3. Баланың шығарған дыбыстары мен жасаған ишараларын қайталап, баланың
көрсеткендерін істеу.
Баланың назарын аударғаныңызға және бір-біріңізге қарап тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Бала
қандай да бір қозғалыс жасағанша немесе бір дыбыс шығарғанша күтіңіз. Егер бала сырқат
болса, оның алғашқы қимылдары мардымсыз болуы мүмкін, мысалы, бала тек көзін жұмуы не-
месе көзін аша алуы мүмкін. Бұдан соң баланың қимылдарын қайталаңыз, бірақ оны барынша
әдейілеп жасаңыз. Баланың шығарған дыбыстарын ыждаһатпен қайталаңыз.
Оны арада дыбыстар мен ишаралардан тұратын ықыласты «әңгіме» басталмайынша қайталай
беріңіз. Қатысушылардан оның ырғағына назар аударуын сұраңыз – сіз баланың реакциясы-
нан кейін қайталайсыз. Сіз бала өзінің өзіңіз айнытпай қайталауға тиіс болатын реакциясын
қайталағанша немесе жаңасын көрсеткенше күтесіз.
Егер баламен бұлайша қарым-қатынас жасау мүмкін болмаса, онда келесі сабаққа көшіңіз
(төменде келтірілген 4-тармаққа көшіңіз).
Достарыңызбен бөлісу: |