Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
3 4
1.3.1.4. Онлайн
Қазақстандағы көптеген жетекші БАҚ-тар өздерінің меншікті веб-сайттарын жүргізеді, ал
көпшіліктері əлеуметтік желілерде де белсенділік танытады. Танымал форумдар мен əлеуметтік
желілер ақпарат жеткізу жəне жаңалықтарды талқылау платформалары ретінде пайдаланылады
(3.12-тармақты қарауыңызға болады).
Билікке сын айтатын онлайн-ресурстар қудалауға ұшырайды. «Əділ сөз» қоғамдық қорының
ақпараты бойынша, 2011 жылы 200-ден астам веб-сайттарға қолжетімдік уақытша шектелген
немесе толық жабылған.
57
Бүкіл дүние жүзі бойынша веб-ресурстарды тоқтатып тастау
мониторингін жүзеге асыратын OpenNet Initiative (ONI) саяси бағыт ұстанатын қазақстандық
веб-сайттардың ішінара сүзгіден өткізілетінін мəлімдеді, сондай-ақ интернетке қолжетімдікті
басқару ашықтығының төмен деңгейін атап көрсетті.
58
«Голос республики» жəне «Свободная
Европа» радиосына жататын «Радио Свобода», Azattyq.org, Guljan.org, Stan.tv секілді интернет-
ресурстардың меншік иеленушілері, жауып тастау мен DDoS-шабуылдарды қоса алғанда,
техникалық цензураға ғана емес, сотқа тартылып, қуғындауға да ұшыраған. Сөйтіп, БАҚ-тардың
өздері тоқтатылған контентке қолжетімдікті ашу жөніндегі нұсқаулықтарды жариялауға немесе
ақпараттық материалдарды электрондық жолмен де, əлеуметтік желілердің көмегімен де таратуға
мəжбүр.
Қазақстан жұртшылығы көбірек жүгінетін сайттар, əдетте, Ресей мен АҚШ-та тіркелген, ал сол
уақытта қазақстандық сайттар кең таныла алмай отыр. Интернет-рейтингтер өте өзгермелі, бірақ
көбінесе қазақстандық сайттар Alexa.com əйгілі рейтінгінің танымал сайттарының алдыңғы
10-ғының тізіміне тіпті енбей қалады. Қазақстандағы көш бастаушы шетелдік сайттар – Mail.
ru, Google.kz жəне Yandex.ru сайттары, бірақ жаңалықтар олар ұсынатын қызметтердің азғантай
бөлігін ғана құрайды. Жалпы, қазақстандық жетекші сайттар болып Kolesa.kz сайты (қазір
рейтингте 12-орын иеленіп отырған аттас апталық газеттің «сыңары»), сонымен қатар Nur.kz
(рейтингте 13-орында) интернет-порталы саналады. Жаңалықтар сайттарының арасында кең
танымал болып отырған – ол Alexa.com тізімінде 58-орынға ие Tengrinews.kz.
59
Zero.kz-тегі жаңалықтар сайттарының ішінде Tengrinews.kz көш бастап, рейтингте 8-орынды
иеленіп отыр. Сондай-ақ алдыңғы 10-дық тобына: «Свобода Слова» (бұқаралық ақпарат
құралдары сайттары арасында – 6-орын, жалпы тізімде 19-орын) газетінің бұрынғы бас редакторы
басқаратын Guljan.org, Атыраудан шығатын апталық «Ақ Жайық» (тиісінше 2 жəне 25-орындар)
жəне басқа да тəуелсіз онлайн-ресурстар кіреді. Алдыңғы 10-дық топ көшбасшыларының ішінде
екеуін – жаңалықтардың дəстүрлі БАҚ-тарының онлайн-нұсқаларын («КТК» телекомпаниясының
57 «Əділ сөз» қоғамдық қоры, 2011 жылы Қазақстанда сөз бостандығының бұзылуына мониторинг, http://www.adilsoz.kz/en/cat-
egory/monitoringen (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 20-сы).
58 OpenNet бастамасы, «Қазақстан», 2010 жылғы желтоқсанның 9-ы, http://opennet.net/research/profi les/kazakhstan (қолжетімді күн:
2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
59 Alexa.com, «Қазақстандағы ең танымал сайттар», http://www.alexa.com/topsites/countries/kz, (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазан-
ның 15-і).
3 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
сайттары мен «Время» таблоиді) жəне біреуін – «Казинформ» мемлекеттік ақпараттық агенттігінің
сайтын атауға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының басқа түрлерінің рейтингіне қарағанда,
интернет-ресурстардың рейтингтері көбірек өзгеріп тұрады. Бір жылдың ішінде танымал болған
сайттар келесі жылы өмір сүруін тоқтатуы мүмкін, бірақ Казнеттің көпшілік: Kolesa.kz, Nur.kz,
Zakon.kz жəне Tengrinews.kz секілді кең танылған сайттары рейтингтің жоғарғы орындарын
тұрақты түрде иеленіп келеді.
8-кесте
Бірегей пайдаланушылардың ай ішіндегі саны бойынша
жаңалықтар сайттарының алғашқы 10-дығы, 2012 жылдың қазаны
Барлық сайттар
Жаңалықтар сайттары жəне БАҚ сайттары
№
Сайт
Бірегей
пайдала-
нушылар саны
Сипаты
Сайт
Бірегей
пайдала-
нушылар саны
Сипаты
1
Kolesa.kz
8 635 672
Автомобиль
сату
Tengrinews.kz
1 118 219
Жаңалықтар
сайты
2
Nur.kz
3 317 389
Көпфункциялы
портал
Azh.kz
371 418
«Ақ Жайық»
газетінің (Аты-
рау) сайты
3
Zakon.kz
2 059 205
Заңға қатысты
жаңалықтар
Ktk.kz
328 634
«КТК»
телекомпания-
сының сайты
4
Krisha.kz
1 989 817
Тұрғын үй сату
BNews.kz
307 782
Жаңалықтар
сайты
5
Slando.kz
1 678 987
Жеке
хабарлан-
дырулар
Inform.kz
305 984
Мемлекеттік
«Казинформ»
жаңалық
агенттігінің сайты
6
Vse.kz
1 599 710
Форум
Guljan.org
288 493
Жаңалықтардың
оппозициялық
сайты
7
Kiwi.kz
1 521 329
Бейнематери-
алдармен
алмасу
Nomad.kz
275 377
Жаңалықтар
форумы
8
Tengrinews.kz
1 118 219
Жаңалықтар
сайты
Today.kz
261 746
Жаңалықтар
сайты
9
Kino.kz 979
957
Кинотеатрлар
кестесі
Time.kz 252
410
«Время» газетінің
сайты
10
Namba.kz
908 675
Əлеуметтік
желі
Zona.kz 232
850
Жаңалықтар
сайты
Ескерту.
Zero.kz сайт-серіктестердің трафигін kz доменімен есепке алады.
Дереккөз:
Zero.kz, деректер 2012 жылғы қазанның 19-ында алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |