2. Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Жарылу-ӛрт қауіпті ортада ККҚ жұмыс істеу мүмкіндігі паспортта
кӛрсетілуі тиіс.
ККҚ, олардың тораптары, механизмдері, басқару станциялары, қорғау
жүйелері мен қауіпсіздік аспаптары осы техникалық регламенттің
талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Ӛздігінен жүретін ККҚ жұмыс және жұмыс істемейтін жағдайда
тұрақты болуы тиіс.
Еңістің кӛрсетілген нормасы арбаның қозғалу тетігі жабық үлгідегі
автоматты тежегішпен жабдықталған немесе арба арқанды тартқышпен
қозғалатын ККҚ -ға жатпайды.
Жүкті кӛтеру және аралықты ӛзгерту тетіктері жүкті немесе жебені
түсіру тек қозғалтқышпен жүзеге асырылатындай етіп орындалуы тиіс.
Кулачкалы,
фрикциялық
немесе
басқа
да
механикалық
құрылғылармен жабдықталған, оларды қосу немесе жұмыс қозғалысының
жылдамдығын ауыстырып қосу үшін ККҚ механизмдері механизмнің
ӛздігінен қосылуы немесе ажыратылуы мүмкін болмайтындай етіп
жасалуы тиіс. Жүк пен жебенің кӛтеру шығырында тежегіш салынбай
жетекті ажырату мүмкіндігі болмауы тиіс.
70
Адамдарды, балқытылған металды немесе қожды, улы және
жарылғыш заттарды кӛтеруге арналған тетіктерде, электр жетегі бар
тетіктерде фрикциялық және жұдырықшалы қосу муфталарын қолдануға
жол берілмейді.:
1) бір жылдамдықтан екіншісіне ауыстыру үшін бірнеше
жылдамдықтар диапазоны бар қозғалыс немесе бұрылу тетігі;
2) оларды бӛлек басқару үшін екі шынжыр табанды жалпы жетегі бар
шынжыр табанды ККҚ -ның қозғалыс тетігі.
Тежегіштің ККҚ -ның бұрылыс бӛлігімен, шынжыр табанды немесе
дӛңгелектермен тығыздамайтын кинематикалық байланысы болуы тиіс.
Айналмалы сәтті беретін ККҚ механизмдерінің тораптарында шлицті,
шпонкалы және болтты қосылыстар қолданылуы тиіс.
ККҚ бұрандалы, шпонкалы және сыналы қосылыстары еркін
бұрылудан немесе ажыратудан қорғалуы тиіс.
Жылжымалы жебелері және мұнарасы бар ККҚ -да ұсынылған
конструкцияның сенімді бекітілуі кӛзделуі тиіс.
Арқанды, шынжырлы тальдар мен ККҚ полиспасталары арқанның
(шынжырдың) тальдан ӛздігінен түсуін, блок пен ось (жұлдызша мен ось)
арасындағы арқанның (шынжырдың) сынуын болдырмауы тиіс.
Қосарланған полиспасты қолданған кезде теңестіруші блокты немесе
теңгергішті орнату міндетті.
ККҚ металл конструкциялары мен металл бӛлшектері тоттанудан
қорғалуы тиіс.
Техникалық қызмет кӛрсетуді талап ететін тетіктерге, сақтандыру
құрылғыларына, электр жабдықтарына, ККҚ металл конструкцияларының
элементтеріне қауіпсіз қол жеткізу қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта
галереялар, алаңдар, сатылар орнатылады. Блоктар мен қауіпсіздік
құралдарына қызмет кӛрсетуге арналған алаңдар мен баспалдақтар
болмаған кезде жебеде оны түсіру мүмкіндігі кӛзделуі тиіс.
Гидравликалық жетегі бар ККҚ үшін құбыржолдар үзілген немесе
гидрожүйедегі қысым тӛмендеген кезде механизмдерді (бұрылу, жүк және
жебе шығырларын, жебелер мен шығару тіректерін кӛтеру, жебе
секцияларын жылжыту) автоматты тоқтату және бекіту қамтамасыз етілуі
тиіс. ККҚ -манипуляторлар үшін механизмдерді автоматты тоқтату иілгіш
құбырлар үзілген кезде қамтамасыз етілуі тиіс.
ККҚ гидрожүйесі әрбір жұмыс контурындағы қысымды бақылау
мүмкіндігін және бактан жұмыс сұйықтығын құймай гидроагрегаттарды,
шлангілерді, сүзгілерді ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
ККҚ мотосағатттардағы атқарымдарды есепке алуға арналған, оны
пайдалану процесінде ККҚ қалдық ресурсын анықтауға мүмкіндік беретін
құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
|