиғаларына қызығушылығын қалыптастыру; 

  Жасы  үлкен  адам  жағынан  ұйымдастыру  және  еліктеуді  іске  қосу  мүмкіндігін 



қалыптастыру; 

Бұл  орайда  мектепке  дейінгі  интеллектуалды  баланың  сенсорлы-перцептивті  қалпын 

дамыту  кезеңінде  арнайы,  сенсорлы  тәрбиелеудіңі  нақты  міндеттерін  шешетін  сабақтар 

(ойындар) өткізген жөн: 

 Ересек адамның бағыттауымен ойыншыққа баруын, заттарды орын ауыстыру, заттарды 



бір немесе екі қолмен ұстау мүмкіншілігін қалыптастыру; 

  Естімеген  үндерге  назар  аударуды,  сөздерді  дұрыс  түсінуге,  күнделікті  бұйыру 



сөздерін түсінуді қалыптастыру; 

  Ойыншыққа  көзбен  назар  аудару  мүмкіншілігін,  ойыншықты  алу,  оны  аудару  және 



қарапайым  зерттеушілік  іс  қимылдарды  –  қарау,  қысу  ауыстыру,  аударуды  және  т.б 

қалыптастыру; 

 Ересек адамның әрекетіне назар салу, қарапайым затты-манипулятивті іс-қимылдарды 



жасауды дамыту; 

 Балаларда алақанмен ұстауды қалыптастыру; 



  Атауларымен  таныс  ойыншықтарды  табуды,  оларды  өз  еркімен  атауды  және  ересек 

адамның  сұрауына  дұрыс  назар  уақыт  аралығында  манипулятивті  шарттарды  жасауды, 

зерттеу  міндетін  атқаруды,  заттардың  тұрпаты  мен  түсін  анықтауға  арналған  екі  бірдей 

берілген  затты  үлгі  бойынша  таңдауын  және  заттарды  бір  белгі  бойынша  топтастыруды 

қалыптастыру; 

 Бояулармен күнделікті жұмыс істеуге оқыту. 



І этапта барлық міндеттер тәрбиелік түзету жұмысын көрсетеді. 

  Балалардың  практикалық  тәжірибесін,  олардың  қоршаған  орта  туралы  бөлімдерін 



дамыту 

 Балалардың дұрыс әдеп-дағдыларын қалыптастыру 



Мектеп  жасына  дейінгі  балалардағы  сенсорлы-перцептивті  сферасын  зерттеу 

ерекшеліктері – белгіленген нормативтарға сай жүргізілетін баланы кешенді психологиялық - 

медициналық  -  педагогикалық  оқытудың  негізгі  бөлімі.  Сенсорлы  -  перцептивті  даму 

ерекшелігі  мақсатты  түрде  2  кезең  бойынша  оқытылады.  Бірінші  кезеңде  балаларды  еркін 

қызмет  жасау  және  режимді  сәттер  өткізу  процестеріндегі  сабақ  барысында  бақылау 

жүргізіледі,оны  тәрбиеші  өткізеді,  ал  екінші  кезеңде  индивидуальды  психологиялық  – 

педагогикалық тәжірибе, оны мұғалім – педагогтар,педагог – психологтар жүргізеді. 

Балаларды  еркін  жұмыс  жасау  және  режимді  сәттер  өткізу  процестеріндегі  сабақ 

барысында бақылаудың негізгі міндеттері төмендегідей болып табылады: 

-сенсорлық  перцептивті  әрекеттер  жасаушы  балалардың  мотивациялы-қажеттілік 

күйінің зерттелуі; 

-шындық  және  тұрмыстық  әрекеттер  күйінің  операциональды-техникалық  жағын 

анықтау. 

Режимді сәттерді бақылау барысында оқытылады: 

-балалармен жұмыс барысында нәтижелі қарым - қатынас алу; 

-мақсатты бағытталған әрекеттерді қосудың қабілеттілігі

-зерттеу  жүргізу  арқылы,  саусақ  қимылдарының  көмегімен  немесе  бір  берілген 

нұсқаулар негізінде қарапайым әрекеттерді орындау; 

-сабақ процесінде заттарды бақылауға бағытталған: ойын,тамақ қабылдау,киіну,жуыну 

сиякты әрекеттердің даму деңгейі

-заттың сыртқы белгілерінің есебі



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау