АллйнЫ
терен
түсініп барып илану. Абай «ғылым» мен «хакімді» ажы-
ратқан. Оның айтуынша: «әрбір ғалым — хаким емес,
әрбір хаким — ғалым». «Ғалым» дегенге Абай мынан-
дай түсінік берген: «Дүниеде ғылым заһири (сыртқы ғы-
лым) бар, олар айтылмаштарды нақлия деп атайды, бұл
нақлияға жүйріктер ғалым атанады». Ғалымның айтар
сөзі нақлия. Ғалым дүниені білуші, танушы сол хақын-
да айтушы. Хакім туралы Абай өзгеше айтқан. Құдай
дүниеде еш нәрсені себепсіз жаратпаған. Сондықтан
Абай: «әрбір істің себебін іздеушілерге хаким ат қой-
дылар»,— дейді.
Міне, хакімнің ғалымнан да, пайғамбардан да, әулне-
ден де ерекшелігі сонда. Хакім қандай ісінің болмасын
болмысын, себебін Іздеуші. Алайда, олар әр істің қүпия-
сын толық таба алмайды, өйткені ол Алланың құпиясы.
Сонда Абайдың мұсылмандығы ерекше талдауды қажет
етеді. Анығында ол «мұсылмандық» дегенге нақтылы
түсінік берген. Оның мұсылмандығы ортодоксиялық ис-
лам түсінігімен сай келе қоймайды. Себеп іздеу деген
адамды сенімнен шығарады. Дәстүрлі дінде Аллаға сену
керек, ешқандай себеп іздеудің қажеті шамалы. Ал,
Абай болса иман келтірудің өзінен сол себепті іздеп
отыр.
Екіншіден, Абай мұсылмандықтың мынандай бір өл-
шемін айтады: «...дінде басшымыз құдайдың елшісі пай-
ғамбарымыздың хадис шарифі, хайру н-нас мән йанфа-
ғу н-нас (адамның жақсысы пайда келтірген адам) де-
ген». Мұндай адамды Абай хакім атаған. Сонда нағыз
«кәміл мұсылман» — хакімдер. Бұлардың діні қалай
аталады. Міне, осы сұрақ күні бүгінге дейін шешімін
таппай жүр. Әркім өз діндеріне берілген, олар бір-біріне
іштей де, сырттай да наразы, әрқайсысы өктемдік іздей-
ді. Адамға тек жақсылық әкелетін дін қайда? Абай дін-
ге реформа жасау жағында болған. 'Олай дейтініміз,
оның өзі хакім, яғни себеп іздеуші. Ол біреудің айтқа-
нына иланатын жан емес, өзі іздеп, айырып барып ақыл
тоқтататын данышпан. Ол пайғамбар, әулиелер туралы
айтқанда, оларды мүлдем жоққа, теріске шығарып отыр-
ған жоқ.
Алла мен адам арасындағы елші нәбилердін, тән әрі
жан тазалығын қастерлеген әулиелердің қажеттігі ерек-
ше. Олар болмағанда дүниенің мағмурлығы (қызық, әде-
мілігі) адамды хайуандандырып жіберуі ықтимал. Абай
түсінігінше: «дүниенің мағмурлығы бір түрлі ақылға нүр
184
жүктеу Достарыңызбен бөлісу: |