Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 2
инновациялық даму, кластерлік тəсіл, озық жобалар жəне басқалары) əр жыл сайын бір-бірін
ауыстырумен келе жатыр.
Совет заманының көлік инфрақұрылымы əлдеқашан ескірген, өйткені 2002-2007 жылдардағы
«мұнай тасқыны» кезінде де ол жеткілікті инвестициялар алмаған-ды. Телекоммуникация
желілерінің мемлекеттік жəне жеке инвестициялар есебінен жаңартылғанына қарамастан,
жұртшылықты байланыс қызметтерінің қолжетімді бағасымен қамтамасыз ету үшін, əлі де көп
іс-шара іске асырылуға тиіс.
1940 жылы дүниеге келген Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1989-1991 жылдар аралығында Кеңес
Одағы тарағанға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін
атқарған. Еліміз тəуелсіздік алған кезде ол сайлауда жалғыз үміткер бола отырып, партия
көшбасшысы лауазымынан президент мəртебесіне көтерілді. Сол уақыттан бері қарай Назарбаев
мырза лайықты бəсекелестің болмауы себепті əлденеше рет қайтадан президент болып сайланып
келе жатыр. 2010 жылы «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт Көшбасшысы
туралы» 2000 жылғы шілденің 20-ында шыққан № 83-II Конституциялық Заңға түзетулер енгізілуі
8
нəтижесінде қолсұғылмастық құқын алып, Назарбаев мырза сонымен қатар Парламентте басым
көпшілік орындарды иеленген билеуші «Нұр Отан» партиясының (ары қарай – «Нұр Отан»)
көшбасшысы да болды, ал Парламенттегі қалған орындарды билікке жақын басқа партиялардың
мүшелері алып отыр. 2011 жылғы сəуірдің 3-інде мерзімінен бұрын өткізілген президент
сайлауында Н.Назарбаев мырза электораттың 96 процентке жуық дауысын алды. Демократиялық
институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) мен Еуропадағы қауіпсіздік жəне
ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылау миссияларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда
өткен сайлаулардың бірде-біреуі, – оның ішінде президенттік те, парламенттік те, – еркін жəне
əділетті, əрі демократиялық стандарттарға сай болған емес.
9,10,11
Қазақстан Конституциясы билік тармақтарының бөлінуі ұстанымына кепілдік береді, алайда
президент биліктің заң шығарушылық, атқарушылық жəне сот ісі тармақтарында үстемдікке ие.
Орталық Азия жөніндегі маман Н.Каммингстің сөзі бойынша, «президент мемлекет пен оның
институттарын құруға байланысты барлық бастамалардың қақ ортасында тұрса, ал президенттің
кеңсесі жəне атқарушы органдар биліктің басқа тармақтарында үстем болып отыр.
12
Оның
8 «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт Көшбасшысы туралы» 2000 жылғы шілденің 20-ындағы № 83-II
Конституциялық Заңға түзетулер. 2010 жылғы маусымның 14-і. http://www.inform.kz/rus/article/2278166 (қолжетімді күн: 2013
жылғы қаңтардың 7-сі).
9 Еуропадағы Қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы (ары қарай – ЕҚЫҰ), «Қазақстан Республикасында 1999 жылғы қаңтардың
10-ында өткен президент сайлауы. Миссияның қорытындысы», Варшава, 1999 жылғы ақпанның 5-і, http://www.osce.org/odihr/elec-
tions/kazakhstan/4771 (қолжетімді күн:2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
10 ЕҚЫҰ, «Қазақстан Республикасында 2005 жылғы желтоқсанның 4-інде өткен Президент сайлауы. /ЕҚЫҰ бақылауы миссиясының
қорытынды есеп беруі», Варшава, 2006 жылғы ақпанның 21-і. http://www.osce.org/odihr/elections/kazakhstan/18153 (қолжетімді
күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
11 ЕҚЫҰ, «Қазақстан Республикасында 2011 жылғы сəуірдің 3-інде мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауы, ДИАҚБ/
ЕҚЫҰ бақылауы миссиясының қорытынды есеп беруі», Варшава, 2011 жылғы маусымның 16-сы. http://www.osce.org/odihr/elec-
tions//78714 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
12 С.Н.Каммингс, Орталық Азиядағы билік жəне өзгерістер // Power and Change in Central Asia, Лондон, 2002, 63-бет.
1 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
үстіне, жергілікті билік органдары сайланбайды, оларды жоғары тұрған атқарушы органдар
тағайындайды. Үкімет бірнеше рет билік жүйесін ішінара реформалау жəне іс жүзінде «байқап
көру» түрінде кейбір ауылдық аудандар мен шағын қалалардың əкімдерін сайлауды енгізуге
талпыныстар жасап көргенмен, ол «тəжірибелер» нəтиже бермеді жəне ереже болып қалыптасып
кете алмады.
Ескерту [А1]: «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару мəселелері жөніндегі
кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы» тиісті заңына 2013 жылғы маусымның 13-інде
қол қойылды. Бұл заң аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық (селолық) округтардың, ауылдық
(селолық) округтің құрамына кірмейтін ауылдардың (селолар) əкімдерінің аудандар (қалалар)
мəслихаттары сайлауларының көмегімен сайланатындығын қарастырады.
2010 жылы Қазақстан алғаш рет посткеңестік республикалардың арасында ЕҚЫҰ-ның нақты
төрағасы мəртебесін алып, 2012 жылы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің мүшесі
болды. Халықаралық істердегі айтарлықтай елеулі жетістіктерге қарамастан, елімізге азаматтардың
саяси азаттығы мен еркін сөйлеу құқықтары бойынша адам құқықтарының бұзылатындығы үшін
айып тағылып жатады.
Қазақстанның медиа-кеңістігі плюрализмнің жетіспеушілігі жəне мемлекетке қарасты БАҚ-
тардың əсіресе теле-радио хабарларын тарату саласында басымдық алуымен ерекшеленеді.
Телеарналар мемлекетке, немесе шенеуніктерге, немесе билікпен біріккен бизнес-құрылымдарға
тиесілі. Ашық сын айтатын жаңалықтар таратушы БАҚ-тар билік тарапынан белгілі бір
қысымға ұшырайды. Елде «заң бұзушылық» деген айыптауларға жиі тап болып жүрген бірнеше
оппозициялық апталық бар. Айыппұл төлету көбінесе БАҚ-тарға қысым көрсету амалы ретінде
қолданылады, сондай-ақ сот шешімімен оларды жауып тастайтын жағдайлар да орын алады.
Қазақстанда жала жабу – жазаға тартылатын қылмыс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |