C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет54/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

қажетті  және  жеткілікті
 
болуы  тиіс.  Компоненттер  құрамына      енгізілетін  ӛзгерістер 
міндетті  түрде  негізделеді,  оның  себептері  мен  нәтижелері 
алдын  ала  нақтыланады.  Соған  сай,  педагогикалық 
жүйелерді 
басқарудағы 
жобалау 
қызметі 
жүйенің 
құрылымдық толықтығын
    ӛзгертпей,  оған  жаңа  компонент 
қосылмайтындықтан  қажетті  және  жеткілікті  құрылымдық 
логикасын бұзбайды.  
   Жобалау  – бұл, ең алдымен  – ойлау қызметі, ӛйткені, 
оның  барысында  оймен  болжам  жасау,  ойша  құрастыру 
жүзеге асырылады. Жобалау «алға қойылған» деген ұғыммен 
түсіндірілетіндіктен,  оны      шешім  қабылдау  үшін  алға 
қойылған   
ойлау  қызметі
  деуге  болады.  Мысалы:  адамның 
ӛзінің    әрекеттерін  басқаруда  алға  қойылған  ойлау  қызметі; 
бірлескен әрекеттерді орындауда ӛзге адамдарды тарту үшін 
олардың  алдына  қойылған  ойлау  қызметі,  мәселенің 
шешілуіне  ықпал  ете  алатын  адамдардың  алдына  қойылған, 
ойлау қызметі ресурстық қамтамасыз ете алатын адамдардың 
алдына қойылған, ойлау қызметі жобалау нәтижелі болуына 
мүдделі адамдардың алдына қойылған ойлау қызметі, т.б.  
Бұлардың  барлығы  да  жобалаудың  ойлау  қызметімен 
байланысты  екенін  кӛрсететіндіктен,  басқа  адамдарға 
түсінікті құжат болуын талап етеді.  Оның 
негізгі белгілері
:  
− мәселенің нақты және кешенді қойылуы; 
− күнделікті атқаратын қызметтен бӛлек шектелуі; 
− айқын мақсаты болуы; 
− ресурстардың нақты жоспарлануы; 
−  уақыттың  (жобаның  басталуы  мен  аяқталуы)  дәл 
кӛрсетілуі; 
− ішкі ұйымдастырылу түрінің белгіленуі; 
− кімге арналғанының белгіленуі; 


 
113 
− 
нәтижелердің 
тиімділігін 
 
нақты 
тексеру 
ӛлшемдерінің болуы. 
Педагогикалық
 
жобалаудың 
заңдылықтарын 
қарастыруда
  оның  жүйелілік,  синергетикалық  қасиеттерін, 
жүйенің  ӛмір
  сүру  және  дамуы  жағдайлары  туралы 
түсініктерді ұғыну қажет. Сондықтан, жобалаудың ӛзіне тән 
заңдылықтары  мен  принциптерінің 
    анықталуы  және 
сақталуы  тиіс.  Мысалы,  Ю.  А.  Конаржевский  ұсынған 
басқарудағы  демократиялық пен  ізгіліктік заңдылықтарын 
орындау 
түрлі  деңгейдегі  жүйелерді  басқарушылардың, 
педагогтар 
мен 
білім 
алушылардың, 
ата-аналардың  
белсенділіктерін    жобалауда  пайдалануға  ықпал  етеді.  Бұл 
шешім  қабылдауда,      қатысушыларды    таңдауда,      қажетті 
ақпараттарды  алуда,    педагогтардың      ұйымдағы 
мәселелерден    хабардар болуында аса маңызды.   
Жобалау қызметіндегі ізгіліктік кӛзқарас – адамдардың 
бірлескен  әрекеттерін  ұйымдастыру,  олардың  ӛзін  -  ӛзі 
басқаруға  жағдай  туғызуы  болып  табылады.  Ізгіліктік 
құндылықтарына  сүйене  отырып,  басқару    әр  адамның 
ӛзіндік  құндылығын,  адами  кӛзқарастарын  дамытуды 
кӛздейді. Сӛйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым-
қатынастың орнығуына  негіз болады. 
 
Жобалау  ұстанымдарын  шетелдік  және  ресейлік 
ғалымдар  түрліше  анықтайды,  мысалы
:  Дж.  К.  Джонстың 
зерттеулерінде  олар:  дәстүрлілік  пен  жаңашылдықтың 
байланысы мен тепе-теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму 
аймағын»  жобалау;  күтілетін  нәтижелердің  жобалаушы 
адамдарға  қатыстылығы;  алынған    нәтижелердің  ұйымда 
институциялануы,  бекітілуі;  белгілі  бір  әлеуметтік  топтар 
мәселесін  шешу  мақсатына  бағдарлылығы      болса,    М.  М. 
Поташник 
оларды 
жаңалықтық 
ұстанымы 
(мақсат 
міндеттеріндегі,  мазмұнындағы,  ұйымдастыру  тәсіліндегі, 
басқарудағы,  т.б.),  мақсатқа  бағыттылық  ұстанымы  (белгілі 
бір  нәтижені  нақты  жүзеге  асыруға  бағытталғандығы), 
жүйелілік  принципі,  сабақтастық  ұстанымы,  ғылымилық 
ұстанымы, 
технологиялылық 
ұстанымы, 
нақтылық 
ұстанымы,  ресурстық  қамтылу  ұстанымы,  оңтайлылық 
ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады. 


 
114 
Бұл  пікірлер  жобалау  әрекетінде    негізге  алынатын  
ұстанымдарды  құрайды.  Біздің  зерттеуіміз  бойынша, 
педагогикалық   жобалауды жүзеге асыруда 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау