271-009 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен бөлінген 1 245 361,0 мың теңге 100%-ға игерілді.
Бұл қаржылар есебінен 2019 жылға өтпелі 10 нысан құрылысы жүргізілді (Шымкент қаласының меншігінде).
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілді.
271-014 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 13 145 865,0 мың теңге 100%-ға игерілді.
Бұл қаржылар есебінен облыс бойынша 64 коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы жүргізілді. 15 нысан 30 243,9 ш.м. 560 пәтер (Бәйдібек – 1, Қазығұрт – 2, Түлкібас - 4 нысан, Төлеби – 2, Арыс - 3 Кентау – 3 нысан) пайдалануға тапсырылды. 2019 жылға өтпелі 49 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес толық атқарылды.
Оның ішінде:
Республикалық бюджет есебінен 20 нысан құрылысы жүргізіліп, 5 нысан пайдалануға тапсырылды. 15 нысан 2019 жылға өтпелі.
Облыстық бюджет есебінен 44 нысан құрылысы жүргізіліп, 10 нысан пайдалануға тапсырылды. 34 нысан 2019 жылға өтпелі (оның ішінде, 11 нысан Шымкент қаласының меншігінде).
Сонымен қатар, 11 жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, 10-ны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 1 жоба 2019 жылға өтпелі (жоба Шымкент қаласының меншігінде).
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілді.
271-027 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 288 121,0 мың теңге бөлініп 2 288 120,0 мың теңге немесе 100% игерілді (1 мың теңге үнемделген қаржы).
Бұл қаржылар есебінен Бәйдібек, Шардара, Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларында 23 нысанның құрылысы жүргізіліп, 7 нысан (93,028 км) құрылысы пайдалануға тапсырылды. 2019 жылға өтпелі 16 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес толық атқарылды. Оның ішінде:
Республикалық бюджет есебінен 2 нысан құрылысы жүргізіліп, 1 нысан пайдалануға тапсырылды. 1 нысан 2019 жылға өтпелі.
Облыстық бюджет есебінен 21 нысан құрылысы жүргізіліп, 6 нысан пайдалануға тапсырылды. 15 нысан 2019 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 2019 жылға өтпелі 1 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілді (жоба Шымкент қаласының меншігінде).
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |