63
С
КОМ
– БҚ әзірлеуге және енгізуге жұмсалатын шығын, теңгемен.
Бұдан көретініміз,
Н
ЭЖЫЛ
= 18 334 925,8 – 0,35
.
2 604 817,6= 17 423 238,2 (теңге)
Шығынның орнын толтыру мерзімін есептеу.
Шығынның орнын толтыру мерзімі Т
ок
р
12-формула бойынша
анықталады:
Т
ок
р
= С
КОМ
/ Э
ГОД
(14)
Бұдан,
Т
ок
р
= 2 604 817,6/ 18 334 925,8 = 0,14 (жыл)
Әзірленген бағдарламалық құралдардың тиімділігін растау үшін
талаптарды орындау қажет:
Т
ОТ
< Т,
(15)
мұдағы Т
ОК
– орнын толтыруды есептеу мерзімі, (жыл);
Т – нормативтік орнын толтыру мерзімі, жыл (бағдарламалық
құралдар үшін Т=2,5 жыл).
0,14 < 2,5 талабы орындалады, сәйкесінше жоба тиімді болып
табылады.
64
6 Еңбекті қорғау
Дипломдық жобаның бұл бөлімінде инженер – программистің оңтайлы
еңбек жағдайларын анықтау - жарықтандыруды есептеу – шу деңгейін есептеу
сияқты мәселелер қарастырылады. Сондықтан Техникалық регламенттің 8-
тармағының негізінде осы бөлімді жазған кезде Қазақстан Республикасының
келесі заңы: 2014 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексі ескерілді.
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
Еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану,
химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге
жарату кезіндегі қауіпсіздік, автомобиль жолдарымен және теміржолдармен
жүру қауіпсіздігі, ішкі су көлігі жүрісінің қауіпсіздігі, энергетика
объектілерінің қауіпсіздігі, әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі, су шаруашылығы
жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы
төтенше
жағдайлар
саласындағы
құқықтық
реттеу
Қазақстан
Республикасының арнайы заңнамасы арқылы жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта
осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық
шарттың қағидалары қолданылады.
Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
а) Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және
оларды жою.
б) Төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт уақытта және соғыс
уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін
жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
в) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың
мамандарын дайындау және халықты оқыту;
г) Қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану
құралдарының бөлшектерін және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін
жинақтау және дайын қалпында ұстап тұру;
д) Төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде алдын
ала және төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық
қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыру;
е) Азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су
жинау орындарын), тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді
радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зарарланудан,
эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау;
ж) Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
65
з) Қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қауіпті факторларының
әсер етуін азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг
жүргізу, оны әзірлеу және іске асыру;
и) Мемлекеттік резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды
қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбекті қорғау, өндiрiсте қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайларын
жасау қоғамда мемлекеттік маңызы бар іс болып табылады. ҚР-да еңбекті
қорғауға еліміздің негізгі заңы ҚР Конституциясымен кепілдік беріледі, 29-
бапта «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға
құқығы бар» делінген.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларға талдау жасау.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен қатар адамдардың өз еңбек
міндеттерін қауіпсіз орындау мүмкіндігі маңызды роль атқарады. Жұмыс
орнында қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен қорғану
шаралары көзделуі тиіс. Бұл факторлардың деңгейі құқықтық, техникалық
және санитарлық-техникалық нормаларда көрсетілген шекті мәнінен аспауы
тиіс.
Бұл нормативтік құжаттар жұмыс орнында еңбек жағдайларын жасауға
міндеттейді, ол кезде жұмыс істеушілерге қауіпті және зиянды факторлардың
әсері жойылуы мүмкін немесе жол берілетін шекте болуы мүмкін.
Қазіргі кездегі ЭЕМ-мен байланысты орындалатын жұмыстардың
жағдайы көпшілік жағдайда қауіпті және зиянды факторлармен
сүйемелденеді.
Қызметі ЭЕМ-мен байланысты жұмыскерлердің еңбек режимінің
ерекшелігі – бұл
көп ойлануды қажет етеді және орталық нерв жүйесінің
функционалдық жағдайының өзгеруіне әкеледі.
Дисплей экранының алдында ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде ЭЕМ
операторларының, программистің көру аппаратына салмақ түсуі байқалады,
жұмысына қанағаттанбаушылық, бас ауруы, ашуланшақтық, ұйқының
бұзылуы, шаршау және көзінің, белінің, мойны мен қолының ауырсыну
сезімдері пайда болады.
Сонымен қатар бұл адамдар төменде көрсетілген қауіпті және зиянды
өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайды:
а) Табиғи жарықтың жетіспеуі.
б) Жұмыс орнында жасанды жарықтандырудың жетіспеуі.
в) Монитордан шығатын электр магниттік сәуленің бөлуі.
г) Сыртқы ортаның жоғары температурасы.
д) Шудың жоғары деңгейі, шу техникалық құралдардан, ауаны
желдететін құралдардан, Кернеу өзгерткiштерiнен шығады, сондай-ақ
бұрыннан болатын шу.
е) Электр тогының бүлінуіне болатын қатер және статистикалық электр.
Жоғарыда көрсетілген жағымсыз факторлардың әсері қызметкердің
жұмыс істеуге қабілеттілігінің төмендеуіне әсер етеді, оны шаршатады. Қажу,