4 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың даму картасы
ІРІ МОТОРИКА
Бір қолымен допты жерге соғады
Ішінде оңай табылатын заттар – кубик, қорапша және т.б.
салынған қапшықтан заттарды сипалап анықтайды
Бәтеңкеге, туфлиге бау өткізе алады
Жармаларды немесе ұсақ заттарды іріктей алады
Қозғалып ойнайтын ойындарға қатысады
Көзбен өлшеу, алғырлық, қозғалып ойнайтын ойындарға қатыса
білу дағдыларын дамытады
ҰСАҚ МОТОРИКА
Балаларға арналған ұшы доғал қауіпсіз қайшымен сызықты бой-
лай қияды
Шаршы, шеңбер, үшбұрыш және т.б. салады
ЛЕГО типті конструктордың бөліктерін жалғай алады
Қарындашты қағаздан алмай отырып, суреттің пішінін айналды-
рып сызады
Түрлі геометриялық фигураларды сыза алады
Біреудің айтуымен фигураларды салады
Саз бен пластилиннен шамалары әр түрлі шарларды, «шұжықты»
бағандарды және т.б. жасай алады
СӨЗДІ ТҮСІНУ
Сөйлемдерді айта алады және көптеген сөздерді қолданады
Сөздердің қарама-қарсы мағынасын түсінеді
Қарапайым сұрақтарға жауап береді
|