«бм қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



жүктеу 456 Kb.
бет13/23
Дата26.11.2018
өлшемі456 Kb.
#24580
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдері арқылы іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метонимия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Әрқайсысына тоқталып кету.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілінің бір саласы ретінде лексиканы оқытудың маңызы, міндеттері, орны принциптері. Лексиканың мазмұны. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық ортақ қателер және оларды болдырмаудың жолдары. Лексикаға арналған жаттығулардың түрлері және оларды орындатудағы мақсат. Лексиканы оқытуда көрнекі және техникалық құралдарды орынды пайдалану.

Бақылау сұрақтары:
Лексиканы оқытудың төрт кезеңі.
Оқушылардың лексика саласынан алатын білімдерін жүйелеу және іскерліктерін жетілдіру.
Лексиканы меңгертудің тиімді жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразбаева Ф.Ш.,Шадиева Н.Х. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар.А.,2003.
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
12. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

9 –дәріс

Тақырыбы: Фонетиканы оқыту әдістемесі.Фонетикалық жаттығулар түрлері мен талдауды тиімді өткізу. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Фонетиканың әдістемесі
2. Оқушылардың фонетика саласынан алатын білімдерін жүйелеу және іскерліктерін жетілдіру.
3. Фонетиканы меңгертудің тиімді жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Фонетика тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу ерекшеліктерін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Фонетика тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін графикалық талдау ойдағыдай жүргізілуі қажет. Жалпы алғанда фонетика саласын оқыту әдістемесінің мақсаты – оқушылардың төменгі сыныптарда қазақ тілі пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу. Фонетика туралы түсінік беру. Тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары: сөздің айтылуы мен жазылуына тоқталу. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап оның ішкі құрылыс жүйесін сипаттай отырып дыбыс өзгерістерін талдау. Дыбыстың жасалым, естілім, айтылым сәттерінің әрқайсының өзіне тән ұғымдар мен атауларын жеке-жеке талдауға үйрету. Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтарды меңгерту болып табылады. Осы мақсатта әдістемеден студенттерді фонетика тарауын өтуге арналған сабақ жоспарларын жасауға үйрету міндеттеледі. Сабақ өту үшін мұғалімнің қолында бекітілген сабақ жоспары болуы керек. Сабақ дұрыс құрылуы керек. Фонетика туралы түсінік берілгеннен кейін тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары: сөздің айтылуы мен жазылуына тоқталу керектігі ескертіледі.Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап оның ішкі құрылыс жүйесін сипаттай отырып дыбыс өзгерістерін талдауды үйрету барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер меңгертіледі. Оқушыларды дыбыстың жасалым, естілім, айтылым сәттерінің әрқайсының өзіне тән ұғымдар мен атауларын жеке-жеке талдауға үйрету жолдары айтылады. Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оңай меңгертутудің жолдары қарастырылады. Осы мақсатта әдістемеден студенттерді фонетика тарауын өтуге арналған сабақ жоспарларын жасауға үйрету міндеттеледі. Мектептің қазақ тілі пәнінде әдіс-тәсілдер жүйесі негізінде әр түрлі тестерді пайдаланудың пайдасы зор. Әсіресе тестің ішінде «тіке жауап», «альтернативті», «толықтыру», «сәйкестендіру» тестін пайдалану оқушы үшін өте пайдалы, әрі тиімді. Мысалы, қазақ тілінен өтілген сабақтарды қайталау мақсатында жауап таңдау тестін құруға болады:
Қазақ тілінде неше әріп бар?
а) 42 ә) 36 б) 40
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 4 ә) 3 б) 2
Сөйлем неден тұрады?
а) дыбыстан ә) сөзден б) әріптен
Дауысты дыбыс нешеу?
а) 10 ә) 25 б) 15
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

жүктеу 456 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау