C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет31/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

Оқыту/тәрбиелеу  құралы  ретінде
–білім  берудің 
дәстүрлі  түрлерінен  бӛлек  қосымша,  сабақтан  тыс 
түрлерінде,  мысалы,  дипломдық  жұмыс,  ғылыми  жобалар 
жазуда пайдалану; 
Процедуралар  ретінде
–мысалы,  басқару  үдерісінде 
пайдалану; 
Дамыту түрі ретінде
 – инновациялық жолмен дамыту 
сипатында  жүйелерді, құбылыстарды, үдерістерді дамытуда 
пайдалану.  Дамыту–педагогикалық  жүйенің  әлеуметтік 
қызметін  жоғары  деңгейде  жүзеге  асырудағы  немесе  жаңа   
функцияны  іске  асырудағы    білім  беру  жүйесіндегі 
(құрылымындағы, 
жүйеаралық 
байланыстардағы, 
әлеуетіндегі)  сапалы ӛзгерістер.   
        В.  И.  Слободчиков  педагогикалық  жобалаудың  екі 
түрін ажыратады, олар: 
Біріншіден,  оқытуды  әрекеттердің  тәсілдерін  игеру 
ретінде 
қарастыра 
отырып, 
білім 
беру 
үдерісін 
педагогикалық – психологиялық жобалау; 
Екіншіден, 
білім 
беру 
үдерістері 
жүргізілетін 
институционалдық  құрылымдар  мен  білім  беру  ортасын 
әлеуметтік –педагогикалық жобалау; 
В. П. Бедерханова да жобалаудың кӛптеген тәжірибелік 
нұсқаларын талдай отырып, жобалауды екі үлкен бағыттарға 
ажыратады.  
Біріншісі, 
интенсивтік  сипаттағы  жобалар  жасау 
және  жобалау
  әрекеттері.  Оларға  ұйымдастырушылық–
әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау жиындары.  


 
75 
Екіншісі, 
жобалау 
әрекеттері 
негізінде 
ұжым 
мүшелерінің  бірлесе  отырып  қадамнан–қадамға  аяқ  басуы 
арқылы білім беру мекемесіне гуманитарлық бағдар беру.    
    Педагогикалық  жобалаудың  жаңарту  нысанына, 
мақсаттық  бағыттарына  және  нәтижелеріне  байланысты 
бүгінгі таңда негізгі үш түрі белсенді дамып келеді: 

 
әлеуметтік–педагогикалық 
жобалау, 
олар 
әлеуметтік 
ортаны 
ӛзгертуге 
немесе 
педагогикалық  құралдар  мен  әдістер  арқылы 
әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;  

 
психологиялық–педагогикалық  жобалау,  оның 
мақсаты 
адамдар 
мен 
олардың 
қарым–
қатынастарын  білім  беру  үдерісі  барысында 
жаңарту; 

 
білім  беруді  жобалау,  ол  білім  сапасы  мен 
нәтижелерін,  білім  беру  жүйесі  мен  оның 
институттарын  инновациялық  ӛзгертуді    жобалау 
деп белгілей аламыз. 
 
  Білім  берудегі  жобалау
  және 
педагогикалық жобалау
 
түсініктерінің ӛзіндік мәні жӛнінен де, мағынасы жӛнінен де 
бір  бірінен  айырмашылығы  бар. 
Білім  берудегі  жобалауды
 
менеджменттік, 
экономикалық 
және 
құқықтық, 
т.б. 
салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай оны педагогикалық 
шеңберден  тыс қарастыруға болады. Сӛйте тұра, гуманистік 
педагогика  қағидаларына  сай  алатын  болсақ,  білім  беру 
жүйесін  жаңартуға  бағытталған  кез  келген  әрекет 
педагогикалық  құндылықтармен,  адамилық  тұрғылармен 
сәйкес  жүргізіледі.  Сондықтан,  білім  берудегі  жобалау 
әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі. 
Жобалау 
әрекетінің 
мүмкіндіктері 
ақпараттық–
коммуникативтік  технологияның  дамуымен  де  кеңейді, 
сӛйтіп,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  жобалау 
кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз. 
     Педагогикалық 
жобалау
–педагогтар 
мен 
оқушылардың, 
педагогикалық 
қоғамның 
қарым- 
қатынасының  жаңа  түрін,  білім  берудің  жаңа  мазмұны  мен 
жаңа  технологияларын,  педагогикалық  әрекеттің  жаңа 
амалдары  мен  түрлерін  қалыптастыру  үдерісі  деп 
анықталады.  


 
76 
     Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге 
асырылады.  Нақтырақ  айтқанда,  жобалау  әрекеті  негізінде 
пайда 
болатын 
ӛнімнің, 
нысанның 
нәтижесіне, 
қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім 
беру 
жобалары 
тұжырымдамалық, 
мазмұндық, 
технологиялық  және  процессуалдық  (үрдістік)  деңгейлерде 
жүзеге асырылады.  

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау