«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №



жүктеу 325,19 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата16.02.2018
өлшемі325,19 Kb.
#9839
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өңірлік  үйлестіру  кеңесі  -  облыстардың,  Алматы  және  Астана 

қалаларының  әкімдері  құратын  және  басқаратын  жергілікті  атқарушы 

органдардың, 

банктердің, 

кәсіпкерлер 

бірлестіктерінің, 

салалық 

қауымдастықтардың  өкілдері  және  тәуелсіз  сарапшылар  қатысатын 

консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК); 

Үәкілетті  орган  -  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  даму  және 

сауда министрлігі; 



Жергілікті  деңгейдегі  Бағдарламаны  үйлестіруші  -  іске  асыруға 

жауапты  болатын  облыстың,  Алматы  және  Астана  қалаларының  әкімі 

айқындайтын,  кәсіпкерлер  үшін  Бағдарламаны  жергілікті  жерлерде 

«жалғыз  терезе»  қағидаты  бойынша  жергілікті  атқарушы  органның 

құрылымдық бөлімшесі; 

Қаржы  агенті  -  «ДАМУ»  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ,  ол 

Бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде  мынадай  функцияларды  жүзеге 

асырды:

 

  пайыздық  ставканы  субсидиялау  шеңберінде  банктерге  қаржы 



қаражатын аудару; 

  бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру

  борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарына берілетін 

материалдар бойынша ұсынымдар әзірлеу; 

  Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу

Кредиторлар  комитеті  -  Қазақстан  қаржыгерлер  қауымдастығы  әрбір 

жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын 

комиссия; 

Өтінім  беруші  -  Бағдарламаға  қатысуға  өтінім  берген  және 

инвестициялық  жобаны  Бағдарлама  шеңберінде  іске  асыруға  мүдделі 

кәсіпкер

Қатысушы  -  Бағдарлама  шеңберінде  мемлекеттік  қолдау  көрсету 

бойынша  Банктің,  ӨҮК-тің  немесе  Мемлекеттік  комиссияның  оң  шешімі 

бар кәсіпкер; 

Борышкер  -  кредит(тер)  және  басқа  да  міндеттемелер  бойынша 

міндеттемелерді төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсіпкер; 



Экспорттаушы  -  өндірілетін  өнімнің  10  %-дан  астамын  экспорттауды 

жүзеге асыратын кәсіпкер. 

Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттік 

бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің: 

«Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  дамуының 

тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  бірінші  кезектегі  іс-қимылдар 

жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039; 



«Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық  Банкінің  және  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  нарығын  және 

қаржы  ұйымдарын  реттеу мен  қадағалау  агенттігінің  Экономиканы  және 

қаржы  жүйесін  тұрақтандыру  жөніндегі  2009-2010  жылдарға  арналған 

бірлескен  іс-қимыл  жоспары  туралы»  2008  жылғы  25  қарашадағы  № 

1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар. 



3. Ағымдағы жағдайды талдау 

Мемлекеттік  бағдарламада  экономиканы  әртараптандыруды  және 

бәсекеге  қабілеттілігінің  өсуін  қамтамасыз  ететін  оның  шикізат  емес 

секторларын жедел дамыту көзделіп отыр. 

Бұл  ретте  экономиканың  экспортқа  бағдарланған  дәстүрлі 

секторларындағы  ұлттық  холдингтер,  отын-энергетика  кешенінің  және 

металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары 

болып  табылатын  ірі  инвестициялық  жобаларды  іске  асырумен  қатар, 

шағын  және  орта  кәсіпорындардың  экспортқа  бағдарлануын  дамыту 

перспективасымен  қазіргі  заманғы  өндірістер  құру  үшін  оларды  дамыту 

Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады. 

Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  халық  шаруашылығын  дамытуға, 

әлеуметтік  проблемаларды  шешуге,  жұмыспен  қамтылған  қызметкерлер 

санын  ұлғайтуға  айтарлықтай  әсер  етеді.  Жұмыс  істейтіндердің  саны 

бойынша,  өндірілетін  және  сатылатын  тауарлардың,  орындалатын 

жұмыстар  мен  қызметтердің  көлемі  бойынша  шағын  және  орта 

кәсіпкерлік  субъектілері  жекелеген  облыстарда  жетекші  рөл  атқарады. 

Сондықтан  кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау  проблемасы  қазіргі  уақытта 

өте  өзекті  болып  табылады.  Қалыптасқан  жағдайда  мемлекет  пен 

бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес 

қолдаудың  экономиканың  экспортқа  бағдарланған  шикізат  емес 

секторларын  дамытуды  ынталандыруға  бағытталған  саясатын  қайта 

қарау талап етіледі. 

Осыған  байланысты  кредиттерге  кепілдік  беру  және  кредиттер 

бойынша  пайыздық  ставкаларды  субсидиялау  сияқты  құралдар 

айтарлықтай  танымал  және  экономиканың  қандай  да  бір  секторын 

дамыту  мен  қолдау  мақсатында  қолданылады.  Бұл  құралдар 

коммерциялық  банктердің  кредиттік  және  ілеспе  тәуекелдер  себебінен 

экономиканың  қандай  да  бір  секторына  салуға  асықпай  отырған  едәуір 

қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді. 

Шағын,  орта  және  ірі  кәсіпкерліктің  теңгерімсіздігіне  жол  бермеу 

мақсатында  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті,  оның  ішінде  өңірлік 

кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет. 

Кәсіпкерлерге  мемлекеттік  қолдау  көрсетудің  бұл  құралдары 

бюджет  заңнамасын  жетілдіру  шеңберінде  өзгерістер  мен  толықтырулар 



енгізілген  «Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңында көзделген. 

Жаңа  өндірістерді  дамытуда  кәсіпкерліктің  бірінші  кезекте,  шағын 

және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

 

  қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы



  индустриялық инфрақұрылымның дамымауы

  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы. 

Бұдан  басқа,  осының  алдындағы  жылдары  құрылған  кәсіпорындарда 

үлкен 


борыштық 

жүктемелер 

сақталып 

отыр, 


бұл 

олардың 


инвестициялық белсенділігін шектейді. 

Мемлекет  шикізат  емес  сектордың  экспортына  толық  қолдау 

көрсетпейді,  ал  жаһандану  және  халықаралық  қатаң  бәсекелестік 

жағдайларында  экономиканың  шикізат  емес  секторларында  экспортқа 

бағдарланған  кәсіпорындар  құру,  көбінесе,  мемлекеттің  ынталандыру 

шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. 

Әлемдік  тәжірибе  нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде  шағын 

және  орта  кәсіпкерлікке  мемлекеттің  барынша  қолдау  жасайтынын 

айғақтайды. 

Германияда  кредит  берудің  мынадай  жеңілдікті  шарттары 

көзделген: 

  төмен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне); 

  кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын 

кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады); 

  алынған  сомаларды  кез  келген  уақытта  қайтару  мүмкіндігі  (көпшілік 

жағдайда қосымша төлемдерсіз); 

 

үлестік  қаржыландыру  (мемлекет  қаражаты  есебінен  инвестициялық 



жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған 

жағдайда  жоба  инвестордың  өз  қаражаты  немесе  басқа  қарыз 

қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс).

 

Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге 



ортақ Sprind агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-

ге  жуық  әртүрлі  бағдарламасын  жүзеге  асырады.  Өз  бизнесін  жаңа 

бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер 

беріледі.  Сингапурда  шағын  және  орта  бизнес  кәсіпорындарына 

жеңілдікпен  кредит  берудің  әртүрлі  бағдарламалары  әзірленіп, 

енгізілген.  Бұл  арнайы  қарыздар  беру,  кредиттерді  сақтандыру  және 

субсидиялар бөлу. 

Жоғарыда  жазылғандарға  байланысты  Бағдарламаны  іске  асыру 

шеңберінде  кәсіпкерлерді  қолдаудың  субсидиялау  және  кредиттерге 

кепілдік  беру,  сервистік  қолдау,  өндірістік  инфрақұрылым  жүргізу  және 




жүктеу 325,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау