Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға



жүктеу 221,77 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі221,77 Kb.
#5471
түріКонкурс







Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті» РММ, 060000, Атырау қаласы, Ауэзов көшесі, 53 «а», анықтама үшін телефон номері: (8-7122) 45-01-63, 45-01-67, e-mail: d.kirpb.atyrau@mid.gov.kz «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:




Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

min

max

С-О-5


83 282

112 431


Қазандықтар, газ шаруашылығы объектілерін көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Білімі:Жоғары: Техникалық ғылымдар және технологиялар: мұнай және газ ісі (мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану); пайдалы қазба кен орындарының геологиясы және оларды барлау (мұнай – газ геологиясы, гидрогеология және инженерлік геология); құрылыс; құрылыс жабдықтары және конструкция өндірісі; технологиялық машиналар мен жабдықтар (мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары, өзге де салалар бойынша); тау-кен ісі; көлік, көлік техникасы және технологиялар (мұнай және газды сақтау мен тасымалдау және мұнайгаз құбырларын қолдану, сервис на транспорте); стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша); тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (салалар бойынша); мұнай және газ саласындағы қолданбалы экология; басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру; автоматтандыру және басқару; мұнай және газ кәсіпшілігі; аспап жасау.



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Функционалдық міндеттері:

Қадағалайтын салаларда мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысады; қадағалайтын салаларда техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады; қадағалайтын салаларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асырады; қадағалайтын салаларда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Өнеркәсіп саласында қадағалайтын қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметтерді қадағалауды жүзеге асырып, жұмыстарын ұйымдастыру. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады; Қауіпті өндірістік объектілердің лаңкестіктен қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады; Екі және одан да көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы қарастырады; Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді; Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысады; қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланушы мекемелер мен ұйымдардың аварияға және олардың салдарын болдырмау, жою жұмысына дайындығы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты қолданыстағы емтихан комиссиялары мүшелерінің білімдеріне тексеру жүргізеді; Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде аварияларды тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың кауіпті қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрып немесе тыйым салып, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз жолдайды. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпке сай өз құзыреті шегінде қадағалауды және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалардың талаптарының сақталуы бойынша тексерудің өзге түрі болып табылатын тексерістерді жүзеге асырады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында анықталған кемшіліктерге, тексеру актісі мен басқа да құжаттарға нұсқама береді. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы тексерістің нәтижесі бойынша техникалық кеңестер өткізеді және ұйымдастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына шығып сөйлейді, өнеркәсіп қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мақалалар береді, сонымен қатар дөңгелек үстелдер және өзге де шараларды ұйымдастырады. Өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдайды; Өз құзыреті шегінде Министрлік, Комитет және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындайды, Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады.Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитет пен Департаменттің жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің, Департаменттің, Комитеттің, Министрліктің жұмысжоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Еңбек тәртібін және қызмет этика ережесін сақтап бұлжытпай орындауға міндетті. Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес қызметтік міндеттердің және тапсырмалардың орындалуы туралы бөлім басшысына баяндайды.
Мұнай-химия және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінде мұнай өнімдері кәсіпорындарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 2 бірлік.

Білімі:Жоғары білім. Техникалық ғылымдар және технологиялар: пайдалы қазба кен орындарының геологиясы және оларды барлау (мұнай – газ геологиясы, гидрогеология және инженерлік геология); тау-кен ісі; мұнай және газ ісі (мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану); бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша); мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары; химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама; теңіз техникасы және технологиялары; автоматтандыру және басқару; мұнай және газ кәсіпшілігі; басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру; аспап жасау.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Функционалдық міндеттері:

Қадағалайтын салаларда мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысады; қадағалайтын салаларда техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады; қадағалайтын салаларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асырады; қадағалайтын салаларда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Өнеркәсіп саласында қадағалайтын қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметтерді қадағалауды жүзеге асырып, жұмыстарын ұйымдастыру. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады; Қауіпті өндірістік объектілердің лаңкестіктен қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады; Екі және одан да көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы қарастырады; Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді; Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысады;қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланушы мекемелер мен ұйымдардың аварияға және олардың салдарын болдырмау, жою жұмысына дайындығы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты қолданыстағы емтихан комиссиялары мүшелерінің білімдеріне тексеру жүргізеді;Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде аварияларды тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді; Наркотиктік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына, уды өңдеу, сақтау, жүзеге асыру, қолдану, жою қызмет түрлеріне байланысты қызметінде квалификациялық талаптарға сәйкестігіне тексерістің өзге түрі болып табылатын тексеріс жүргізеді және келісім береді. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың кауіпті қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрып немесе тыйым салып, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз жолдайды; Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпке сай өз құзыреті шегінде қадағалауды және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалардың талаптарының сақталуы бойынша тексерудің өзге түрі болып табылатын тексерістерді жүзеге асырады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында анықталған кемшіліктерге, тексеру актісі мен басқа да құжаттарға нұсқама береді. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы тексерістің нәтижесі бойынша техникалық кеңестер өткізеді және ұйымдастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына шығып сөйлейді, өнеркәсіп қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мақалалар береді, сонымен қатар дөңгелек үстелдер және өзге де шараларды ұйымдастырады. Өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдайды; Өз құзыреті шегінде Министрліктің, Комитет пен Департамент басшылығының тапсырмаларын орындайды, Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитет пен Департаменттің жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің, Департаменттің, Комитеттің, Министрліктің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Еңбек тәртібін және қызмет этика ережесін сақтап бұлжытпай орындауға міндетті. Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес қызметтік міндеттердің және тапсырмалардың орындалуы туралы бөлім басшысына баяндайды.

Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Білімі: Жоғары: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі); педагогикалық және гуманитарлық; әлеуметтік ғылымдар (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, құжаттану және мұрағаттану).



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Функционалдық міндеттері:

Негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді. Ұсынылған қызметі үшін жеткізушілермен есеп айырысады. Бөлімдегі бухгалтерлік құжаттардың жүргізілуін бақылауға алады. Материалды жауапты тұлғалармен материалдық жауапкершілік туралы шарттардың есебін жүргізеді және олардың уақытында ресімделуін бақылауға алады. Материал бойынша тиісті есеп құрады және белгіленген уақытта ұсынады. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттардың дұрыс ресімделу, есеп айырысу мен төлем міндеттері, еңбекақы қорының жұмсалу тәртібінің сақталуын, лауазымдық жалақының белгіленуін бақылауға алады. Штаттық және қаржылық тәртіптің қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, ресімделуін, олардың мұрағатқа белгіленген тәртіпте тапсырылуын қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады. Бөлімде бухгалтерлік құжаттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Балансты уақытында құруды және бухгалтерлік есеп беруді қамтамасыз етеді. Бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын, олардың бекітілген смета бойынша мақсатты түрде көзделуін бақылауға алады. Департамент қызметкерлерінің, жұмысшылар мен Департамент қызметшілердің еңбекақысын уақытында есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді. Салық және міндетті төлемдердің басқа да түрлері бойынша бюджетке уақытында төлем аударуды қамтамасыз етеді. Баланста тұрған қаржы мен тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады. Өз құзіреті шегінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен және өзге де мекемелермен өзара байланыс жасайды. Департамент аппаратын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті құжаттарды рәсімдей отырып, тауарды сатып алу, жұмысты орындау және қызмет көрсету бойынша конкурстық процедураны ұйымдастыруға және өткізуге жауап береді. Материалдық қор дайындығының жай-күйін құру, сақтау және қолдау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына жауап береді.Департаменттің материалдық-техникалық ресурстарын ұтымды қамтамасыз ету бойынша қажетті есептеулерді жүргізеді. Материалдық-техникалық құндылықтардың олардың сақталу және пайдалану орындарында бүтіндігін бақылауды жүзеге асырады. Материалдық қорлардың барына және қозғалысына есеп жүргізеді және бақылайды, оларды құжаттық есепке алады, материалдық құндылықтарға түгендеу және оның нәтижесі бойынша құжаттық рәсімдеу жүргізеді. Белгіленген мерзімде тиісті есептерді құрады және ұсынады. Негізгі құралдарды есептен шығару бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджетке төлемдердің дұрыс есептелуі мен аударылуын, сондай-ақ міндетті зейнетақылық жарналар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдерді уақытында аударады. Зейнетақылық және әулеметтік аударылған төлемдердің аналитикалық және синтетикалық есебін жүзеге асырады. Орындау парағы бойынша төлемдердің уақытында ұстап қалуын және оларды көзделуі бойынша аударады. Еңбегі және еңбекақысы бойынша тиісті есеп құрады және белгіленген мерзімде ұсынады. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттардың дұрыс ресімделу, есеп айырысу мен төлем міндеттері, еңбекақы қорының жұмсалу тәртібінің сақталуын, лауазымдық жалақының белгіленуін бақылауға алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс пен құқықбұзушылық бойынша дербес жауапты болады; өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдайды. Қызметтік этика ережесін және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті.Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес қызметтік міндеттердің және тапсырмалардың орындалуы туралы бөлім басшысына баяндайды.

Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынакандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттіккөрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделінеқатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралықұжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдаржәне өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер)қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiнмемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайдақұжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiәңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Әңгімелесу өтетін орын: Атырау қаласы, Әуезов көшесі 53 «а», Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, 5 қабат.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды.Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін өтініш пен қызметтік тізімнің нысаны:

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының2-қосымшасы


Нысан


(мемлекеттік орган)



Өтініш

Мені





бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемінжәне орындауға міндеттемеаламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:



























Мекен жайы және байланыстелефоны








(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болғанжағдайда))

« » 20 ж.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу



қағидаларының3-қосымшасы
Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ



ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)





лауазымы/должность, санаты/категория (болғанжағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/ Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауыбойынша)/ Национальность (по желанию)




3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения






4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдай- да) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)






5.

Шетелтілдерінбілуі/

Владение иностранными языками






6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағ- дайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при нали- чии)






8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, да- та и основания его наложения (при наличии)







9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтиже- сі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за факти- чески отработанный период (заполняется государственными служащими)






ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение органи- зации

қабыл- данған/

приема


босатылған/ увольнения



Кандидаттыңқолы/ Подписькандидата


күні/дата



жүктеу 221,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау