Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
251
болашақта ақын лирикасын оқытудың жолдары нақты белгіленген. Мақалада сонымен қатар лирикалық
шығармаларың түрлері топтастырылып берілген:
саяси-азаматтық лирика, махаббат лирикасы, көңіл күй
лирикасы, табиғат лирикасы, философиялық лирика, сатиралық лирика.
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» кезеңдері:
қызығушылықты ояту кезеңі
оған қызмет ететін
«Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау»
стратегияларын
пайдаланады. Ал
мағынаны тану (түсіне білу).
INSERT
стратегиясы – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық
етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Тақырып туралы
ой-толғаныс
– сабақтың үшінші кезеңі. Бұл
сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіруге үйренеді.
Түйін сөздер:
сын тұрғысынан ойлау технологиясы, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, тақырып тура-
лы ой-толғаныс, лириканы оқыту, лириканың түрлері, лирикалық шығарма
Лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби үдерістегі алатын орнына, поэтикасына,
жалпы лирика табиғатына қатысты әртүрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі.
Атап айтсақ,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, М.Базарбаев,
З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, Ж.Дәдебаев,
Қ.М. Пазылов, Т.Шапай және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде [1] қазақ өлеңінің мәселелері әр
қырынан жан-жақты зерттеу нысанына айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық
өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.
Академик Қ.Жұмалиев пікірінше: «Лирика – өмір құбылысына ақынның
көзқарасы, түсіну, сезімі,
күйініші-сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да кейде қоңыр күйі де көрінеді» [2, 69].
Қазақ әдебиетінде небір майталман сөз зергерлері болды. Олардың шығармашылығын оқытудың
қазіргі қазақ әдебиетінде түрлі жолдары ұсынылуда. Біздің мақаламызға арқау болған қазақ лири-
калық шығармаларын сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың әдістерін
пайдалана отырып оқы-
туды көрсету. Әдебиеттанудың жанрларының ішінде лирика жанры ерекше ықшамды әрі айтуға
ыңғайлы, сонымен қатар өмір сүріп отырған қоғамдағы келелі мәселелерге ақынның көзқарасы,
сезімі, қабылдауы, жалпы қабілеті көрінетін поэзияның түрі.
Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді.
Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы,
оның сезімін, нақты ойы, көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген
сезіну мен
толғаныс лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар лирика тудырады. Эпика
жанры баяндауға негізделсе, лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп
жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған.
Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде – тойбастар мен жар-жарда, сыңсу мен
беташарда немесе мұңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан
бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл
қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі.
Ақын ең алдымен, өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын,
қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар
жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғам-
ды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім
басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жи-
нақталады. Лирикалық шығармалар
кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
1. Саяси-азаматтық лирика. 2. Махаббат лирикасы. 3. Көңіл күй лирикасы. 4. Табиғат лирикасы.
5. Философиялық лирика. 6. Сатиралық лирика.
Қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған адам Абай болды. Ол елдегі болыс,
билерді шенеп-мінеп, сынға алып, мысқылдап жазған «Дүтбайға», «Болыс болдым, мінекей»
деген
өлеңдері сатиралық лирикаға жатады. Енді «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» кезеңдерін
қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: