Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Уақытты жоспарлау:
Дайындық бөлім: 8-10 мин.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
. Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау
Сабақ тақырыбын хабарлау. Бір сызықтың бойына тіке тұру, спорттық киіммен.
Бірдей бұрылу, денені тіке ұстау
|
Сабаққа қызығушылығы артады,көңіл күйлері жақсарады
Оқушылар суреттер бойынша екі топқа бөлінеді.
Кезекші бүгінгі күн туралы есеп береді
|
суреттер
|
Ортасы
|
Сымбатқа арналған жалпы дамыту жаттығуларын (ЖДЖ) үйрену.
Оқушылардың омыртқасының қисаюына әкеліп соқтыратын негізгі себептерді атап шығу:
• қарқынды өсу кезеңінде омыртқаға көп күш түсу (компьютер немесе парта алдында қисық отыру);
• қимыл-тірек аппаратына нұқсан тигізетін сырқаттар (туберкулез, остеохондроз, сүйектердің ісігі, мешел);
• адамды болып жатқан оқиғаларды көру үшін алға қарай иілтуге мәжбүр еткен көз жанарының төмендеуі;
• әлсіз бұлшықетті қаңқа;
• арқа жарақаты.
Оқушылар еліктеу жаттығуларының кешенін орындайды
Жаттығу I.
Б.қ. – қолдар иыққа.
1-2 – аяқ ұшына тұрып, қолдар үстіне-астына;
3-4 – Б.қ.-қа оралу – тыныс шығару.
Жаттығу II.
Б.қ. – төмен тізерлеп отыру, тізені қолымен құшақтау.
1-2-3- асықпай түрегелу, қолдар екі жаққа – тыныс алу;
4 - Б.қ.-қа оралу – тыныс шығару.
Жаттығу III.
Б.қ. - аяқ алшақ, қолдар төменде «құлыпта».
1-2 - қолдар жоғары тыныс алу («балтаны сермеу»);
3 - жылдам алға еңкею, қолдар төмен – тыныс шығару (дауыстап «ха!» деу);
4 – Б.қ.
Жаттығу IV.
Б.қ. – аяқтар алшақ.
1 – қолдарды бүйірге сырғытып, солға баяу иілу: сол қол төмен, оң қол қолтық астына (сорғының ысылдаған дыбысын келтіру);
2 - Б.қ.-қа оралу – тынысшығару;
3-4 – дәл осыны басқа жаққа істеу.
Жаттығу V.
Б.қ. – аяқтар алшақ, қолдар жан-жаққа.
1 – солға бұрылу
2 – Б.қ.;
3-4 – дәл осыны оңға істеу.
Жаттығу VI.
Б.қ. - о.с., қолдар екі жаққа – тынысалу.
1 – оң аяқты алға сермеу, астынан шапалақ ұру – тынысшығару;
2 – Б.қ.;
3-4 – дәл осыны сол аяқпен істеу.
Жаттығу VII. Б.қ. - о.с., қолдар белде.
1-2-3- бір орында тұрып секіру;
4 - оңға бұрылып секіру.
Бірқатар гимнастикалық фигуралар үйрену
Оқушылар төсеніште қарапайым гимнастикалық жаттығуларды үйренеді.
Ойын: «Теңіз бір тербеледі.»
Санамақтың көмегімен «жүргізуші» таңдалады. Ол артқа бұрылып, былай дейді:
«Теңіз бір тербеледі, теңіз екі тербеледі, теңіз үш тербеледі, теңіз фигурасы, орныңда қат!»
Содан кейін жүргізуші барлық ойыншыларды аралап шығып, барлығын кезек-кезек «тірілте» бастайды. Әрбірі ТЕҢІЗ ФИГУРАСЫНЫҢ өзіндік нұсқасын көрсетеді. Содан соң, жүргізуші ең үздік фигураны таңдайды да, ол «жүргізуші» болады.
|
Сұрақтарға жауап береді,кезек-кезек тақтаға шығып жұлдызшаларын іледі, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды
|
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, арқан, гимнастикалық таяқтар.
|