7
мерзімді кезеңдерде жұмыс орындарының ең көп ашылуы қамтамасыз етілетін
аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан салалар туралы ақпарат береді.
Осы ақпарат негізінде, Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі (HR-промоутер) өңір
экономикасының əр саласы (секторы) бойынша жұмыс берушілерді саралайды жəне
ағымдағы жұмыс берушілердің мəліметтер базасын жасайды.
Әрбір HR-промоутерге аймақ экономикасының белгілі бір саласындағы жұмыс
берушілер бекітіледі. HR-промоутер аймақ экономикасының дамушы салаларында
жұмыс істейтін жұмыс берушілерге бірінші кезекте назар аударады.
Жұмыс берушілерді экономика секторлары бойынша саралау жəне оларды бір
нақты HR-промоутерге бекіту жұмыс берушілермен жұмыс кезінде атаулы тəсілді
қолдануға жəне ЖҚО қызметтерін жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне қарап ұсынуға
мүмкіндік береді.
б. Жұмыс берушілермен жұмыс
істеудің проактивті форматы
HR-промоутер қашан жұмыс беруші ЖҚО-ға келіп немесе қоңырау шалып, өзінде
бар бос жұмыс орындарын ұсынады екен деп күтіп отырмайды.
HR-промоутер өзі жұмыс берушімен қарым-қатынас орнатады, онымен тұрақты
байланыста болады жəне жұмыс берушінің кадрлық саясатындағы өзгерістерге жедел
жауап қайтарады.
HR-промоутер
жұмыс
берушілермен
жұмыс
кезінде
белсенділік
пен
бастамашылық танытады.
HR-промоутер жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс берушілер туралы өзекті
ақпаратты жинауды тұрақты түрде жүргізеді. HR-промоутердің өзіне бекітілген жұмыс
берушілер туралы көбірек ақпараты болса, ол жұмыс берушілердің ЖҚО қызметтеріне
қызығушылығын туғызуға көп мүмкіндіктер таба алады, сəйкесінше, жұмысқа
орналастырылған жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар санын арттыра
алады.
Жұмыс берушілердің санаттары мен олармен қарым-қатынас стратегияларының
түрлері ары қарай осы əдістемеде талқыланады (7.1 «Жұмыс берушілермен жұмыс
істеу стратегиясын таңдау» бөлімін қараңыз).
в. ЖҚО-ның қызметтері туралы жұмыс
берушілерді ақпараттандыру
Жұмыс берушілердің мақсатты топтарын серіктестікке тарту үшін ЖҚО келесі
құралдарды пайдаланады:
- жұмыс берушілерге ЖҚО-ның жұмысы, сонымен қатар оның көрсететін
қызметтері туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік беретін, аймақтың түрлі елді мекендерінде
ЖҚО басшылығы мен жұмыс берушілер арасында кездесулер (роуд-шоу)
ұйымдастыру;
- халықты жұмыспен қамту орталығында жəне жұмыс берушілердің базасында
жұмыс берушілерге жеке кеңес беру.
г. Жұмыс берушілермен атаулы түрде жұмыс істеу
HR-промоутер жұмыс берушілермен атаулы түрде жұмыс істеу тəсілін
қолданады.
Жұмыс берушімен бастапқы байланыс орнату үшін HR-промоутер оған сəлем
хатын жолдайды. Жұмыс берушімен жеке деңгейде қарым-қатынас жасау жұмыспен
қамту орталығының оң имиджін нығайтуға көмектеседі. Жұмыс берушілер кəсіби жəне
эмоционалды қанағаттану алатын болса, оларда ынтықтық сезімі жəне ЖҚО-ға қайта
өтініш жасау қажеттілігі туындайды.
HR-промоутер жұмыс берушілермен жұмыс істеудің көп арналы форматын
қолданады. HR-промоутер жұмыс берушiмен жұмыс кезінде электрондық пошта немесе
8
телефон соғу арқылы, конференцияларда немесе жұмыс берушіге барып, жеке кездесу
арқылы байланысқа түседі.
HR-промоутердің негізгі міндеті – жұмыс берушімен телефон, пошта немесе
электрондық пошта, қайта қоңырау соғу арқылы жүзеге асатын əрбір байланысты, бұл
жұмыс беруші – жүздің бірі емес, жалғыз болып табылатындай етіп жүргізу, яғни қарым-
қатынастың жеке, эмоционалдық сипатын сақтау. Жұмыс беруші HR-промоутердің
өтініші жеке жəне тек оған бағытталғандығын сезінуі тиіс.
HR-промоутер өз жұмысында жұмыс берушілердің мүдделеріне бағытталған
тəсілдерді қолданады. Жұмыс берушінің қойған талаптарын ескере отырып, HR-
промоутер жұмыс іздеушілердің арасынан мамандарды таңдау бойынша мақсатты
жұмыстарды жүргізеді. Жұмыс іздеушілердің формалды талаптарға (тəжірибесі,
мамандығы, қалаған жалақысы, тілдерді меңгеруі, т.б.) сəйкес келуін тексеру, талап
етілген дағдылар бойынша нақты үміткерлерді саралау жүргізіледі. HR-промоутер
жұмыс берушілердің қосымша талаптары бойынша кадрларды түбегейлі іріктеу
жүргізеді. HR-промоутер жұмыс берушіге сұхбаттасуға қойылған талаптарға сəйкес
келмейтін жұмыс іздеушіні жібермеуі керек.
HR-промоутер жұмыс берушіге сұхбаттасуға жіберілген жұмыс іздеушілердің
санына бақылау жасайды. HR-промоутер жұмыс берушінің нақты бос жұмыс орны
бойынша бір жұмыс іздеушіні екі рет сұхбаттасуға жіберуіне болмайды. HR-промоутер
бір жұмыс берушінің нақты бос жұмыс орнына жіберілген жұмыс іздеушілердің саны
шектеулі мөлшерден аспауын бақылап отыруы керек.
HR-промоутер жұмыс берушіге берген уəделерін орындайды (бос жұмыс орнын
тіркеу, сұхбаттасуға жұмыс іздеушілер жіберу, сұхбаттасуды өткізу мерзімдері туралы).
Бұл ЖҚО-ның тартымдылығын арттырып қана қоймайды, сонымен бірге ұзақ мерзімді
перспективада жұмыс берушілердің ЖҚО-ға сенімін қалыптастыруға көмектеседі.
«Еңбек нарығы» ААЖ-дағы жұмыс берушілердің деректер базасы ЖҚО
серіктестік қарым-қатынас орнатуға жəне жүргізуге ниеттенетін жұмыс берушілер
туралы бірегей ақпарат болып табылады. HR-промоутер өзіне бекітілген жұмыс
берушілердің деректер базасын үнемі өзекті жағдайда ұстап отыруы тиіс. Ол үшін онда
қамтылған ақпаратты үнемі жаңартып, нақтылап отыру керек. Қайталанатын ақпаратты,
«өлі» мекен-жайларды жойып отыруы қажет. Кейбір жұмыс берушілер өздерінің нақты
немесе заңды мекен-жайларын жəне байланыс нөмірлерін өзгертуі, басқалары өз
қызметін басқа салаға айналдыруы, ал тағы біреулері нарықтан мүлдем шығып кетуі
мүмкін. Бұл, қазіргі күнде жиі кездесетін объективті жағдайлар. Тəжірибе көрсеткендей,
ақпаратты нақтылаған кезде, жұмыс берушілердің деректер базасы айтарлықтай
жаңарады.
HR-промоутер
жұмыс
берушілермен
үнемі
байланыста
болуы,
жұмыс
берушілермен өзара əрекеттің жүйелі мониторингін жүргізуі тиіс. Белгілі бір жұмыс
берушімен ұзақ мерзімді кезеңде серіктестікте ешқандай жылжу болмаған жағдайда,
HR-промоутер жұмыс берушімен байланысқа шығуы керек.
Серіктестік пен мақсатты жұмысты күшейту мақсатында ЖҚО жұмыс
берушілермен
серіктестік
туралы
меморандум
жасай
алады.
Жасалған
меморандумдардың мəні – жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру, жұмыс
іздеушілерді оқыту үшін жұмыс берушілердің оқу базасын бекіту, уақытша жұмыс
орындарын құру бойынша жұмыс берушілер мен ЖҚО-ның бірлескен қызметі.
д. Ақпараттық технологияларды қолдану
HR-промоутер өз жұмысында ақпараттық технологияларды – «Еңбек нарығы»
ААЖ жəне "Жұмыс" интернет-порталын (Enbek.kz) пайдаланады.
HR-промоутер «Еңбек нарығы» ААЖ көмегімен:
- жұмыс берушіден алынған
бос жұмыс орындарын тіркейді;