C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет87/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

               
Оқушылар  жобаларының  ӛзгеру  түрлері 
Оқушылар  жобаларының  түрлері  сан  алуан  идеялардан 
туындайды,  пайда  болады.  Оған  жаңа  жағдайлар,  жаңадан 
алынған  ақпарат,  жаңадан  алынған  құралдар  да  негіз  бола 
алады. 
 
Біздің  тәжірибеміздегі  жобалау  оқушылардың 
кітап  шығару  идеясынан  туындаған  түрін  қарастырып 
кӛрейін.  Ойша  елестетуден  (идеядан)  пайда  болған  болашақ 
кітаптың  (ӛнімнің)  бейнесі  оқушылардың  осы  жұмысты 
бастап  кетуіне  түрткі  болды.  Бұл  жағдайды  бақылау 
барысында  балалардың  тек  қана  кітап  үшін  мәтіндер 
даярлаумен  ғана  емес,  кітапты  тұтастай  елестете  отырып, 
онда  болуы тиіс  суреттер, фотолар, т.б кітаптың  мазмұнына 
қарай құрастыруға тырысқаны байқалды. 
 
Сондай – ақ, жобалау әрекетін бастау үшін белгілі 
бір  тарихи  оқиғамен  танысу  да  себеп  бола  алады.  Оның 
мысалы  ретінде,  біз  бақылаған  оқушылардың  қаладағы 
«жұмбақ»  үйдің  тарихы  туралы  алынған  аз  мағлұмат 
қызықтырғандығын  бір  сынып  үшін  үлкен  жобаны  бастауға 
негіз болғанын айта кетуге болады. 
 
Оқушыларды  ӛз  әрекеттерін  бақылауға  үйрету, 
жобаның 
идеясын 
қайта 
құру, 
дамыту 
арқылы 
бастамасындағы  жоба  мүлдем  ӛзгеріп  те  кетуі  мүмкін.  Оны 
да біздің тәжірибеміздегі балалардың, ең әуелі, ӛз күштеріне 
сеніп  бастаған  «компьютерлік  ойындар  құрастыру» 
идеясының  ӛзгеріп  кеткені  туралы  мысалмен  түсіндіруге 
болады.  Атап  айтқанда,  компьютерлік  ойын  бағдарламасын 
жасау барысында графикалық элементтер құру қажет болды. 
Оның  бірнеше  нұсқаларының  сәтті  жасалуы  оқушылардың 
жаңа  ӛнім  жасауда  шешім  қабылдап,  «компьютерлік 
ойындар  құру»  идеясы  «графикалық  ӛнімдер»  жасап, 
тәжірибеге  ұсынумен  ауыстырылды.  Міне,  осылайша 
жобалаудың ӛте күрделі түрі таңдалатын болса, оған қызығу 
бірте  –  бірте  азайып,  басқа  жобаға  ауысып  кету,  не  жобаны 
аяқтамау сияқты жағдайлар да болуы мүмкін.  
 
Бұған 
ұқсас 
жобалар 
оқушылардың 
жас 
ерекшеліктеріне  сәйкес  келмейтін,  тым  оңай,  әрі  тез 


 
216 
орындалатын  жобалар  таңдағанда  да  бола  алады.  Осы 
мысалдар  арқылы  жобаның  пайда  болу  идеясы  оны  жүзеге 
асыру процесі, нәтижесі немесе ӛнімі туралы идеяның ӛзгеру 
мүмкіндіктерінің  арасындағы  тығыз  әрі  күрделі  байланыста 
екенін  кӛрсетеді.  Мысалдарға  сүйене  отырып,  жобалардың 
ӛзгеру түрлерінің тӛмендегі нұсқалары бар деуге болады. 
Идеяның пайда болуы: 
а)  белгілі  бір  құбылыстың  немесе  бейненің,  обьектінің 
түрткі болуынан; 
б)  жоба  нәтижесіне  жеткізетін  жаңа  құралдар  пайда 
болуынан; 
в) тарихи оқиға, сипаты немесе ерекше тарихи тұлғаның 
түрткі болуынан; 
        Идеяны  жүзеге  асыру  арқылы
:  а)  нәтижеге  қол 
жетуі;  б)  идеяның  жұмыс  барысында  күрделенуі  арқылы 
оның  бір  жақты  бӛлігі    бӛлініп,  жоба  ретінде  алынады.  
Идеядан бас тарту жағдайлары: орындау жасы тым жеңіл, әрі 
жедел  орындалуы  мүмкіндігі  анықталғанда,  орындау  жолы 
ӛте  күрделі,  әрі  қалыптасқан  жағдайлар  мен  ресурстарға 
сәйкес келмеген жағдайда; 
Аталған сипаттамалар-негізінен оқушылардың жобалау 
әрекеттеріне  тән  құбылыстар.  Ал,  егер  оқушылардың 
жұмысына  педагогтар  немесе  басқа  да  ересек  адамдар 
араласқанда  аталған  жағдайларға  ӛзгеріс  енеді.  Ӛйткені, 
педагог  оқушыларға  алға  қойған  жобалау  әрекеті  бойынша 
кездесуі  мүмкін  мәселелерді  кӛрсетуі,  ресурстардың 
шектеулілігі,  т.б  айқындап  беруі.  Мысалы,  оқушыларға 
экскурсия  алдында  нақты  тапсырма  беруі  арқылы  мұғалім 
оқушыларға  ӛз  ойларын  үнемі  жинақтап  отыруға  үйренеді, 
сол  арқылы  экскурсия  нәтижесінде  жаңа  жоба  жасауға 
тартуға да мүмкіндік алады. 
 
Жобалау  ситуациясының  барлық  қырларын 
байланыстыра  отырып,  педагог  идея  мен  оны  орындау 
жолдарының  тиімді  құрылымын  жасақтауға  ықпал  етеді. 
Сондай–ақ,  мұғалімнің  үнемі  бақылап,  түзетіп  отыруы 
оқушыны ӛз ісін аяқтай білуге үйретеді. 
 
Бұл  жағдайлар,  жобалау  әрекетінде  оқушымен 
қатар  педагогтың  жетекші  рӛлін  тағы  да  дәлелдейді.  Оқыту 
әрекеттеріне айырмашылығы–оның еркіндігінде. Сондықтан, 


 
217 
жобалау  әрекетінің  тиімді  болуының  маңызды  факторы–
педагогтың  кәсіби  құзіреттілігінде.  Жобалауға  негізгі 
әрекеттерді сырттан байлап беруге де, нұсқаулықтар жасауға 
да  болмайды.  Оның  басты  құралдары–үнемі  қадағалау  және 
түзетіп  отыру  ғана.  Мұғалім  басшылығымен  орындалатын 
жобалар да тӛмендегі ӛзгерістерге түсе алады, пайда болады, 
дами алады. 
Мұғалім 
ұсынған 
жобалау 
идеясы, 
тақырыбы, 
оқушының шығармашылық жұмысын айналып, оның ізденіс 
тақырыбына, баяндамаларына айналады. 
Мұғалім  ұсынған  шығармашылық  жұмыс  тақырыбы 
жобалау  идеясына  айналып,  идея  мен  оны  орындау  бірігіп 
кетеді.  Жобалау  ӛнімі  нәтиже  ретінде  айқындалып,  ол 
орындау  жолдары  мен  ресурстарын  қамтиды.  Бұл  жағдайда 
идея мен оны орындау бірлігі тиімді болғанымен креативтік 
деңгейі тӛмен болуы мүмкін. 
Жобалаудың күтілетін нәтижеге қатысты құрылуы. Бұл 
кезде  нәтиженің  сипаттамасы  нақты беріліп, оны  орындауға 
барлық  жағдайлар  жасалады,  бұнда  шығармашылық  аспект 
аз  қаралып,  ӛнімнің  сипатына  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді.  Оның 
оқушылар 
үшін 
маңыздылығы, 
ӛз 
әрекеттерін 
ұйымдастыруда сыртқы талаптар мен жағдайларды ескеруге, 
үйренуге мүмкіндік жасалатынында. 
Қорыта  келе,  жобалау  әрекетін  ұйымдастыруда  осы 
ерекшеліктерді  ескере  отырып  топтар  құру,  оқушылардың 
ӛзгеріске түсетін жобаларға қатысуға мүмкіндік жасау қажет 
болады дейміз. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау