Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет144/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
120
жалпыхалықтық сөздер болып табылады. Яғни жалпыхалықтық сөздердің мағынасында болатын әр 
түрлі өзгерістер жаңа сөз жасаудың лексика-семантикалық тәсілінің негізін қалайды. 
Лексика-семантикалық тәсіл – терминжасау тәсілдерінің бірі. Оны басқа тәсілдерге қарағанда 
термин жасаудың басты, негізгі тәсілі деп бағалауға болады. Өйткені ұлт тілі негізінде жасалған 
ғылыми терминдерінің көпшілігі осы тәсіл арқылы жасалған терминдер. Мысалы, 
сан, төбе, өрнек, 
бөлу, аудан, жақ, өлшеу, сызық, кесінді, сәуле, өрнек, өс. 
Аударма дегеннің өзі – басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен 
бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу. 
Терминдерді аудару – аударманың ең қиын түрі. Оған балама табу да үлкен білімділікті талап 
етеді. Әдетте терминдер арнайы ғылыми, техникалық, өндірістік, т.б. салалар түрлерінде 
қолданылады. Арнайы заттарды белгілеуге және арнайы ұғымдарды дәл жеткізуге қолданылатын 
немесе басқа тілден кіріккен сөздер. Олар негізінен ақпаратты барынша дәл және мейілінше нақты 
жеткізудегі тілдегі ізденіс нәтижесі. Терминология аудармашыдан тек қана шетел терминологиясын 
жақсы білумен бірге, соған баламалы ұлттық ұғымдарды іздестіріп, оны тілде орынды, дұрыс 
пайдалануға дағдыландырады. Қазақ тілдің бай сөздік қорын жете меңгеру термин аудармасының 
сапалы дәрежеде жасалуына жәрдемдеседі. Термин аудармасының қиындығы сан-салалы ғылым мен 
техниканың арнайы материалдарынан тұрады. Негізгі аудармашылық мақсат терминге дәл, дұрыс 
балама табу немесе қалыптасқан халықаралық термин болса, сол күйінде қарастыра отырып, оның 
мағыналық сипатын түсіндіру. Термин ереже бойынша, басқа тілде де соған сәйкес терминмен 
аударылады. Сондықтан да ұқсастық, синонимдік ауыстыру, сипаттамалы аударма тек қана 
аудармаға арналған сәйкес терминдер тілде жоқ жағдайда жасалады. Дәл және анық семантикалық 
сипаттағы бір мағыналы терминдермен бірге көпмағыналы терминдер де болады. Бір сыңарлы 
терминдердің көпмағыналылығы оларды түсіну және аудару қиындығын тудырады, ал оған балама 
табу толығымен алғанда контекст жағдайына байланысты. 
Математика терминдерін жасауда – аударма тәсілінің рөлі зор. Бұл тәсіл кейде калькалау тәсілі 
деп те атайды. Калькаланудың аудармадан басты ерекшелігі – қабылдаушы тілде жаңа сөз пайда 
болып, ол сөздің мағанасы сол жаңа сөздің жаслуына негіз болған тілдегі сөздің мағанасымен сәйкес 
келеді. Қазақ тіліндегі терминдердің елеулі бөлігі калькаланудың түрлі тәсілдері арқылы жасалады. 
Калькалау – өзге тілдердің терминдерінің жасалу үлгісі мен мағынасын пайдалана отырып, ұлт 
тілінде термин жасау болып табылады . І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов сөздігінде: «Бір тілдегі сөз бен 
сөз тіркестерін я сөз мағынасын ауыстыру, көшіру, мысалы: орын ауыстырымдылық заңы – орыс 
тілінің закон переместельности сөзінің калькасы» деп жазылған. 
Жалпы қай тәсілмен болмасын жаңа сөз, жаңа термин жасау оп-оңай шешімін табатын, әркімнің 
де қолынан келе беретін бұқаралық іс емес. Бұл арнайы біліктілікті, машықтануды, көп ізденісті 
қажет ететін, шығармашылықпен жүзеге асатын жұмыс. Калькалау да сондай. Термин 
шығармашылығында бұл тәсілді пайдалана отырып арнаулы сала атауларын жасағанда бұл мәселенің 
қырларына жете көңіл аудармай болмайды. Ғалым Г.Ц. Пюрбеев «Калькалау арқылы термин жасау 
өте күрделі мәселе. Аударманың сәтті шығуы үшін өзге тілдегі сөздің (сөз тіркесінің) семантикасын, 
морфологиялық құрылымы мен қолданылатын саласын жақсы білу керек» деп көрсетеді [4, 22]. 
Ал «Калькалаудың аудармадан басты ерекшелігі – қабылданушы тілде жаңа сөз пайда болып, ол 
сөздің мағынасы сол жаңа сөздің жасалуына негіз болған тілдегі сөздің мағынасымен сәйкес келеді», 
– дейді Ш.Құрманбайұлы [5, 142]. Аталған тәсілмен әсіресе туынды терминдер мен біріккен және 
тіркесті терминдер молынан жасалған. Мақсат – орыс тіліндегі мағыналық бөлшектерді 
(морфемаларды) қазақ тіліне айнытпай көшіру; сол арқылы түпкі терминнің мағынасын дәлме-дәл 
сақтау. Аударма дегеніміз сөзді емес, мағынаны аудару,сөз белгіленген мағынаны екінші тілде 
бейнелеу деп танылады. Ғылымда калькаларды тұлғалық (құрылымдық) калька, мағыналық калька 
деп екіге бөлу қалыптасқан.Егер терминдерді аудару кезінде оның мағынасын сақтаумен бірге 
тұлғасын да сақтау бірінші кезекке қойылса, мұндай аудармаларды тұлғалық калькадеп атайды. Ал 
аудару кезінде терминнің тұлғасын шарт етпей, оның мағынасын ғана сақтауды мақсат етсе, мұндай 
аудармаларды мағыналық калька деп атайды.
Әйгілі тілші ғалым Л.Блумфилд кальканы шет тілінің сөзін аудару немесе шет ел тілінің сөзі 
арқылы берілген ұғымды өз тіліңнің сөзімен атай отырып, жаңа сөз жасау деген болатын. 
Кейбір тілдерде калька шет тілдері сөздерін игерудің бірден-бір тәсілі болып саналады. Біз де 
солай етейік деп өзге тілдерді үлгі ете берудің реті бола қоймас. Бірақ қажетіне қарай, термин 
шығармашылығында бұл тәсілді де жатсынбай пайдаланып, оны тіліміздің табиғатына сәйкестендіріп 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
121
жетілдіре білсек, терминжасам тәсілдеріміздің өрісі кеңейіп, өзге тілдердің сөздерін игеру 
мүмкіндігіміз арта түспек. Ал, араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана 
емес, сондай-ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри, алгебра. Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген 
латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал 
араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды [6, 34]. 
Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. 
Грек тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ 
терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған. 
Сoңғы ғылыми жaңaлықтaрмeн бaйлaнысты тeрминдeрдің қoсылуы өтe қaрқынды жүріп жaтыр. 
Жыл сaйын лeксикaмызғa жүздeгeн жaңaaтaулaр қoсылaды. Oлaрдың ішіндe өзгe тілдeрдeн, әсірeсe, 
aғылшын тілінeн eнгeн сөздeр көп. Дүниeжүзіндe бaсылып шығaтын салалық ғылымдар eңбeктeрінің 
80 пaйыздaн aстaмы aғылшын тіліндe жaзылaды. Демек, прогрестік ғылымдардың барлығы 
терминдері ағылшын тілінде жасалуда деген сөз. Сoңғы уaқыттaрдa тeрмин жaсaу мeн тeрмин түзу 
прoцeстeрі күрдeлeнe түскeні бeлгілі, сoнымeн қaтaр әртүрлі сaлaлaрдa тeрмин тудыру бeлсeнді 
құбылысқa aйнaлды. Тeрмин жaсaудың әртүрлі жoлдaры мeн aмaл-тәсілдeрі пaйда бoлды. Ғылыми 
ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, 
көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір 
талабынан туып отыр. 
Бүгінгі таңда – қазақ терминологиясының қайта қалыптасу кезеңінде бүкіл елдің назарына 
ұсынылатын сөздіктерде бірізділіктің болмауы саланың дамуына кедергі келтіріп, тиісінше іс 
жүргізуде келеңсіздіктер туғызуда. Терминология саласы бойынша еліміздің аумағында шығары-
латын барлық сөздіктерге сараптама жасап, терминдерді біріздендіру қажет. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010. 
– 514 б.
 
2
 
Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме 
сөздігі. 
– Алматы, 2005. – 306 б. 
3
 
Сарсенова С.Е. Қазақ тіліндегі физика және астрономия терминдерінің құрамы мен құрылымы. Канд. 
диссертация. – Алматы, 2003. – 41 б. 
4
 
Исакова С.С. Қазақ тіліндегі психология терминдері. Канд. диссертация. – Алматы, 2002. – 22 б. 
5
 
Құрманбайұлы Ш., Қасенова Б. Қазақ ономастикасы мен терминологиясының мәселелері (Республ. Ғыл.-
практ.конф. матер.). – Алматы: Информ-А, 2002. – 210 б. 
6
 
Аббасова А. Көптілді терминологиялық сөздіктердегі негізгі сөздер // Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы. 
«Филология ғылымдары» сериясы. – 2016. – №2 (56). – Б.3-6.
 
А.А. Шойбекова
1
, Г.Ж. Утегенова
2
, Н.А. Байжанова

 
1,2,3
Южно-Казахстанкий государственный университет им. М.Ауэзова, 
г. Шымкент, Казахстан 
 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау