271-018 «Мұрағат объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен 149 359,0 мың теңге бөлініп 149 358,1 мың теңге немесе 100%-ға игерілді (0,9 мың теңге үнемделген қаржы).
Бұл қаржылар есебінен «ОҚО, Түркістан қаласы Байбұрт көшесіндегі мұрағат ғимаратының құрылысы» нысаны құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілді.
271-019 «Аудандарың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен бөлінген 137 161,0 мың теңге 100%-ға игерілді.
Бұл қаржылар есебінен «Шымкент қаласы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін модулды қазандықтың құрылысы» нысаны құрылысы жүргізілді (нысан Шымкент қаласының меншігінде).
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |