Блок 1 Қолданбалы механика пәнінің мақсатын атаңыз


Материалдар кедергісінде қабылданған жорамалдарды атаңыз



жүктеу 1,41 Mb.
бет16/22
Дата13.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#35842
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
мех жауап

21. Материалдар кедергісінде қабылданған жорамалдарды атаңыз

Материалдар кедергісінің негізгі жорамалдары. Материалдар кедергісінде конструкция элементтерін есептеу күрделі болғандықтан, оны іс жүзінде оңай жəне ыңғайлы түрде шешу үшін материалдардың құрылымы, қасиеттері туралы, деформациялар мен күштержəне т.б. деректер туралыбірнешежорамалдар қолданылады. Бұл жорамалдар ескеріліп алынған есептеу нəтижелерінің дұрыс екені, оларды инженерлік практикада кеңінен қолдануға болатыны тəжірибе жүзінде дəлелденген. Төменде материалдар кедергісі курсында кездесетін негізгі жорамалдар келтірілген:

1. Материалдың тұтастығы туралы жорамал. Материал дене пішімін толық толтырады, яғни дене үздіксіз тұтас орта деп қарастырылып, оның дискреттік (атомдық) құрылымы ескерілмейді.

2. Материалдың біртектілігі жəне изотроптылығы туралы жорамал. Материалдардың кез келген көлемдегі жəне кез келген бағыттағы механикалық қасиеттері бірдей. Машина өндірісінде қолданылатын конструкциялық материалдардың көпшілігі біртекті. Ал, құрылыста қолданылатын ағаш, бетон жəне композитті пластмассалар сияқты т.б. материалдар біртекті емес. Əр түрлі бағыттағы механикалық қасиеттері бірдей емес материалдарды анизотропты материалдар деп атайды. Материалдарды изотропты деп болжау кейбір жағдайларда қолданылмайды. Мысалы, анизотропты материалдарға ағаш жатады, өйткені оның талшық бойы бағытындағы жəне талшыққа кесе көлденең бағыттағы қасиеттері əр түрлі, арматураланған материалдар жəне т.т.

3. Деформациялардың кішкентайлығы туралы жорамал. Деформацияланатын дененің өлшемдеріне қатысты деформация өте кішкентай аз шама.

4. Материалдардың толық серпімділігі туралы жорамал. Барлық денелер абсолют серпімді деп болжанады. Шын мəнінде бар денелерді шартты түрде жүктеменің қандай да бір шамасына дейін серпімді деп айтуға болады жəне осы жəйтті материалдар кедергісінің есептеу формулаларын пайдаланғанда ескерген жөн.

5. Деформация мен жүктеменің сызықтық тəуелділігі туралы жорамал. Көптеген материалдардың деформациялануы кезінде деформация мен жүктеменің тура пропорционалдығы жөніндегі Гук заңының ақиқаттығы туралы болжам қолданылады.

6. Күш əрекеттерінің тəуелсіздік принципі. Бұл принцип бойынша денедегі топ күштер əсерлерінің нəтижесі сол топтағы жеке күштердің əсерлерінің нəтижелерінің қосындысына тең. Яғни, күш тобының əсерінен жүйеде пайда болған деформация сол топтағы жеке күштердің əсерлерінен пайда болған деформациялардың қосындысына тең.

7. Сен–Венан принципі. Бұл принцип бойынша, конструкция элементінің сыртқы күш түсірілген жерінен жеткілікті қашықтықта жатқан қималардағы нүктелерде пайда болатын кернеулер мен деформациялар сыртқы күштің түсіру əдісіне тəуелді емес. Осы принципке арқа сүйеп, көптеген жағдайда бір күш жүйесін, оған статикалық эквивалентті, басқа күш жүйесімен алмастыруға болады, нəтижесінде есепті шешу жеңілдейді. Мысалы, көп тіректі темір жол рельсінің есептеу схемасын құрғанда, дөңгелектен рельске кішігірім аудан арқылы берілетін бірқалыпсыз таралған күшті нүкте арқылы берілетін қадалған күшпен ауыстыруға болады.


жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау