Барлык мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-2, B-2, С-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
4)өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екi жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.**
С-О-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.**
С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, С-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.**
*Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады..
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: (8-7172) 75-43-56 /E-mail: s.shamilova@mid.gov.kz / Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаментінің директоры C-1 санаты
Функционалды міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылық ету; лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік және Департамент туралы ережелерге, Министрліктің регламентіне сәйкес жұмысты ұйымдастыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және салааралық үйлестіруге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) және/немесе өнер (сәулет) және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы).
Экспортты дамыту және ілгерілету департаменті департаментінің директоры C-1 санаты
Функционалды міндеттері: Департаментке жалпы басшылық жасау және жұмысты ұйымдастыру. Экспортты ілгерілету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қарауға қатысу. Министрлік басшылығына Қазақстан Республикасында экспортты ілгерілету бойынша қажетті ақпараттар мен өзге де материалдармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында экспортты дамыту және ілгерілету бойынша жұмысты ұйымдастыру және ілгерілету саласындағы ұлттық компанияларды тарта отырып, отандық өңделген тауарларды, қызметтерді ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау шараларын беруді және олардың шығындарының бөлігін өтеуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты қадағалау және ұйымдастыру. Министрліктің басшылығына экспорттық қызметін дамыту және ілгерілету, өңделген тауарлардың, қызметтердің экспортын дамытуға арналған қолайлы жағдайларды қалыптастыру және қазақстандық тауарлардың, қызметтердің сыртқы нарықтарда танылуын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасындағы экспорттық қызметті мониторингілеуді және талдауды қамтамасыз ету. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және сенімгерлік басқаруда тұрған ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу. Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау туралы ақпаратты сапалы орындауды және уақтылы беруді қамтамасыз ету. Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика,статистика) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
Техникалық реттеу және метрология комитеті Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы - мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, С-О-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Департаменттің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылаудың негізгі қызметі бағыты бойынша департамент жұмысын бағалауды талдау. Техникалық реттеу және метрология саласында міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жоспарлау. Әкімшілік істерді қарау. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық актілерді, Комитет қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу. Тиісті қаржы жылына бюджетті қалыптастыруға қатысу және бюджеттің ағымдағы игерілуіне қатысу. Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу, шарттық міндеттердің орындалуына бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).
Техникалық реттеу және метрология комитеті Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы - мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, С-О-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Департаменттің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылаудың негізгі қызметі бағыты бойынша департамент жұмысын бағалауды талдау. Техникалық реттеу және метрология саласында міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жоспарлау. Әкімшілік істерді қарау. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық актілерді, Комитет қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу. Тиісті қаржы жылына бюджетті қалыптастыруға қатысу және бюджеттің ағымдағы игерілуіне қатысу. Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу, шарттық міндеттердің орындалуына бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).
Көлік комитетінің Порттарының теңіз әкімшілігі басшысының орынбасары, санаты С-О-2
Функционалдық міндеттері: Порт капитаны жоқ болған кезде оның міндеттерін орындау. Кеменің шығу әзірлігін және теңізде жүзуге жарамды жай-күйде теңізге шығуға рұқсат беруді тексеруді; кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын белгіленген тәртіппен ресімдеуді ұйымдастыру; кеменің порттан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын кемшіліктерді жоюды тексеру мақсатында кемені бақылап тексеруді жүргізуді; кемелерді міндетті лоцмандық алып өтуді белгілеу мен лоцмандық қызмет және кеме қозғалысын басқару жүйесінің жұмысын бақылау; кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын белгілейтін тәртіптің талаптарын қадағалау; порт кіреберістерінде және оның айдыны шегінде кемелердің мұз жарып жол ашуын бақылау; порт айдынында, кіреберіс каналдарда және фарватерлерде тиісті тереңдікті, навигациялық қоршау құралдары жарамдылығының сақталуын бақылау, сондай-ақ портта кемелердің өту қайраңдығын белгілеу; портта орналасқан кемелерді порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелерді құтқаруға қатысу үшін тарту; теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға рұқсаттар беру, батқан мүлiктi көтерiп шығаруға белгіленген мерзімдер жөнінде деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, сондай-ақ портта құру, гидротехникалық және өзге жұмыстарды жүргізу; порттағы құрылыстардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау жасауды және қадағалау; сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша профилактикалық және алдын алу шараларын қабылдау; қоғам және халықпен өзара ақпараттық әрекеттесу жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар (теңіз техникасы және технологиялар).
Арнаулы білім, сыйымдылығы 500 регистрлік тоннадан астам теңіз кеме капитанының дипломының мүмкіндігінше болуы қажет.
Инвестиция комитеті аумақтық департаментінің басшысы - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі,
С-О-1 санаты
Функционалды міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылық, арнайы экономикалық аймақ аумағында мемлекеттік бағдарламалар және туризм индустриясын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін үйлестіру, арнайы экономикалық аймақтарда инвестицияларды тарту бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асыру, бюджетті жоспарлау және орындау, кадрлық және материалдық қамтамасыз ету, құжат айналымы мәселелерін үйлестіру, департамент жұмыскерлерін қызметке қабылдау және босату, бұйрықтарды шығару, департменттің жұмыс жоспарын бекіту, қаржы және өзге банк құжаттарына қол қою. арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу; Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет. Арнайы экономикалық аймақтар қызметін жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу. Уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсыну; «бір терезе» қағидаты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру; арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растау қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу; арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру; «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау және жұмыс істеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) немесе қызмет көрсету немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер).
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, С-О-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Департамент жұмысын ұйымдастыру және қызметкерлерінің қызметін үйлестіру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және бақылауды іске асыру мониторингін жүзеге асыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамаларын келісу. Өнеркәсіп саласының бақылаудағы кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтауды, тексерулерді авариялар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі арнайы комиссия жұмысын ұйымдастыру және оларға қатысу. Департамент жұмысын мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша бағалауды талдау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша материалдарды дайындауды, нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттарды, негізгі қызмет бойынша есептерді уақтылы орындауды бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясының басшысы – бас мемлекеттік авиация инспекторы, С-О-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Мекеменің қызметінұйымдастыру; пайдаланушыларды сертификаттау және авиациялық персоналдарды дайындау саласындағы құжаттарды қарау және елісу; пайдаланушыларды және авиациялық оқуорталықтарын сертификаттауға қатысу, пайдаланушылар қызметіне, соның ішінде шетелдіктерге бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; инспекторлық ұйғарымдар беру; пайдаланушының сертификатынтарын және куәліктерін тоқтату және кері қайтарып алу бойынша ұсыныстар енгізу; авиациялық оқиғалар алдын-алу бойынша, ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпараттық бюллетеньдер және нұсқаулықтар бойынша ұсынымдарды азаматтық авиация субъектілеріне дейін жеткізу; ұшу қауіпсіздігі бойынша талдаулар жасауға қатысу; пайдаланушыларды сертификаттауға жауапты тұлғаны тағайындау; ETOPS, RVSM, CAT-II және III бойынша ұшуға рұқсат беру құжаттарына келісу; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; авиациялық персоналдың куәлігіне қол қою; ИКАО, МАК және басқа да халықаралық ұйымдарымен өзара әрекеттесу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар (авиациялық техника және технологиялары, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен Құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |