Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет272/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
244
айтылып жүрген жаңа технологиялардың бірі – дамыта оқытудың мақсатын сол кезде-ақ 
ескергендігін байқауға болады. Жаңа технологияларды, әдістерді орынды пайдалана білу мұғалімнен 
үлкен жауапкершілікті талап етеді [8, 227]. 
Профессор А.Ысқақовтың әдістемелік көзқарасының тағы бір қыры – оқулықтарда берілген 
анықтамалар мен грамматикалық ережелерді байыбына бармай, ұғынбай, тек құрғақ жаттамаға 
салатын формализмге қарсы күресе отырып, тілдің өзін, рухын, сырын, қызметін жетік білуді саналы 
оқу деп, ал ережелерді «жинақтайтын, жүйелейтін топшылама» деп есептейді. Ғалымның осы бір ойы 
сабақтың талапқа сай сапалы өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты екендігін аңғартады. Ғалым 
бұл мәселеде мұғалімдерге методикалық жағынан жәрдем беру керектігін, ол жәрдем курс, семинар, 
методикалық кеңес, консультация түрінде ғана емес, оқулыққа қосымша методикалық нұсқаулар
дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар т.б. қажеттігін де ескертеді.
А.Ысқақовтың тағы бір көңіл аударғаны – ана тілі оқулықтары жағдайы. Ғалым оқулыққа «жер-
жердегі мектептерде оқитын оқушылардың бәріне де бірдей, белгілі бір жүйе бойынша белгілі бір 
көлемде берілетін білімнің нақтылы мазмұнын, көлемін, жүйесін тағайындайтын жетекші құрал», – 
деген анықтама бере отырып, «қандай жақсы оқулық болса да, білім шебері, ой өрісі, түсіну қабілеті 
қилы-қилы, білімге ынтықтығы, еңбекке құнттылығы түрлі-түрлі шәкірттердің ондағы материалды 
ұққанын я ұқпайтынын есепке алмайды...», – дей келе , тағы да мұғалімге қойылар талаптың жоғары 
екендігін, «осылардың бәрін атқаратын адам – тек мұғалім ғана»,- деп түйіндейді. Талапқа сай 
жазылған оқулық, өз ісін жетік меңгерген, әдіс-тәсілдерді орынды да тиімді пайдаланып сабақ өткізетін 
шебер мұғалім қай уақытта да оқу үдерісінің негізгі күші екендігі белгілі. Олай болса, ғалымның өткен 
ғасырдың жетпісінші жылдарында айтылған пікірлері қазір де құнды екендігі даусыз. 
Кезінде Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында басшы 
болған А.Ысқақов қазақ тілін сапалы оқытудың бір тетігі – ғылымның соңғы табысына орай жүргізу 
үшін, әрі мұғалімнің еңбегін жетілдірумен қатар, эффектілі ету үшін, методикалық, дидактикалық, 
техникалық құралды да, эксперимент материалдарын да бір ортадан жоспарлы түрде шығаруды қолға 
алу қажеттігін ескерткен. Әрине ғалым бұл жерде мектепке арналған жаңа оқу бағдарламаларына 
қатысты эксперимент жайында айтып отырса, егемендік алғалы қазақ тілін оқытуға қатысты жүргі-
зілген эксперимент бойынша қаншама диссертациялық жұмыстар жазылып, қорғалуда. Сол қорғал-
ған диссертациялардың нәтижелерін, әдістемелік тұжырымдарын мектеп мұғалімдерінің күнделікті 
ісінде пайдаланатындай жағдай жасау қажеттігі де – ойланарлық жағдай, ғалымның өз сөзімен 
айтқанда, «ғалымдар еңбектерін кабинеттің жемісі ғана етпей,... айналаларына тәжірибелі мұға-
лімдерді шоқтандыра отырып, ана тілінің түйінді-түйінді мәселелерін тезірек шешуді, методикалық, 
дидактикалық материалдарды жедел құрастыруды түпкі мақсат тұтса екен дейміз» [5, 26]. 
Ғалым осы баяндамасында әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан тағы бір мәселеге 
көңіл бөлген: «Егер қазақ тілін оқыту жұмысын жақсартуды, көтеруді мақсат тұтатын болсақ, бұл 
жұмысты бастауыш мектептен бастау қажет. Өйткені бастауыш мектептің жұмысын жолға 
қоймайынша, біз жоғары кластардағы жұмысты, қанша тырыссақ та, ойдағыдай ілгері бастыра 
алмақшы емеспіз», – деген пікір айтады. Шындығында да, бастауыш мектепте дұрыс меңгерілген 
білім – келесі сыныптарда оқушылар білімінің тиянақты болуының алғы шарты. 
Бағдарлама жақсы тізілгенімен, оқулық көңілдегідей болып жасалғанымен, мектеп методикалық, 
дидактикалық, техникалық құралдармен ойдағыдай жабдықталғанымен, оқушылардың көкейіне білім 
өздігінен құйыла салмайтындығын, оларға білім ана тілін толық игеруді ауызша да, жазуша да 
мүдірмей дұрыс сөйлеуді, шетінен сауатты етіп шығаруды қамтамасыз ететін мұғалім арқылы 
берілетіндігін айта келіп: «Мұғалім ізденсе, үнемі білімін көтерсе, оқудың да сапасы көтерілетіні 
аян... арқа тұтып, сабақты әйтеуір «өткізіп» жүретін мұғалімдер де кездеседі», – деп қынжылады 
ғалым. Мұндай келеңсіз жағдайды болдырмау үшін жұмыстану – қазіргі мектептер ұжымы алдында 
да тұрған жауапты, негізгі мәселе екені белгілі жайт. 
А.Ысқақовтың баяндамасындағы тағы да бүгінгі күннің талабына тікелей қатысы бар мынадай 
маңызды мәселені кездестіреміз: «ана тілінен мұғалімдер даярлайтын оқу орындары да өз 
студенттерін мұғалімдікке бейімдеуді күшейтулері керек» [4, 27]. Студенттерді болашақ мамандық-
тарына бейімдеуде кейінгі кезде мемлекеттік білім стандарттарында үздіксіз педпрактикаға сағат 
бөлініп, студенттер бірінші курстан бастап мектептерге барып, болашақ мамандықтарына қатысты 
мәліметтер алып, мектеп өмірімен танысады. Сондай-ақ мемлекеттік педпрактикада да өздерінің 
теориялық білімдерін сарапқа салып, мұғалімдік мамандықтың сырларымен танысады. Осы ретте 
педпрактиканың талапқа сай, ойдағыдай ұйымдастырылуы басты міндет болып табылады. Қысқасы, 
ғалым Ахмеди Ысқақовтың ана тілін оқыту жайындағы идеялары, ой-тұжырымдары қазір де өз 
көкейкестілігін жоғалтпаған пікірлер деп есептейміз. 
Ойшыл ғалымның айтқан әдістемелік пікірлерін өз сөзімен түйіндеуді жөн көрдік: «мектепте қазақ 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
245
тілін оқытуды жақсарту талаптары – өмір талабы. Қазақ тілінен жүйелі білім беру – оқушылардың 
өзге пәндерді дұрыс игеруіне, осылардың негізінде дүниетанымын, күрделі ұғымдар туралы түсінігін, 
пайымдауын дамытуға жүйелеуге көмектесу». 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. www.akorda.kz. 10.09.2017. 
2 Ысқақов А. Ана тілін оқытуды жақсартайық // Қазақстан мектебі. – 1966. – №9. – Б.77-82. 
3 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 
4 Ысқақов А. Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері. Қазақ тілі мұғалімдерінің іс тәжірибесінен. – 
Алматы: Мектеп, 1972. – 159 б. 
5 Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 95 б. 
6 Кәтембаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық жұмыстар. – Алматы, 1991. – 95 б. 
7 Құрманова Н. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі. – Ақтөбе, 1999. – 125 б. 
8 Baibossynova A. Peculiarities of interaktive teaching and learniig methods// Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Хабаршы, «Филология ғылымдары» сериясы. – 2017. – №1(59). – Б.226-231. 
 
Ж.К. Балтабаева
1
 
1
Казахский национальный педагогический университет им. Абая, 
г. Алматы, Казахстан 
 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау