44
- эстетикалық (әдемілік);
- ғылыми.
Құндылық психологиялық тұрғыдан, қоғам үшін әлеуметтік-тарихи мәні
бар және жеке адамдар үшін тұлғалық мағынасы бар болмыстың белгілі бір
құбылыстары. Сонымен бірге құндылық қоғамның моральдық қатынастарының
кӛріну формасы ретінде әрекет етеді. Олай болса, құндылық біріншіден, жеке
тұлғаның адамгершілігі, абыройы және адамның адами әрекеттері, екіншіден,
моральдық
нормалар, принциптер, мұраттар,
қайырымдылық, әділеттілік, бақыт
ұғымдары.
Психологияда «құндылық» түсінігі қоғам үшін әлеуметтік-тарихи маңызы
бар, «жеке адам» ӛмірінің болмысын анықтайтын құбылыс. Басқа жағынан
психологияда құндылық - қоғамдағы моральдық қарым-қатынас [141]. Осы
айтылғандарға сүйене отырып біз, құндылық біріншіден - жеке адамның
адамгершілік қасиеті, оның абыройы, әділділігі, бақыты болса, екіншіден -
моральдық сана, норма, мүдде, принцип, мұрат пен мақсат - деп білеміз.
Ӛйткені, қай кезде де адам ӛмір сүретін ортада қызмет етіп, іс-әрекет жасаса, ӛз
қажеттілігін ӛтеу үшін алдына мүдде мен мақсат қойып, мұратына жетуге
ұмтылыс жасайды. Ал, мұратқа жетуде білім, ақыл - ой, шеберлік, ұстамдылық
пен шыдамдылық, яғни
рухани құндылық негіздері ерекше орын алады. Адам
мақсат-мұратсыз ӛмір сүре алмайды. Ал, мақсат пен мұрат ӛмір сүрудегі ең
алдымен керекті құндылық. Адам ӛмірінің ӛзегі, ал басқа мақсаттар оған
жеткізетін баспалдақтар ғана. Ал, адамшылыққа жеткізетін қасиеттер ар-ұят,
ізгілік, мейірімділік, қанағат, әділдік, қарапайымдылық. Сондықтан,
«құндылық» - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-
әрекет кезіндегі кӛрсетілетін қайырымдылығы, тұрақтылығы, мейірімділік
тәрбиесі» [142
] болса «құндылық» тәрбие арқылы жүзеге асады. Адамның ӛмір
сүруі үшін руханилықтан бастап, адам ӛмірін бағалау, адамның жағымды және
жағымсыз қасиеттері мен адам ӛмірі мәдениетінің негізін қалыптастыратын
білім мен тәрбие [21, с. 67-68].
Сонымен, «құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының
адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады.
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі –
құндылықты бағыт-бағдар.
Т.Б.Мәшенбаев ӛзінің «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» атты
еңбегінде: «Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық ӛмір мұраттары
және жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың
адам санасында бейнеленуі» - деп атап кӛрсетеді [143, б. 31]. Құндылықты
бағыт тұлға мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске
қосылады. Құндылықты бағыт-бағдардың негізгі мазмұны – адамның саяси,
философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең әрі
тұрақты бейімділіктері, әрекет-қылықтары, мінез қағидалары.
Сонымен қатар, құндылықтар тұлғаның базалық мәдениетін түзетін
жекелеген элементтер ретінде қарастырылады. Атап айтқанда: