Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
4 0
аздап қосып тарататын (əдетте, күніне 1-2 сағаттан) 14 филиалы жұмыс істейді.
Сарапшылардың
пікірі бойынша, мемлекеттік телеарналар, жалпы, қоғамның мүдделерін емес, меншік иелерінің,
бұл жағдайда – үкіметтің, – тар мүдделерін білдіретіндер деп қабылданады (
2.2.1-тармақты
қараңыз).
Жекеменшік те, мемлекеттік те БАҚ-тар құрамына баспа жəне электрондық БАҚ-тар кіретін
медиа холдингтерге біріктірілген. Мемлекеттік медиа-конгломераттар төмендегі телеарналарды
бақылауда ұстайды:
64
Құрамына: «Хабар», Еларна» жəне «24.kz», «CaspioNet» (2012 жылдың қыркүйегінде атауын
«Kazakh TV» деп өзгерткен) телеарналары жəне «Hit FM» радиостанциясы кіретін «Хабар»
агенттігі. «Хабар» арнасын қабылдау мүмкіндігіне Қазақстан халқының 98,3 проценті ие
болып отыр, «Еларна» арнасының тұтынушылар ауқымы – 85,7 процент. «Хабар» 2008 жылы
мемлекет меншігіне өткенге дейін компанияның жеке тұлғалар иемденіп келген 50 процент
үлесін мемлекет 100 млн. АҚШ долларына сатып алған-ды.
65
Бұрынғы иелерінің аты-жөндері
ешқашан халыққа жария етілмегенмен, «Freedom House» ақпараты бойынша бұл үлестер,
«жалпы пікір бойынша», Дариға Назарбаева мен оның бұрынғы күйеуі Рахат Əлиевке тиесілі
болған.
66
Құрамына: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Мəдениет» (мəдениетке арналған хабарлар
беретін), «Балапан» атты балалар телеарнасы жəне «Білім» ғылыми-көпшілік арнасы, сондай-
ақ «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана» радиостанциялары кіретін «Қазақстан» теле-радио
корпорациясы. «Қазақстан» телеарнасының əлеуетті көрермендер ауқымы ел халқының 87,5
процентін құрайды.
67
2011 жылдың қыркүйегінен бері қарай «Қазақстан» телеарнасы қазақ
тілінде ғана хабар таратады.
«Нұр-Медиа» деп аталатын медиа-холдинг акцияларының 51 проценті – мемлекетке, ал 49 проценті
«Нұр Отан» партиясына тиесілі. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған холдингтің
құрамына «Астана» телеарнасы, екі радиостанция («Радио NS» пен «Іскер толқын») жəне жалпы
тиражы 440 мың көшірмесімен сегіз газет: «Страна и мир», «Дала мен қала», «Айқын», «Литер»,
«Нұр Астана», «Известия-Казахстан», «Түркістан», «Қазақстан теміржолы», сонымен қатар басқа
журналдар мен веб-сайттар кіреді.
64 Қазақстанда БАҚ иелерінің аты-жөндерін ашық айтуды міндеттейтін заң нормалары жоқ.
65 М.Баюхамедова «Қазақстан мемлекеті БАҚ-қа бақылауды күшейтті», Соғыс пен бейбітшілікті зерттеу институты, 2008 жылғы
сəуірдің 4-і, http://www.isn.ethz.ch/isn/Current-Affairs/Security-Watch-Archive/Detail/?lng=en&ots627=fce62fe0 528d-4884-9cdf-
283c282cf0b2&ots736=4888caa0-b3db-1461-98b9-e20e7b9c13d4&id=52059 (қолжетімді күн: 2011 жылғы қазан); «Бүгін аса ірі
ақпараттық мегахолдингке 15 жыл толып отыр», Zakon.kz, http://www.zakon.kz/187812-segodnja-krupnejjshemu-informacionnomu.
html (қолжетімді күн: 2011 жылғы қазанның 5-і).
66 B. Dave,
Ұлттар транзитте: Қазақстан, Freedom House, 2007 ж. 337-бет. http://www.unhcr.org/refworld/pdfi d/4756ad587.pdf
(қолжетімді күн: 2011 жылғы қазанның 8-і).
67 «Қазақстан» теле-радио корпорациясы, «Компания туралы», http://www.kaztrk.kz/rus/corporation/o-korporacyi/ (қолжетімді күн:
2011 жылғы қазанның 5-і).