Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады



жүктеу 1,24 Mb.
бет5/7
Дата14.01.2018
өлшемі1,24 Mb.
#7488
1   2   3   4   5   6   7

Әрбір салық төлеуші өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланылады. Есептелген салыққа 821 шоты дебеттеледі де, 637 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.



Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шартарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол қою бонусы; коммерциялық табу бонусы.

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келіміс-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді, немесе тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусы төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді Коммерциялық табу бонусы бұдан былайға өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салынатын объектісінің, төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде анықталады.



Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарды роялти, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.

Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады.

Роялти көмірқышқылы қалқап жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:

- контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады;

- контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.

Алтын, қолакүміс тағы басқа қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.



Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:

- бөлуге жататын өнімнің жалпы көлемі;

- Қазақстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;

- пайдалы өнімді бөлудің нысаны (ақшалай, заттай);

- контракті бойынша орындалған жұмысқа кеткен өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін анықтау;

- алынған үлестің ақшалай эквивалентіне өнімінің құнын және бағасын белгілеу;

Жер қойнауын пайдаланушылардың үлесі жалпы өндірілген қазба байлықтың 80 %-тен аспауы керек. Өтелетін шығынның құрамына:

- контракт күшіне енгенге дейінгі жер қойнауын пайдаланушылардың нақты жұмсаған шығындары енеді, яғни: жобаның техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары. - контракг күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уақытына дейін созылады.

Компенсациондық өнімінң есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:

- жер қойнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурсқа қатысуы үшін төленген жарнасы;

- геологияық ақпарттарды алуға кеткен шығындары;

- жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;

- шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстар;

- экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;

- соттың ісін қарауыымен байланысты шығындары;

- қарыз қаражаттарын пайдаланған үшін төленетін пайыздық төлемдері;

- кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;

- контракті қызметіне жатпайтын басқа да шығындары.


2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу

Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 "Төлеуге шоттар" шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (аддын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 671-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша-есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен "Келіп түскен жүктер есебі журналына" тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс қүжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы корлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 671 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. "Ескерту" бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцепттелген шот-фактурасы ғана жазылады.

Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді (журнал төменде келтіріліп отыр).

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларының (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтау-шыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлі-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.

Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 671-шоттың кредитінен 334-шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп-айырысу төлем құжаттарында акцепті азайтады.

Сондай-ақ журналда жұмыстар мен қызметтер (негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу, жүктерді тасымалдау, су, электр энергиясы) берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот-фактура мәліметтері журналға жазьшған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.

Үшінші кезеңде журнадда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады.

Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді жөне төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

Журналдың қорытындысы төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы, жол үстіндегі материалдар шегеріліп тасталынады; айдың аяғындағы жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы ретретімен көрініс табады.

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім-шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі "Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. "Жабдықтаушы және мердігерлер мен есеп айырысу" деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша "Ақшалар" деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. "Жабдықтаушы және мердігерлер мен есеп айырысу" шоты бойынша есеп нөмірі 6-шы журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материаддық-құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

9-кесте


Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар



Операциялардың мазмұны

Дебиттеле-тін шот

Кредиттеле-тін шот

1

2

3

4


1

Келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар үшін, жабдықтаушы мердігерлердің шот-фактурасы акцептелді:
- сатып алу құнына:

- сатып алынған тауарларға есептелген (жүмыс, қызмет) қосылған құн салығының сомасына


201-208,222 331


671


671



2

Жабдықтаушы мердігерлердің шоттары акцептелді:

- материалдарды жеткізу және өңдеу қызметтерінің құнына;

- қосылған құн салығының құнына


201-208,222,331 331


671


671

3


Орындалған құрлыс-монтаж жұмыстары үшін мердігерлердің талап еткен шот-тарына: жұмыстың құнына;

қосылған құн салығы сомасына.




126


331

671


671

4


Тасымалдау ұйымдарының өнім сату бойынша көрсеткен қызметі үшін талап еткен шоты(егер тасымалдауға байланысты көрсетілетін қызмет, келісімшартта өнім берушінің есебінен болған жағдайда):

- көрсетілген қызмет құнына;

- қосылған құн салығы сомасына.


811


331

671


671

5

Жабдықтаушылар мен мердігерлердің, орындалған жүмысқа, көрсетілген қыз-метке, оның ішінде, негізгі және қосалқы өндіріс цехтары, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық қажеттері үшін беріл-ген электроэнергиялары, булары, газдары, сулары және байланыс қызметтері үшін талап еткен шоттары:

- жұмыстың және қызметтің құнына;

- қосылған құн салығы сомасына.



901, 911,

921, 934


821 т/б

331


671

671


кестенің жалғасы

6


Жабдықтаушы мердігерлерден материал-дарды қабылдаған кезде кем шыққан (бүлінген) және бағасының сәйкес келмеуіне, арифметикалық жіберген қатесі және т.б. (қосылған қүн салығы қоса) үшін қойылған шағым талап сомасына.

334


671

7


Жабдықтаушылардан келген шот-фактураға сәйкес бұрынғы шот фактурасыз кіріске алынған материалдардың құны сторно етіледі (қызыл сиямен).

201-208

671

8


- Құны төленген бірақ айдың аяғында жолда қалған материаддардың немесе қоюшылардың қоймасынан әкетілмеген материалдардың құнына (бүл материал-дарды қоймаға кіріске алмай-ақ);

- келесі айдың басында бұл сомалар қызыл жазумен жазылып шығарылып тасталады (сторно етіледі).



201-208

201-208


671

671

9


Мердігерлік әдіспен жөндеу жүргізілген не-гізгі құралдардың:

- жөндеу құнына

- қосылған құн салығы сомасына.


934


331

671


671

10

Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары төленгенде

671

441

11

Жабдықтаушы-мердігерлерге алдын ала берілген аванс сомасы есептелді

671

351, 352



2.3. Басқа да кредиторлық борыштардың есебі

Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі "жалдық міндеттеме" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жылға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табылады. Ал "Жалдық міндеттеме" деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық(аналитикалық) есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

Төленуге тиісті сыйақы есебі. Алынған несие, жалдық келісім-шарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың (проценттердің) есебі "Төленуге тиісті сыйақы" деп аталатын шотта жүргізіледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі "Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу" деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сонда-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайдларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.

Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен жарғыларымен және қолданылып жүрген зандарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілерімен белгіленген еңбекақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материаддық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларға зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау туралы нұсқауда белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.

Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталған дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-жұлдызынан кеш қалмауы керек. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізітен заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқығы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру қырының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

10-кесте


Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі бойынша жүргізілетін операциялар




Операциялардың мазмұны

Дебеттелетін

шот


Кредиттелетін

шот


1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есеп-телген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға

681

686


2

Жинақтаушы зейнетақы қорына есептел-ген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы

686

441

Басқа да есептелген шығындар есебі

Басқа да есептелген шығындар есебі «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

11-кесте


Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар шоты бойынша жүргізілетін операциялар




Операциялардың мазмұны

Дебеттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алу бойынша пайда болған борыш сомаға

122-126

683

2

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құраддар үшін жал төлемі есеп айырысу шотынан төленді

683

441

3

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар мерзімі бітпей иесіне қайтарылды

683

122-126

4

Келімісшарт бойынша ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал үшін есептелген жалгерлік пайыз сомасы

831

684


5

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал үшін есептелген жалерлік пайыз сомасы есеп айырысу шотынан төленді

684

441


6

Жұмыскерлерге еңбек демалысы үшін төленетін ақыға есептелген резерв сомасы

903, 913, 923

685

кестенің жалғасы



7

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалыс үшін есптелген сомадан ұсталатын салық және зейнетақы қоры сомасы

685

639, 686


8

Негізгі құралдарды жөндеуге байланысты алдағы уақыт төлемдер резервтеріне есептелген сомасына

934

687


9

Науқандық шығындарға жасалған резерв сомалары

901-904

687

10

Құрылған резервтің есебінен жасалған нақты шығындарына

687


201-208 441, 451, 671, 681, 639, т.б.

11

Жалға берілген негізгі құралдарға есептелген жалгерлік төлем

937

687

12

Бұрынырақ төленген жалгерлік төлем сомасы есебіне есепке алынған сомасына

687

342

13

Жалға берушіге аударылған жалгерлік төлем

687

441

14

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің толық төленіп, қайтарған тауарының келісім құнына

711

687


15

Қайтарылған тауарлардың сату шегерімдерімен баға шегерімдеріне

687

712, 713

16

Есеп беруге тиісті адамардың, берген аванстық есебі бойынша есептелген шығындар сомасы

811, 821

687


17

Есеп беруге тиісті адамардың, аванстық есебінде бекітілген сомасының мөлшеріндегі қарызын шығысқа шығару

687

333




жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау