C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет78/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

 
 
 
 


 
178 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
1.
 
Педагогикалық 
әрекеттерді 
жобалау  
технологиясының кезеңдеріне сипаттама беріңіз. 
2.
 
Инновациялық 
үдерістерді 
жобалау 
технологиясына қойылатын талаптар. 
3.
 
Педагогикалық  жобалауға дайындық мазмұны. 
4.
 
Педагогикалық 
ұжымның 
инновациялық 
мүмкіндіктерін        дамыту  жобасы  негізінде  оның 
барлық кезеңдерін қамти отырып, берілген үлгімен  
ӛзіңіз 
үшін 
ӛзекті 
тақырыптағы 
жоба 
құрастырыңыз және оны топпен талқылыңыз. 
5.
 
Жобаны  бағалау  кӛрсеткіштерін  жасап,  ӛз 
жобаңызды бағалаңыз. 
6.
 
Жобалаудың  дәстүрлі  әдістемелік  шаралардан 
айырмашылығын мысалдар арқылы ажыратыңыз. 
 
 
 
6.  Педагогикалық  ҧжымның  даму  бағдармаласын 
жобалау технологиясы   
Жобалау  әрекетінің    нәтижесі  мақсаттық-бағдарлы 
жобалармен  қатар   
ұйымның  даму  бағдарламалары
  түрінде 
де  жасалады.  Оның  құрылымы  негізінен  жобалардың 
құрылымына  ӛте  ұқсас  келеді,  бірақ  мазмұны  мен  түрі 
жағынан айырмашылықтары бар.   
Аталған    бағдарламаны  жүйелілік  тұрғыдан  құрастыру 
жоспарланған  нәтиже  мен  оған  жету  жолдарының 
арасындағы  ӛзара  байланыстың
  болуын  кӛздейді.  Даму 
бағдарламалары тӛмендегі мазмұнда құрастырылды: 

 
Бағдарлама   мақсаты мен құрылымдық логикасын 
анықтау; 

 
Білім  беру  ұйымының,  педагогикалық    үдерістің 
мәселелерін  диагностикалау жолдарын анықтау;  

 
Білім  беру  ұйымының,  педагогикалық    үдерістің 
күтілетін жаңа сапасын белгілеу; 

 
Оған жету жолдарын анықтау;    

 
Білім  беру  ұйымының,  педагогикалық    үдерістің 
дамуын басқарудағы мақсатты нақтылау; 


 
179 

 
Оны  орындаудың  нақты  іс-әрекеттер  жоспарын 
жасау;  

 
Бағдарлама құрастырушылар тобын анықтау; 

 
Бағдарламаны  жүзеге  асыру  және  басқаруды 
жоспарлау; 

 
Бағдарламаның 
орындалуын 
кӛрсететін 
индикаторларды белгілеу. 
Бағдарлама  құрастыру  жұмысының  нәтижесі  –  құжат 
ретіндегі  даму  бағдарламасын  мәтіні.  Оны  құрастырудың 
ӛзіндік   талаптары болады: құжатты  оқитын, пайдаланатын, 
оның  орындалуы  мен  реттелуін  қадағалайтын      адамдарды 
анықтау,  сол арқылы    құжаттың жазылу стилі, құрылымы, 
саны,  сақталатын  орны  анықталады;  құжаттың  бекітілу 
деңгейін  анықтау,  мысалы,  педагогикалық  кеңес,  басқару 
кеңесі,  жалпы  жиналыс,  білім  басқармасы  т.б.,    бағдарлама 
негізіне  жасалатын  құжаттарды  белгілеу,  мысалы,  жылдық 
жоспарлар,      құрылымдар  жоспарлары,  кейбір    нормативтік 
құжаттар. 
Бағдарламаның  құрылымы  оның  идеясын,      мақсатын, 
таңдаған даму бағдарын кӛрсетеді,  сонымен қатар, тӛмендегі 
міндеттерді орындайды: 

 
бағдарламаның кімге арналғаны анықталады; 

 
білім  беру  ұйымының  даму  тұжырымдамасы 
нақтыланады; 

 
білім  беру  ұйымының  жетістіктері  талданып, 
мәселелері айқындалады; 

 
білім  беру  ұйымы  дамуының  ішкі  ресурстарына 
баға беріледі; 

 
бағдарламаның 
теориялық 
негіздері 
қарастырылады; 

 
білім  беру  ұйымы  қызметінің    басым  мақсаттары 
мен даму жолдары анықталады; 

 
даму 
міндеттеріне 
сәйкес 
жобалар 
құрастырылады; 

 
бағдарламаны орындау кестесі жасалады; 

 
бағдарлама жобасы сараптаудан ӛткізіледі. 
Сонымен 
қатар, 
жобалардағыдай, 
даму 
бағдарламасында  тӛмендегідей  мағлұматтар  берілуі  талап 
етілді:  педагогикалық    ұжымның    сол  кезеңде  қол  жеткен 


 
180 
нәтижелері  туралы;  одан    жоғары  нәтижелерге    жетудің 
мүмкіндіктері  туралы;  жоғары  нәтижелерге  жетудегі 
кедергілерді  анықтау  және  оны  болдырмауға  қажет 
ресурстар туралы. 
Бағдарламаны  жүзеге  асыру  бірнеше  жылдарды 
қамтитын  болғандықтан,  оның  аралық  орындалу  кезеңдері 
белгіленді,  әдетте  оқу  жылдарын  кезең  ретінде  алып  отыру 
қолайлы  деп  есептеледі.  Бұл  жағдайда  жобалар  сияқты,  әр 
кезеңнің  мақсаты  мен  міндеттері,  күтілетін  нәтижелері, 
орындалу  әдістері  мен  нәтижені  бағалау  кӛрсеткіштері,  оны 
ӛлшеу құралдары айқындалды. 
Бағдарлама  мазмұнына  сай  ӛзгерістердің  бірнеше 
кезеңдері белгіленді: 
Қазіргі  жағдайды  талдау
  немесе  жобалау  алдындағы 
зерттеу  жұмысы
–қалыптасқан  мақсат,  міндеттер  жүйесіне, 
оны  жүзеге  асыру  құралдарына,  білім  беру  әрекеттерінің 
жағдайына,  нәтижелері  мен  бағалау  жүйесіне  сипаттама 
беру; 
Жобаны  құрастыру 
–  білім  беру  үдерісіне  ендірілетін 
ӛзгерістерді және оның нәтижелерін
 жобалау;
 
Басқарушы және педагогтарды педагогикалық  үдеріске 
ендірілетін  ӛзгерістерге  теориялық,  әдістемелік  және 
психологиялық  даярлау,  жобаланған  ӛзгерістерді  қоғам 
тарапынан  қолдау  ісін  ұйымдастыру 
немесе  жоба  туралы 
келісімге келу

Жобаны 
нормативтік, 
ұйымдастырушылық, 
материалдық және қаржылық қамтамасыз ету; 
Білім  беру  үдерісіне  шағын  ӛзгерістер  ендіру  (білім 
жүйесінің  белгілі  сатыларына  ғана,  немесе,    жеке  пәндерді 
оқыту кӛлемінде, т.б.) 
Білім  беру  үдерісіне  жүйелі  ӛзгерістер  ендіруге  кӛшу, 
немесе 
жобаны жүзеге асыру; 
Белгілі  кезеңдерде  қол  жеткен  нәтижелерді  талдау, 
басқару  және  әдістемелік  шараларға  түзетулер  мен 
толықтырулар  ендіру,  педагогикалық    үдерістің  сапасын 
ӛзгертудегі  перспективалық  бағыттарды  анықтау 
немесе  
жобаны қорыту. 


 
181 
Бұл  кезеңдер  де  ӛзгертіле  алады,  әр  кезеңнің  ұзақтығы 
да  әр  түрлі  болу  мүмкін,  сонымен  қатар  әрекеттер  түрлі 
болатыны сӛзсіз. 
Даму 
бағдарламасын 
құрастыруда 
тӛмендегі 
талаптардың орындалуы қамтамасыз етілді: 
біріншіден,  педагогтардың,  ата-аналардың, 
білім 
алушылардың 
оны 
құрастыруға 
қатысуы
 
