9
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
қарсыластары – онлайн-компаниялар, медиа жəне азаматтық қоғам ұйымдары – өздерінің күш-
жігерлерін жұмылдырған жəне үйлестірген ақпарат платформасы болғаны – атап өтуге тұрарлық
факт. Желіде саяси белсенділік жеткілікті сирек кездесетініне қарамастан, əлеуметтік жəне
экологиялық мəселелердің айналасында қаржылай қаражат жинау жəне қоғамдық ұстанымдарды
жұмылдыру – барған сайын кең таралған құбылысқа айналып отыр. Интернеттің көмегімен
аралық топтардың, мысалы, ЛГБТ-қоғамдастықтың онлайн-қатысуы да айқындалды.
Жалпы алғанда, цифрлық форматтағы БАҚ-тар санының өсуі қоғамға жəне демократия үдерісіне,
бір саяси партияның жəне оның көшбасшысының басымдығына қарамастан, шектеулі болса да
пайда келтірді. Қалай болғанда да, БАҚ азат емес, ал үкіметтің араласуы қомақты дəрежеде қалып
отыр.
Мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен ықтымақтастық мүмкіндіктері шектеулі болуы себепті,
осы есептеме азаматтық қоғамның ұйымдарын заңнамалық шектеулерге жəне БАҚ-тың реттеуші
органдарға тəуелділігіне байланысты туатын қауіптер туралы азаматтардың, халықаралық
қоғамдастықтың хабардарлығын көтеруге ықпал етуге үндейді.
Бұл есептеменің авторлары мемлекеттік органдармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін үш бағытта:
жиіліктер спектрі, «цифрлық дивиденд» (бұл жағдайда ашықтықты жəне оның əділетті бөлінуін
реттейтін заңнамалық ережелер қажет), сондай-ақ жұртшылықты хабар таратудың цифрлық
форматына көшу туралы хабардар ету бағытында көреді. Азаматтардың хабар таратудың
цифрлық тəсілінің негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардар етілуі – үкімет
атқаратын міндет.
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 0
Мəнмəтін
Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, 1991 жылғы желтоқсанның 16-ында егемен мемлекет
болды. Қазақстан – теңізге шығатын жолы жоқ елдердің арасындағы ең ірі жəне əлемде аумағының
көлемі (2 724 900 шаршы шақырым)
1
бойынша тоғызыншы орында тұрған, халқының саны
16 миллион 878 мыңға жеткен ел. Бұнда халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырым
жерге 6 адамнан келеді. Қазақстан шығысында – Қытаймен, батысы мен солтүстігінде – Ресей
Федерациясымен, оңтүстігінде бұрынғы Кеңес Одағының республикалары: Түрікменстан,
Өзбекстан, Қырғызстан жəне Тəжікстанмен шектесіп, олармен бірге республикамыз тарихи да,
саяси да тұрғыда Орталық Азия деп аталатын аймақты құрайды.
Қазақстан халқы зор этностық əртүрлілігімен ерекшеленеді. Орыс, украин, татар, өзбек, ұйғыр жəне
басқа да ұлттарды қоса алғанда, оның аумағында 100-ден аса халық жəне этностық топ тату-тəтті
өмір сүріп жатыр. Еліміз тəуелсіздік алған 1991 жылы қазақтар этностық азшылықты құрайтын.
Алайда қазақ емес ұлт азаматтарының 1990 жылдары басқа елдерге көптеп қоныс аударуы
себепті жəне мемлекеттің қолдауымен «оралмандардың» елге оралуының нəтижесінде бүгінгі
таңда ел жұртшылығының 63 проценті қазақтар болса, ал орыстар ірі ұлттық азшылық құрайды.
2
Қазақстан – халқының 70 проценті ислам дінін, 26 проценті христиан дінін ұстанатын зайырлы
мемлекет. 2011 жылы ресми танылған діни топтардың санын 46-дан 17-ге дейін қысқартқан жəне
2012 жылдың соңында барлық діни бірлестіктердің үштен біріне жуығын жабылу жағдайына
келтірген «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Бастапқыда бұл заң діни
экстремизмге бақылау жасау шарасы ретінде қабылданғанмен, бірақ, қарсыластардың пікірінше,
ол қойылған мақсатқа қол жеткізуге көп ықпал ете қоймайды. Керісінше, міндетті тіркеудің
көмегімен аталған заң барлық діни бірлестіктерге, оның ішінде «дəстүрлі емес» діндерге де
мемлекеттік бақылау
3
орнатады.
1 Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты http://www.akorda.kz/ru/category/kazakhstan (қолжетімді күн: 2013 жылғы
қаңтардың 7-сі).
2 Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. 2009 жылғы халық санағы, http://www.stat.kz/p_peperis/Pages/default.
aspx (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 3-і).
3 Дж.Лиллис «Қазақстан: діндер туралы заң экстремозммен күрес жолында сенімге шектеу қоя ма? EurasiaNet.org, 2012 жылғы
қарашаның 12-сі, http://www.eurasianet.org/node/66167 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы).
1 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
Мемлекет аумағы 14 облысқа жəне республикалық маңызы бар екі қала – Алматы жəне
Астанаға бөлінген. 1997 жылдың желтоқсанында астана елдің ең ірі қаласы – Алматыдан Ресей
Федерациясына тікелей жақын орналасқан Ақмолаға көшірілді. Еліміздің бас қаласының атауы
1998 жылдың маусымында «Астана» деп ауыстырылды. Ел астанасын көшірудің маңызды
мақсаттарының бірі – ұзақ жылдар бойы экономикалық та, тілдік те тұрғыда орыс ықпалында
болған жəне орыс жұртшылығы басымдыққа ие солтүстік аудандарға бақылау жасауды күшейту
болған-ды. Бірақ бүгінгі таңда да қазақстандық медиа-кеңістікте бұрынғыша Ресейде өндірілетін
орыстілді контенттің үлесі жоғары.
Қазақстан аумағының 60 процентке жуық бөлігін – шөлдер мен шөлейттер, 10 процентін таулар
алып жатыр. 1950 жылдары Қазақстан далалары астықты ауқымды көлемде егіп, өндіру үшін «тың»
жерлерге беріліп, бұл іс-шара Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуды жалғастыруына
жəне əлемдегі ең ірі астық өндірушілердің біріне айналуына септігін тигізді.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың ірі ауқымды қорлары жеткілікті. 2002-2007 жылдарда жедел
макроэкономикалық өсуге қол жеткізу 17 млрд. тонна қоры бар мұнайдың 5,5, млрд. тоннасын
өндіру есебінен іске асты.
4
Сондай-ақ Қазақстан атом энергиясын, басқа да минералдық
ресурстарды өндірудің негізгі шикізаты болып саналатын уран қорлары бойынша əлемнің
көшбасшы елдерінің қатарында тұр.
Халықаралық мемлекеттік емес «Transparency International» ұйымы өткізетін Сыбайлас
жемқорлықты зерттеу индексінде (Corruption Perceptions Index, CPI) Қазақстан 174 елдің
ішінде 133-орынды иеленіп, 2011 жылмен салыстырғанда, 13 орынға төмендеген.
5
Дүниежүзілік
Экономикалық форум өткізетін Мемлекеттік басқару сапасы көрсеткіштерінің халықаралық
зерттеулері Қазақстанның: жұртшылықтың саясатқа қатысуы, билік органдарының есептілігі,
сыбайлас жемқорлықты бақылау, заңның жоғары тұруы жəне мемлекеттік органдардың тиімділігі
сияқты салалардағы жетістіктерінің өте төмен деңгейде екендігін
6
атап көрсетіп отыр.
Өндіруші өнеркəсіптің жеткен жетістіктерінің нəтижесінде еліміз 2008 жылдың экономикалық
дағдарысынан шықты. 1997 жылдың өзінде экономиканың əртараптандырылуы үкіметтің
«Қазақстанның даму стратегиясы: «Қазақстан-2030»
7
бағдарламасы аясында іс-шаралардың
басымдығының бірі ретінде жарияланғанмен, бұл мəселе əлі де шешімі табылмаған күйінде қалып
отыр. Əртараптандыру стратегиялары (мысалы, импорттың орнын алмастыру, индустриялық-
4 «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қорының ақпараттық-талдамалық порталы, http://sk.kz/page/oil-and-gaz (қолжетімді күн: 2012
жылғы қаңтардың 7-сі).
5 Transparency
International,
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 2012 http://www.transparency.org/cpi2012/results (қолжетімді
күн: 2012 жылғы желтоқсанның 23-і).
6 Дүниежүзілік Экономикалық форум, Мемлекеттік басқару сапасының халықаралық көрсеткіштері, Ғаламдық бəсекелестікке
қабілеттілік бойынша есептеме, 2011-2013 жж. Женева, 2011 ж. http://info.worldbank.org/govemance/wgi/sc_country.asp (қолжетімді
күн: 2012 жылғы қаңтардың 7-сі).
7 Н.Назарбаев, «Қазақстанның даму стратегиясы: «Қазақстан-2030», 1997 жылғы қазан, http://mod.gov.kz/mod-ru/index.
php?option=com content&view=article&id=187&Itemid=149 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
Достарыңызбен бөлісу: |