Бөлім Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің Қызметін экономикалық талдау


Схема 1.1. «ОЖКҚ» МКК - ның басқару құрылымы



жүктеу 196,17 Kb.
бет19/31
Дата20.05.2020
өлшемі196,17 Kb.
#30536
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

Схема 1.1. «ОЖКҚ» МКК - ның басқару құрылымы.




Схема 1.2. «ОЖКҚ» МКК - ның бухгалтериясының құрылымы.

2. Негізгі құралдардың есебі

2.1 Меншікті негізгі құралдарды жалпы ұғымы, оларды топтастыру

және бағалау
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады. Пайдаланылады, олар бірте — бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнім аударылады. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды жүйелеп түгендейді.

Пайдалану мақсатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып 2 топқа бөлінеді.

Өндірістік негізгі құралдар тікелей және жанама түрге өндіріс процестеріне қатысады немесе өндірістік процестің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндіктерін жасайды. Мысалы: машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, ғимараттар, құрылыстар жатады.

Өндірістік емес негізгі құралдар шаруашылық мәдени тұрмыстық және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады. Мысалы: тұрғын үйлер, денсаулық сақтау мүлкі жатады.

Өндірістік емес негізгі құралдар шаруашылық мәдени тұрмыстық және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады. [17.122 б]

Иеленуге қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар, ал жалға алынған құралдар - олар белгіленген мерзімде шарт бойынша басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.

Пайдалану сипатына қарай жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал — жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрған бұл тоқтатылып қойылуына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланлмайтын негізгі құрал — жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал — жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандары жоспарлы түрде ауыстыру үшін құралған қордағы объектілер жатады.(9.15б)

Заттық құрылымына қарай мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүлікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мысалы: үйлер ғимараттар, машиналар жатады. Мүліктік емеске пайдаланылған жерлер және басқа күрделі қаржы. Сонымен, яғни заттық нысаны жоқ қаражаттар жатады. Мысалы: жер учаскелері, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау тағы басқалар жатады.

Пайдалану мақсатына және және атқарылған қызметіне қарай негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді: жер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен құрал — жабдық күш беретін машиналар және жабдықтар: өлшеу және реттеу аспаптары, және қондырғылары мен лабораториялық жабдықтар және басқа да негізгі қорлар. Сонымен қатар есептеу техникасы, көлік құралдары, құрал - саймандары, өндірістік мүлкі жұмысшы, өнім беретін мол және көп жылдық еккен ағаштары, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын және басқа да негізгі құралдар. [10.307 б]

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамыына енетіндер: жер - субъект меншік құқығымен сатыа алынған жердің көлемі мен құны кіреді.

Үйлер — халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған сәулетқұрлыс объектілері.

Ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметкерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік — құрылыс объектілері.

Өткізгіш тетіктер — электр, жылу және механикалық энергияны өткізу қондырғылары. Машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары, қондырғылар, лабоаториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа да машиналар мен жабдықтар; негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады.

Күш беретін машиналар мен жабдықтар жылу мен электр энергиясын өндіретін, генаратор машиналары т.б.

Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылулық, химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттары жатады.

Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар.

Есептеу техникасы — процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар:


  • басқадай машиналар мен жабдықтар, аспаптар аппараттар және басқа құрал - жабдықтар, мысалы: телефон станцияларының, радио топтарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар, жатады;

  • көлік құралдары адамдар мен жуктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралы. Мысалы: автокөлік, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құралы;

  • құрал — сайман қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немес металдарды, ағашты және тағы да басқаларды өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар.

Шаруашылық мүлік — кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Мысалы: орындықтар, шкафтар тағы басқалары. Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе, сиыр және басқа жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін малдар мүліктік объект болып табылады. Көп жылыдық өсімдіктер қолдан егілген жас мөлшеріне тәуелсіз көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер дамуы толысқан өсімдіктерден бөлек есепке алынады.(11.31б)

Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар ауыл шаруашылық мақсатына пайдалану бүшін жерді үстірт жақсартту шараларына жұмсалатын мүліктік емес сипаттағы шығындар.

Басқадай негізгі құралдар — кітапхана құралдары, спорт мүлкі, жалға алынған негізгі құралдарға жұмсалған күрделі салымдар.

Негізгі қүралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған бір түтас принцип болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағын бағалау болардың көлемін, құрылымын тозуын айқындап қайта өңдейді, жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал — жабдықтардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құн, сатып өткізу құны жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.

Бастапқы немесе тарихи құн - негізгі құралдарды сатып алуға, сатуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық салаларынан сондай - ақ пайдалануға беру тағы сол сияқты негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына қарай жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.

Ағымды құн — бүл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құн.

Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны.

Сатылу немесе өткізу құны бір — бірін жақсы білетін мәмілеге келуге дайын тәуелсіз шарттардың негізгі құралдарды өзара айырбасталуы мүмкіндік беретін құны болып табылады.

Жабылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің болжамды құны.

Тозу құны - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмашылық былайша айтқанда негізгі құралардан амортизацяиялық жолмен есептеліп өндіріске немесе айналымға жататын шығындар.

Негізгі құралдардың қалдық құны - бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметіне әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.(12. 24б)


жүктеу 196,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау