Қайталау үшін сұрақтар: 1. Нетто төлем ақшасы деген не?
2. Брутто төлем ақшасы деген не?
3. Нетто төлем ақшасы қалай үлестіріледі және есепте бұл опе-
рацияны бейнелеу кезінде қай шоттар қолданылады?
4. Экспорттық тауарлардың сатылуымен байланысты операциялар
бойынша табыс немесе залалды қалай есептеу керек?
5. Экспорттық тауарларды қолма-қол ақшаға сату есебінің ерек-
шелігі неде?
6. Коммерциялық несие деген не?
59. Тауарлардың импорты бойынша операциялардың есебі Импорттық операциялардың есебін кәсіпорынның мұқтаждықта-
рына пайдалану немесе қайта сату мақсатымен шетелдік сатушы-
лардан тауар сатып алатын кәсіпорындар жүргізеді.
Импорт бойынша операцияның мысалын қарайық:
1. Шетелдік жеткізушінің шот-фактурасы алынып, акцепттелді;
2. Шетелдік жеткізушінің шот-фактурасы төленді;
3. Шеттен әкелу (импорт) бойынша шығыстар төленді:
а) шетелдік валютамен;
ә) теңгемен;
4. Импорттық тауар кәсіпорынға сыртқы экономикалық өзіндік
құн бойынша келіп түсті;
5. Импорттық тауар кіріс етілді және ол өткізу үшін арналған.
119
Тауардың импорты бойынша операциядан болған қаржылық нә-
тиже, сондай-ақ валютаны пайдалану кезіндегі бағамдық айырма да
жылдың соңында
№ 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына шығыс
етіледі.