Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
2 0
Соңғы бірнеше жыл ішінде жерсерік жəне кабельдік теледидардың телевизиялық дабылдарды
қабылдаудың аса кең таралған түрі – аналог хабар таратуды үлкен басымдықпен ығыстырып
жатқаны байқалады. 2006 жылы телекөрермендердің 3/2-ге жуығы теледидарды аналог форматта
көрсе, ал сол уақытта кабельдік жəне жерсерік телехабарларын 3/1 бөлігінен сəл ғана асатын
көрермендер қарай алған-ды. Алайда 2010 жылы аналог форматта теледидар қараушылар үлесінің
кабельдік жəне жерсерік телехабарларын көрушілермен салыстырғанда біртіндеп төмендей беруі
іс жүзінде телевизиялық дабылды қабылдаудың барлық үш түрін іс жүзінде тең жағдайға келтірді
(3-кестені қараңыз).
2006 жылы кабельдік платформа теледабыл қабылдау бойынша үй шаруашылықтарының
14 проценті үшін негізгі платформа болса, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш екі есе артты. 2000
жылдардың ортасында еліміздің ірі қалаларындағы кабельдік операторлардың кейбіреулері
цифрлық пакеттерді ұсына бастады. Бүгінгі таңда Алматыда кабельдік теледидардың құны бір
айда 24 арна үшін 830 теңге (5,5 АҚШ доллары) болса, ал 130 арна үшін айына 2 179 теңгеге
(18 АҚШ доллары) дейін өзгеріп отыр.
Жерсерік теледидарының ел арасында кең таралуын көбінесе жұртшылықтың төмен тығыздықта
орналасуымен, сондай-ақ шетелдік телеарналарды таңдау мүмкіншілігінің молдығымен
түсіндіруге болады. Кабельдік теледидар, əдетте, қалалық аудандармен шектеледі. Аналог хабар
тарату да, дабылды алыс елді мекендерге үлкен қашықтықтардан асырып берудің қиындығына
бола, қаланың айналасымен шектеледі. Тұтынушылар көбінесе бірден бірнеше дабыл қабылдауға
мүмкіндік беретін ресейлік («Ямал», «Экспресс») немесе еуропалық («Eutelsat», «Hotbird»)
жерсерік тəрелкелерін пайдалануды дұрыс санайды, ол кезде кейіннен абоненттік ақы төленбейді,
оны орнату үшін ғана ақы төлеу талап етіледі.
Қазіргі уақытта цифрлық теле-радиохабарларын тарату үдерісі дамудың ерте сатысында тұр:
цифрлық кабельдік, жерсерік жəне IP-теледидары дамып келе жатыр, бірақ əлі де мығым
орныға қойған жоқ. Интернеттің ену деңгейі елеуді дəрежеде, атап айтқанда, 2009-2011 жылдар
аралығында арта түсті.
25
Тұтынушылардың интернетке шығу кезеңділігі қауырт өсті. Бүгінде
Қазақстанда интернетке орнықты аналог немесе кеңсалалы арна арқылы ғана емес, сонымен қатар
сымсыз желі, ұтқыр телефон, кабельдік модем жəне басқадай қолжетімді құралдар көмегімен
қосылуға болады.
Соңғы жылдары цифрлық кедергіні еңсеруде алға ілгерілеу байқалады. 2011 жылы жұртшылықтың
45 проценті интернет пайдаланушыларға айналды.
26
Интернетті аймақтарда пайдалану –
14 облыстың 12-сінде 40 жəне одан да асатын процентке жетті.
27
Халықтың компьютерлік
сауаттылығы деңгейі артып келеді. 2006 жылы дербес компьютерлерді пайдаланушылар санының
25 Интернеттің пайдаланылуы деңгейі бойынша статистика деректерін жинау жəне өңдеу барысында ХЭБО да, Қазақстан
Республикасының Көлік жəне коммуникациялар министрлігі де аналог жəне цифрлық дабылдардың арасындағы
айырмашылықтарды ажыратпайды.
26 ХЭБО-ның Қазақстан бойынша деректері, 2010 жылдың қаңтары.
27 Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстанның Ақпараттық қоғамы, «Интернет пайдаланушылардың
100 тұрғынға шаққандағы саны», (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы).
2 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
10,7 проценті ғана «тəжірибелі»
28
болып саналса, ал 2011 жылы бұл цифр 65,1 процентке дейін
көтерілді.
29
Дербес компьютер пайдаланушылардың саны жұртшылықтың жалпы санының
20 процентінен асып кеткен 2010 жылдың желтоқсанында сол кездегі байланыс жəне ақпарат
министрі Асқар Жұмағалиев цифрлық кедергіні еңсеру бойынша қазақстандық бағдарламаның
табысты аяқталғанын мəлімдеді.
30
Қазақстанда цифрлық кедергі мəселесі зерттелген кезде «жыныс» немесе «ұлт» сияқты əлеуметтік
жағдай белгілері есепке алынған жоқ. Ұлттық интернет-провайдер «Қазтелеком» АҚ-ының
(акцияларының 51 проценті – мемлекетке, 16,8 проценті мен 9,6 проценті тиісінше Нидерландыда
тіркелген екі оффшорлық компанияға тиесілі, қалған акциялары қор биржасында сатылуға
шығарылған) ақпараты бойынша, Қазақстанда үкіметтің басшылығымен цифрлық желілерді
кеңейту «əлеуметтік факторларға тəуелсіз түрде»
31
іске асырылып жатыр.
3-кесте
Негізгі теледабылды қабылдау платформалары
жəне цифрлауға көшу,* 2006-2010 жж.
Жабдық
2006
2007
2008
2009
2010
ҮШ
саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ
саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ
саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ
саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ
саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
Аналог ТВ
1 200
63,4
д/ж
55,6
д/ж
46,0
1 210
34,0
д/ж
34,8
Кабельдік ТВ
276 378
14,6
д/ж
19,8
д/ж
25,5
1 064
29,9
д/ж
34,9
Жерсерігі ТВ
416 46
22,0
д/ж
24,6
д/ж
28,5
1 285
36,1
д/ж
30,3
IPTV
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
Барлығы
**
д/ж
100,0
д/ж
100,0
д/ж
д/ж
д/ж
100,0
д/ж
д/ж
Ескерту.
*Цифрлар бірнеше ТВ-қабылдағыштармен жабдықталған үй шаруашылық-тарындағы теледидар-
лардың санын білдіреді. **Цифрлар дөңгелектенген. ҮШ – жабдықпен қамтамасыз етілген үй шаруа-
шылықтарының жалпы саны; ҮШ ЖС – елдегі үй шаруашылықтарының жалпы саны;
д/ж – деректер жоқ.
Дереккөздер: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстан Ақпараттық қоғамы, 2006-
2010,
«Үй шаруашылықтарында пайдаланылатын АКТ құрылымы», Астана, 2011 ж.
«Қазақтелеком» АҚ-ы Қазақстанның телекоммуникациялар нарығында көшбасшы болып
табылады. Интернет нарығы мен ақпараттық коммуникациялардың 73 процентін иелене отырып,
32
28 Танымал компьютерлік бағдарламалардың тəжірибелі пайдаланушылары, мысалы, CorelDraw, MsProject, AutoCad, SpSS.
29 Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстанның Ақпараттық қоғамы, «Жұртшылықтың компьютерлік
сауаттылығының деңгейі», http:/www.stat.kz/digital/inf_obshestvo/Pages/default.aspx (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы).
30 Интерфакс-Қазақстан, «Қазақстанда интернет пайдаланушыларының саны төрт жылы ішінде екі есе артты», 2010 жылғы
желтоқсанның 6-сы, http:/www.interfax.kz/?lang=eng&int_id_focus&news_id=392 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 14-і).
31 «Қазақтелеком» АҚ-ының Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметін басқарушы Ю.Исаковамен электрондық хат алмасу, 2013
жылғы қаңтардың 12-сі.
32 «Қазтелеком» АҚ-ы, «2011 жыл үшін жылдық есеп-қисап», Астана, 2012 ж. 47-бет. http://www.telecom.kz/
download/000docs/02-112012_GO_RU_30102012%28eng%29pdf (қолжетімді күн: 2012 жылғы желтоқсанның 22-сі). Ары қарай –
«Қазақтелеком» АҚ-ы, «2011 жыл үшін жылдық есеп-қисап».
Достарыңызбен бөлісу: |