аталған 
бағдарламаның  шын  мәнінде    білім  беру  ұйымын  дамыту  
құралына айналуына мүмкіндік береді; 
екіншіден,  бағдарламаның 
жүйелілігін
  қамтамасыз  ету, 
оның  мақсат  міндеттері  мен  жүзеге  асырылу  құралдарының 
ӛзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз болады; 
үшіншіден,      бағдарламаның  орындалу  барысы  туралы 
ұжымды,  ата-аналарды  және  білім  алушыларды,  сыртқы 
ортаны 
хабардар  етіп  отыру 
  міндетті  болып  табылады. 
Оның формасы ретінде білім беру мекемелерінің кӛпшілікке 
ұсынылатын есеп ретіндегі баяндамасын алуға болады. 
Бағдарламалардың  нұсқаларын      екі  негізгі  топқа 
біріктіруге  болады.  Олар: 
жаңа  талаптар  мен  іс-
әрекеттерді  орындауға  бағытталған  бағдарламалар; 
педагогтардың    инновациялық  әрекеттерін  қолдауға 
бағытталған
  бағдарламалар.  Сонымен  қатар,  тәжірибеде 
осы  нұсқалардың  араласқан  түрін  білім  беру  нәтижелерін 
кӛтеру үдерісін басқаруда кездестіруге болады. 
Бағдарламаның  білім  беру  үдерісін  жаңаша  құрудағы 
негізгі  бағыттары  белгіленіп,  олар  бӛлімдер  ретінде 
ұсынылды: 
-
 
Жаңа 
білім 
беру 
стандарттарына 
кӛшуді 
ұйымдастыру: 
-
 
Оқу жоспарының варианттарын таңдау. 
-
 
Пәнаралық 
нәтижелерге 
бағытталған 
жұмыс 
жоспарларын құрастыру. 
-
 
Оқу үдерісін жоспарлау. 
-
 
Оқу  тәртібін белгілеу. 
-
 
Сабақ кестесін жасау. 
-
 
Білім беру технологияларына ӛзгерістер енгізу. 
-
 
Оқулықтардың пәндік-әдістемелік түрлерін таңдау. 
-
 
Бейіндік оқытуды ендіру. 
-
 
Желілік қарым–қатынасты орнату. 


 
182 
-
 
Элективтік  таңдау  және  факультативтік  курстарды 
таңдау және мазмұнын құрастыру. 
Білім беру үдерісін жаңаша  ұйымдастыру: 
-
 
Білім  алушылардың  қорытынды  және  аралық 
бақылау жүйелеріне ӛзгерістер енгізу. 
-
 
Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау. 
-
 
Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау. 
-
 
Функционалдық 
сауаттылық 
пен 
түйінді 
құзыреттіліктерді бағалау. 
Білім 
беру 
үдерісінің 
мектепішілік 
сапалық 
кӛрсеткіштерін анықтау. 
Мектептің жаңаша  ұйымдастырылу сапасы: 
Жаңа қарым-қатынас талаптары. 
Білім 
берудің 
әртүрлі 
жүйелерінің 
орынды 
пайдаланылуы  (  ӛз  бетімен  білім  алу,  қосымша  білім  беру, 
шығармашылық  тәжірибелер, т.б.). 
Ӛзін - ӛзі басқару ұйымдары. 
Педагогикалық    үдеріске  қатысушылардың  құқықтары 
мен міндеттерінің үйлесімді сақталуы. 
Педагогикалық  және  әлеуметтік  бастамаларды  қолдау. 
Әлеуметтік жобалау. 
Білім  берудің  нәтижелеріне  қоғамдық  сараптама 
жасалуы және мектептің қоғамдық аттестациялаудан ӛтуі. 
Мектептегі білім беру ортасы 
Басқа  мекемелерімен  -  мектепке  дейінгі  білім  беру, 
қосымша  білім  беру,  кәсіптік  білім  беру  мекемелерімен, 
мәдениет және спорттық ұйымдармен ӛзара байланысы.
 
Ата-аналармен 
педагогикалық 
серіктестік 
тұрғысындағы қарым-қатынасы.
 
Қоғамды ұйымдармен қарым-қатынасы.
 
Мемлекеттік  мекемелермен  және  түрлі  меншік 
иелеріндегі 
ӛнеркәсіптермен, 
мекемелермен 
қарым-
қатынасы.
 
5.  Педагогтарды    инновациялық    міндеттерін 
орындауға даярлау 
Педагогикалық мақсат қою жүйесін басқару. 
Кәсіби жетілдірудің түрлері мен әдістері. 
Педагогтардың  құзыреттілігін дамыту бағдарламасы. 
Педагогтарды құзыреттілігін дамытуға ынталандыру. 


 
183 
Педагогикалық  ұйым  мүшелерінің  ӛзара  қарым-
қатынастары. 
        Даму 
бағдарламасын 
құрастыру 
бірнеше 
кезеңдерден тұрады: 
Бірінші  кезең:  білім  беру  нәтижелерін  бағалау  кезеңі. 
Басқарудың  теориялық  моделі  білім  беруді  жаңартуды  қол 
жеткен  білім  беру  нәтижелеріне  талдау  жасаудан,  оларды 
білім  берудің  жаңа  нәтижелеріне  жету  үшін  қойылған 
мақсатпен  салыстырудан  бастау  тұрғысынан  қарастырады. 
Бұндай  баға  беруді  педагогтар  мен  білім  алушылар,  ата–
аналар арасында жүргізілген сауалнамалар қорытындаларын, 
қоғамдық 
сараптама 
мен 
қоғамдық 
аттестациялау 
қорытындыларын 
жинақтау 
негізінде 
ұйымдастыруға 
болады.    Білім  беру  нәтижелерін  бағалау  бір  жолғы 
жүргізілетін  үрдіс  болмауы  да  мүмкін,  оның    ұзағырақ 
мерзімді  қамтуы,  оның  ішінде  білім  беру  үдерісі 
субъектілерінің  мақсат  қоюшылық  технологиясын  дамыту, 
білім  беру  мақсатын  қайта  қарастыру  кезеңдері  ретінде 
жүргізілуі мүмкін. 
Білім  беру  нәтижелерін  бағалауды  тақырыптық  
семинарлар,  тренингтер,  конференциялар,  педагогикалық 
кеңестер,  әдістемелік  кеңестер  түрінде  ӛткізіп,  оларда 
нәтижелердің  алуан  түрлері  талдауға  болады.  Бұл 
шаралардың  алдында  міндетті  түрде  ақпараттарды  талдау 
әдістері, оларды жинақтау мен талдау жұмыстары жүргізілуі 
тиіс. 
Екінші кезең: жобалау кезеңі
 
Бұл  кезеңде  білім  беру  бағдарламаларыны  нұсқаларын 
таңдау  жүзеге  асырылады.  Нұсқаларды  таңдау  еліміздегі 
білім  беру  сапасын  арттыруды  кӛздейтін  нормативтік 
құжаттарға,      білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру 
ерекшеліктеріне,      ұйымдастырылу  мәдениетіне,  педагогтар 
кәсібилігіне  қатысты  жүргізіледі.  Онда  білім  беру 
нәтижелерін  кӛтерудің  түрлі  жолдары  мен  әдістері,  түрлі 
білім  мекемелерінде  жүргізілген тәжірибелік, инновациялық 
жұмыстар  қорытындылары,  ғылыми  және  әдістемелік 
әдебиеттердегі  теориялық  және  практикалық  зерттеулер 
туралы  ақпараттар  мен  мәліметтер  жинақтау  және  талдау 
жасалады.  Аталған  бірінші  және  екінші  кезеңдердегі 


 
184 
бағдарлама мазмұны орындалу мерзімі бойынша аралас келуі 
де,  ұжымның  аналитикалық  –  талдау  түрінде  жүзеге 
асырылатын 
кәсіби 
деңгейін 
кӛтеруге 
бағытталған 
бағдарлама ретінде де қарастырыла алады. 
Бұл  жұмыстардың  қорытындалары  ретінде  білім  беру 
нәтижелерін  кӛтерудің  түрлі  жолдары  мен  әдістері  туралы 
мәліметтер жинақтары
 жасалады. 
Келесі  қадам  болуы  мүмкін  ӛзгерістердің  жобалық 
матрицаларын  құрастыру.  Бұндай  матрицаларды  ӛзгерістер 
жасалатын  әрекеттің  әрбір  бағыты  үшін  жасаған  дұрыс 
болады.  Нұсқаларды  таңдаудың  критерийлері  ретінде  қол 
жеткен  нәтижелерді  бағалау,  білім  беру  жүйесінің  әлеуеті, 
басқару  стратегиясының  моделі  (дәстүрлі,  инновациялық, 
эксперименттік). 
Осылардың 
қорытындысы 
бойынша 
бірнеше бағыттарды матрицалар  құрастыруға болады. Олар: 
білім  беру  үдерісі,  мектептің  ұйымдастырылу  мәдениеті, 
білім беру ортасы, педагогтардың әлеуетіне қатысты.  
Матрицаларды  құрастыру  үдерістер  сипатында  болып, 
ұжымды  білім  беруді  жаңарту  бағдарламасын  орындауға 
даярлау  кезеңінен  тұрады,  ол  үшін    инновациялық 
бағыттарды ендіру үшін арнайы  даярланған топ құрылады.  
Үшінші кезең: модельдеу кезеңі 
Бұл  кезеңде  мектептің  білім  беру  жүйесіндегі 
ӛзгерістердің  бӛлек–бӛлек  матрицаларын  ӛзара  келісімге 
келтіру  нақты  жобалар  құрып,  олардың  орындалу  кезеңдері 
анықталады. 
Осы  кезеңге  дейін  мектептің  білім  беру  жүйесінде 
болатын барлық ӛзгерістердің негізгі бағыттары анықталады, 
ұжымның  білім  беру  нәтижелерін  кӛтеру  бағдарламасын 
орындауға даярлығы қамтамасыз етіледі. Даярлықтың шарты 
ұжымның 
стратегиялық 
әрекеттерінің 
нақтылануы, 
мектептің 
перспективалық 
даму 
бағдарламасының 
құрастырылуы  болып  табылады.  Бұндай  бағдарламаны 
орындаудағы  жетекші  элемент  ретінде  жобалау  тобын 
қалыптастыру  және  жеке  бағыттарды  орындауға  жауапты 
адамдарды  тағайындау  есептеледі.  Бағдарламаны  орындау 
алдында оны басқарудың жағдайлары жасалады. Олар, білім 
беру  жүйесінің  барлық  элементтеріндегі    ӛзгерістерді 
құқықтық 
қолдауды 
қамтамасыз 
ететін 
жекелеген 


 
185 
нормативтік  актілерді  жасаудан  тұрады.  Бағдарламаның 
басталуы  алдында  оның  орындалуының  бақылау  түрлері 
белгіленеді  және  оның  білім  беру  үдерісі  субъектілеріне 
таныстыру технологиялары анықталады. 
Ұйымның даму бағдарламасын жасаудың негізгі мәнісі 
білім  беру 
ұйымының  жалпы  әлеуетіне  баға  беру,  сонымен 
қатар,  оны  кӛтеру  мүмкіндіктерін  анықтау  және  жүзеге 
асыру
  шараларын  белгілеу  болып  табылады.    Соған  сай, 
оның  әлеуеті  ӛзі  жете  алатын,  жетуге  болатын  білім 
нәтижелерімен және қолда бар ресурстарымен айқындалады. 
Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі    білім саласындағы 
жалпы  саясатқа,    білім  беру  ұйымының  орналасқан  жеріне  
(ауыл,  аудан,  қала),  сонымен  қатар,  білім  беру  ұйымының 
ӛзіне,  оның  қажет  ресурстарды  тарта  білу  қабілетіне  де 
байланысты болып келеді. 
Бағдарлама  білім  беру  ұйымының  ӛзінде  бар 
мүмкіндіктерге  сай 
даму  бағытында  ӛзгерістерді
  енгізудің, 
ресурспен  қамтамасыз  етілудегі  ӛзгерістердің
,  қолда  бар 
ресурстарды  пайдаланудағы  ӛзгерістердің 
жоспарлануын 
қамтамасыз етеді.  
Педагогикалық  жүйені  дамытуды  жобалар  кӛбінесе 
даму  бағдарламасының  бір  бӛлігі  ретінде  де  немесе  ӛз 
алдына дербес те жүзеге асырыла алады. Бұлардың қайсысын 
алсақ  та,  педагогикалық  жүйенің  мәселелерін  анықтау,   
оның  құрылымдары  мен  компоненттерін  мақсатты  түрде 
дамытуды,  ондағы  негізгі  үдерістерге  ӛзгерістер  енгізуді 
кӛздейді.      Бұл  ӛзгерістер  қалыптасқан  жүйені  күтілетін 
жүйеге сәйкестендіру  үшін  іс жүзіндегі 
жүйенің белгілі бір 
қызметін      ӛзгертіп
,    оны    күтілетін  жүйе  деңгейіне 
жеткізетін
  жаңа  сипатты  жүйе  құрастыру,
  іс  жүзіндегі 
жүйеден  күтілетін 
жүйеге  ӛту  процесін  жоспарлау 
және
   
шешімді
 жүзеге асыру логикасында жүзеге асырылады.  
Қорыта келе, басқарудағы мақсаттық-бағдарлы жобалау  
технологиясы  жүйенің  ӛзіндік  ұйымдастырушылық  қабілеті 
оның құрамындағы  субъектілік компоненттердің ӛз бетімен 
білім  алуы  мен  ӛзін-ӛзі  дамыту  сапаларын  педагогикалық 
жүйелерді  дамытуға  жұмылдыра  алады,  сонымен  қатар, 
аталған  сапалар  жүйе  қызметінің  басты  мақсаты  болып 
табылады.     


 
186 
 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау