«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



жүктеу 3,67 Mb.
бет5/16
Дата14.05.2018
өлшемі3,67 Mb.
#12514
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

шаралары

      185. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:


      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
      186. Осы бағыттардың шеңберінде қаржылай емес қолдаудың мынадай құралдарын ұсыну көзделеді:
      1) «кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» функционалдық бағыты бойынша:
      «Бизнес насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру;
      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі - АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
      2) «кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту» функционалдық бағыты бойынша:
      кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;
      кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;
      жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
      рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;
      3) «кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру» функционалдық бағыты бойынша:
      жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемділігін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту;
      кәсіпорындарды технологиялық дамыту;
      4) «іскерлік байланыстарды кеңейту» функционалдық бағыты бойынша:
      шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату;
      отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алға жылжыту.
      187. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес қолдау көрсету қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      188. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтудің функционалдық бағыттарын іске асыру кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде мынадай қағидаттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру.
      189. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:
      1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;
      2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары;
      3) ауылдар мен кенттер деңгейінде кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары;
      4) бизнес-инкубаторлар кіреді.
      190. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанында, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен.
      191. КҚКО көрсетілетін қызметтері жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылады.
      192. КҚКО құру мақсаттары:
      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
      193. КҚКО функциялары:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
      3) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау бағыттарын іске асыру;
      4) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
      5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
      194. КҚКО-ны ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      195. КҚКО қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) қаржы агенттігі мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру үшін КҚКО операциялық залында консультанттарды орналастыру үшін қаржылай емес қолдау операторымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
      2) мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетігі бойынша жүзеге асырылады;
      3) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-на дейін мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру шеңберінде КҚКО базасында алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды және қаржы агенттігімен келіседі;
      4) Қаржы агенттігі КҚКО базасында өзге де білім беру бағдарламаларын, тренингтерді, мастер-кластарды өткізе алады, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыра алады.
      196. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі - КҚО) - бұл базасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.
      197. КҚО құру мақсаттары:
      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
      198. КҚО қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.
      199. КҚО облыстардың кәсіпкерлер палаталары филиалдарының жанында, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.
      200. ҚҚО функциялары:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылық емес қолдау шараларын көрсету;
      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;
      4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
      5) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;
      6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
      201. КҚО-ның қызмет етуіне және дамуына арналған шығындарды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулі қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      202. КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) уәкілетті орган мен оператор моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында КҚО-ның қызмет етуі мен дамуына арналған шығындарға өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
      2) оператор уәкілетті органмен жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде:
      КҚО үшін консультанттарды;
      КҚО консультанттарын тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен;
      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
      203. Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржы жылының 12 айы бойы КҚО қызметтерін үзіліссіз көрсетуді қамтамасыз етеді.
      204. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен КҚО қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.
      205. Кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі - КҚҰО) - бұл ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары.
      206. КҚҰО құру мақсаттары:
      1) ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті ашуға ынталандыру;
      3) КҚҰО қызметтері ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады.
      207. КҚҰО функциялары:
      1) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтерді ұсыну;
      3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру;
      4) кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, кәсіпорындардың жетекші мамандары мен топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағыты бойынша қатысуға өтінімдер жинау;
      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету.
      208. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      209. КҚҰО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын қаңтардың 20-на дейінгі мерзімде қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісім бойынша КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығу кестесін жасайды;
      2) қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісілген КҚҰО-ның құрамында Қаржылай емес қолдау операторының ауылдық елді мекендерге шығу кестесі келісілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қаржылай емес қолдау операторы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс;
      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ауылдық елді мекендердің халқын консультациялар өткізілгенге дейін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті ақпарат орналастыру арқылы КҚҰО-ның консультацияларды жүргізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
      4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған кезде ауылдық елді мекендерде консультацияларды ұсыну үшін қосымша үй-жайларды қамтамасыз етеді;
      5) КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығуы тиісті қаржы жылының наурызынан желтоқсанына дейінгі аралығын қоса алғанда жүзеге асырылады;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО үшін консультанттарды ұсынады;
      7) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО базасында бару және консультациялар беру үшін консультанттарды ұсынуға өзге де даму институттарымен келісімдер жасасады.
      210. Бизнес-инкубатор - бұл шағын кәсіпорындарға ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.
      211. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:
      1) шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.
      212. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:
      1) конкурстық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту;
      2) бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
      3) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды консалтингтік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
      4) қаржылық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды тәуекелмен қаржыландыру институттарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу;
      5) ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      6) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды, әртүрлі тақырыптар бойынша тренингтерді, форумдарды қоса алғанда, оқыту семинарларын ұйымдастыру;
      7) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеу мен жалдауға жәрдемдесу;
      8) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру.
      213. Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/аумақты жалға алу мерзімі әрбір кәсіпкерлік субъектісі үшін үш жылдан аспайды.
      214. Бизнес-инкубаторларды құруды және дамытуды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) жүзеге асырады.
      ӘКК қызметтеріне мыналар жатады:
      1) бизнес-инкубаторларды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;
      2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;
      3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;
      4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалға (қосалқы жалға) беру;
      5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасау, бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;
      6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
      215. Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері мен ӘКК арасында бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың негізінде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық


қамтамасыз ету

      «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау


шараларын түсіндіру» құралы

      216. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы халықтың қалың бұқарасына Бағдарламаны тиімді іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік идеяларын танымал ету мақсаттарында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруді көздейді.


      217. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын халықтың қалың бұқарасына түсіндіру мыналарға негізделеді:
      1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      2) Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды көпшілікке танымал ету;
      3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру;
      4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      218. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      219. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
      1) БАҚ-та мемлекеттік қолдау шараларын жария етуді;
      2) мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін әзірлеуді және оның таралымын көбейтуді;
      3) ақпараттық іс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді;
      4) ағымдағы жағдайға кешенді жалпы республикалық талдау мен өңірлік және салалық бөліністерде ШОК-тың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін, жеке-жеке Қазақстанның әрбір өңірінің ШОК секторының шолуын, ШОК субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі ШОК дамуының жай-күйі туралы жыл сайын есеп шығаруды қоса алғанда, ШОК секторы бойынша тұрақты есептер әзірлеуді;
      5) ШОК-ты, микроқаржы секторын дамыту, республикалық және өңірлік деңгейдегі макро- және микроэкономикалық процестер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы өзекті статистикалық ақпарат беру жөніндегі интерактивті ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
      220. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды көпшілікке танымал ету:
      1) іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
      2) Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
      3) өңірлік және республикалық телеарналарда «Арнайы репортаж» жанрында хабарлар циклін әзірлеу және шығару;
      4) БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізу арқылы іске асырылатын болады.
      221. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру:
      1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама және реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, кәсіпкерлер үшін дайындалған кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының таралымын көбейтуді және таратуды;
      2) жаднамалар, түсіндіру сипатындағы материалдар әзірлеуді;
      3) телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейді.
      222. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) «Жылдың үздік кәсіпкері» конкурсын ұйымдастыруды және өткізуді;
      3) жастар жобаларының көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді;
      4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      5) қолданыстағы «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында «Жас іскер» жастар кәсіпкерлігіне арналған бөлімді орналастыруды, оның ішінде оны үнемі жаңартып отыруды;
      6) жас/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік етуге әзір бизнес-тәлімгерлерді тарту үшін «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында веб-алаңдар құруды;
      7) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      223. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы жасаған Бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде


кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы

      224. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында қазақстандық кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған.


      225. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы халықаралық ынтымақтастыққа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде филиалдық желі ашуға және оны кеңейтуге, шикізат пен материалдарды, жиынтықтаушыларды, технологияларды сатып алуға бағдарланған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
      226. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіру мынаған сайып келеді:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету;
      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      227. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      228. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы мен реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласында дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді, олардың таралымын көбейтуді және таратуды;
      2) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) жүргізуді;
      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мықты және осал тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;
      4) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсынудың шарттарын, мемлекеттік сатып алуға қатысу заңнамасы мен қағидаларын түсіндіру үшін оператордың Call-орталығы қызметін ұйымдастыруды көздейді.
      229. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыруды;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында жұмыс істейтін табысты қазақстандық кәсіпкерлер туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеуді және БАҚ-та орналастыруды;
      3) БАҚ өкілдері арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізуді көздейді.
      230. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бизнес ашуға бағдарланған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      3) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      231. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын


түсіндіру» құралы

      232. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы заңнама, нарықтың баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыруға бағытталған.


      233. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы АӨК субъектілеріне ұсынылады.
      234. «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде заңнама, нарықтық баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыру мыналарға негізделеді:
      1) АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      2) АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету;
      3) аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      235. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      236. АӨК саласында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
      1) АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын БАҚ-та түсіндіруді;
      2) АӨК саласында мамандандырылған мерзімдік басылымды әзірлеуді, шығаруды және оны агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеткізуді;
      3) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді көздейді.
      237. АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:
      1) АӨК саласында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
      2) АӨК саласындағы кәсіпкерлер туралы әңгімелерді («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
      3) БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру немесе АӨК саласындағы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
      238. Аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) АӨК саласындағы жастар жобаларының көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді;
      3) АӨК саласындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      4) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде салалық кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      239. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығының базасында да жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту

      «Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы

      «Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:


      1) «Жас кәсіпкер мектебі»;
      2) «Бизнес-мектеп».

      «Жас кәсіпкер мектебі» құрауышы



      240. «Жас кәсіпкер мектебі құрауышы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.
      241. Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары «ЖКМ» жобасының тыңдаушылары бола алады.
      242. «ЖКМ» жобасы:
      1) жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуды;
      2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
      3) «ЖКМ» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды;
      4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы өңірлерде «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсын ұйымдастыруды;
      5) үздік бизнес-жобаларға - «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді.
      243. Оқыту процесінде «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электронды жеткізгіштерде ұсынылады.
      244. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
      245. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.
      246. «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді.
      247. «ЖКМ» жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      248. «ЖКМ» жобасын іске асыру тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен бірлесіп, оқытудың басталатын күнін, оның кезеңін көрсете отырып, «ЖКМ» жобасы бойынша қабылдаудың басталуы туралы жастарды тікелей және/немесе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
      2) өтініш беруші КҚКО-да «ЖКМ» жобасы бойынша білім алу үшін тіркеледі;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы «ЖКМ» жобасының кестесін, қатысушылар құрамын қалыптастырады және өтініш берушіге қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
      4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының үздік бизнес-жоспарлары өңірлердегі «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсында таныстырылады;
      5) «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарлары бизнес-жобаның қойылған талаптарға сәйкес келуі шартымен Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік грант алуға ӨҮК қарауына жіберіледі;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы әлеуетті инвесторларды тарту үшін «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарларының қысқаша сипаттамасын интернет-ресурстарда орналастырады.

      «Бизнес-мектеп құрауышы»



      249. «Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.
      250. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында «Бизнес-мектеп» құрауышының қызметтері КҚО, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да ұсынылады.
      251. «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
      1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды;
      2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды;
      3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді.
      252. Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.
      253. «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, КҚО мен Оператордың КҚҰО береді.
      254. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болғанда «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде білім беру жобаларын өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды ұсынады.
      255. «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру тетігі:
      1) оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін оқыту өткізілетін күн мен орынды, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      4) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат беріледі;
      5) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік екі күн ішінде жүзеге асырылады.
      256. «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігі:
      1) оқыту «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тақырыптар тізбесін айқындау тұрғысынан сауалнама жүргізуді жүзеге асырады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауалнама жүргізу нәтижелерін ескере отырып, тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін тақырыптарды, өткізу күнін және орнын, оның кезеңін және өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      5) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат тапсырылады;
      6) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады.
      257. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды іске асыру тетігі:
      1) оқыту моноқалалардың, шағын қалалар мен аудан орталықтарының «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын, қаңтардың 20-күніне дейінгі мерзімде өңірлік мамандану мен жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективаларына байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалардың тізбесін айқындайды;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жобалардың тізбесін, оқытуды өткізу күні мен орнын, оның кезеңін және өтінімдер беру мерзімін көрсете отырып, оқытуды өткізу кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық өтінімдерінің негізінде тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс әр жоба бойынша тыңдаушылар тобын қабылдауды қамтамасыз етеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалар бойынша тәлімгерлік қызметтер көрсету үшін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, сондай-ақ тәлім беру тәжірибесі бар мамандарды, консультанттарды тартады;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы оқытуды өткізуді бастағанға дейін тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты қалыптастырылған тыңдаушылардың әр тобы бойынша тәлімгерлердің болуын қамтамасыз етеді;
      7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қызметтер көрсететін тәлімгерлер оқыту кезеңі ішінде дәрістер мен семинарлар өткізеді, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді, жобаның өзгешелігі мен ерекшеліктеріне оқытады, тыңдаушылардың оны іске асыруын қамтамасыз етеді;
      7) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады.
      258. «Бизнес-мектеп» құрауышын қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау