4.
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың
сақталуын мемлекеттік бақылау
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын
мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары,
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыруға уәкілетті ӛзге де мемлекеттік органдар және олардың
лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, олардың
лауазымды адамдары ӛнімді ӛткізу сатысында ӛнімге қатысты мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік
органдар және олардың лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
ӛз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау жӛніндегі
іс-шараларды жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық
регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін ӛнімді ӛткізудің
жолын кесу және оған жол бермеу жӛнінде ықпал ету шараларын
қабылдайды;
57
3) сәйкестікті растау жӛніндегі органдар мен зертханаларды
мемлекеттік бақылау жӛніндегі іс-шараларды жүргізеді.
Мемлекеттік бақылау объектілері
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын
мемлекеттік бақылау объектілері техникалық регламенттің күші
қолданылатын ӛнім, процестер, сәйкестікті растау жӛніндегі органдар және
зертханалар болып табылады.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жӛніндегі Бас
мемлекеттік инспекторы-уәкілетті органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жӛніндегі Бас
мемлекеттік
инспекторының
орынбасарлары
-
уәкілетті
орган
басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
мемлекеттік бақылау жӛніндегі бас мемлекеттік инспекторлары-аумақтық
бӛлімшелердің басшылары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
және қалалардың мемлекеттік бақылау жӛніндегі бас мемлекеттік
инспекторларының орынбасарлары-аумақтық бӛлімшелер басшыларының
орынбасарлары және олардың құрылымдық бӛлімшелерінің басшылары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
және
қалалардың
мемлекеттік
бақылау
жӛніндегі
мемлекеттік
инспекторлары - аумақтық бӛлімшелердің мемлекеттік бақылау жӛніндегі
мамандары.
2. Осы баптың 1-тармағының 3)-5) тармақшаларында санамаланған
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар ӛз құзыреті
шегінде мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен аттестатталуға тиіс.
3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан
Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау
нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
құқықтары
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу
саласындағы
Қазақстан
Республикасы
Заңдарының,
Қазақстан
Республикасы
Президенті
Жарлықтарының
және
Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан
бақылау мақсатында баруға;
58
2) Жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау жүргізу үшін
қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға;
3) мемлекеттік бақылау үшін ӛнімнің сынамалары мен үлгілерін
іріктеуді жүргізу:
-ӛнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес
келген жағдайда жұмсалған үлгілердің құнын және сынақтар (талдау,
ӛлшеу) жүргізуге арналған шығындарды бюджет қаражаты есебінен
жатқыза отырып;
-ӛнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес
келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау,
ӛлшеу) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін тұлғалардың
есебінен жатқыза отырып;
4) ӛнімді ӛткізу сатысында, егер мұндай құжаттарды қолдану тиісті
техникалық регламентте кӛзделген болса, ӛнімді дайындаушылардың
(орындаушылардың), сатушылардың ӛнімнің техникалық регламенттерде
белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын сәйкестік туралы
декларацияны немесе сәйкестік сертификатын немесе олардың
кӛшірмелерін кӛрсетуін талап етуге;
5) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың бұзылуын
жою туралы және бұзушылық сипатын ескере отырып айқындалған
мерзімде ӛнімді ӛткізуге тыйым салу туралы нұсқамалар беруге:
-ӛнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес
келмеуі;
-сәйкестігі
міндетті
расталуға
жататын
ӛнімге
сәйкестік
сертификаттарының
(сәйкестік
сертификаттарының
кӛшірмелері),
сәйкестік туралы декларациялардың (сәйкестік туралы декларациялардың
кӛшірмелері) болмауы;
ӛнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығы жоқ;
5-1) тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ
тауарының және шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың
шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың
шығарылуы туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың
тауары және шетелдік тауар нысандарының қорытындыларын беру
тәртібін бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
6) ӛнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес
еместігі анықталған жағдайда берілген сәйкестік туралы декларациялар
мен сәйкестік сертификаттарын тіркеудің қолданылуын тоқтата тұруға
және жоюға;
59
7) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес
келмейтін ӛнімді ӛткізетін тұлғаларды Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартуға;
8) ӛнімді сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда
оны жою жӛніндегі комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен қатысуға;
9) дайын ӛнімнің техникалық регламенттерге сәйкессіздігі анықталған
жағдайда ӛнімнің ӛмірлік циклінің кез келген сатыларында Сәйкессіздік
себептерін тексеруді ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
сотқа жүгінуге құқығы бар.
2. Нұсқамаларға қол қою құқығы бас мемлекеттік инспекторлар мен
олардың орынбасарларына тиесілі.
Нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін уәкілетті
орган белгілейді.
3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдары берген нұсқамалар барлық жеке және заңды
тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
міндеттері
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік бақылау жӛніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын қолдану
жӛнінде
түсіндіру
жұмыстарын
жүргізуге,
дайындаушыларды
(орындаушыларды), сатушыларды қолданыстағы техникалық регламенттер
туралы хабардар етуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын ӛзге де құпияны сақтауға;
3)
Қазақстан
Республикасының
заңнамасында
белгіленген
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері негізінде анықталған
бұзушылықтарды жою жӛнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды
қорғау шаралары
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
немесе олардың жақын туыстарының, егер мұндай жағдайлар олардың
лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты болса, Қазақстан
60
Республикасының заңнамасына сәйкес ӛмірі мен денсаулығына келтірілген
зиянды ӛтетуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |