«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №



жүктеу 325,19 Kb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата16.02.2018
өлшемі325,19 Kb.
#9839
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

кадрлар 

даярлау 


сияқты 

құралдарын 

Қазақстан 

Республикасы 

жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр. 

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы 

индикаторлары мен нәтижелері 

4.1 Бағдарламаның мақсаты 

Экономиканың  шикізат  емес  секторларында  өңірлік  кәсіпкерліктің 

тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс 

орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру. 

 

4.2 Нысаналы индикаторлары 

Нысаналы  индекаторлар:  жыл  сайын  жалпы  сомасы  кемінде  400  млрд. 

теңге болатын кредиттерді арзандату;  

 

2015 жылға: 

  ЖІӨ  құрылымындағы  өңдеу  өнеркәсібінің  үлесін  кемінде  12,5  %-ға 

ұлғайту; 

  экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 

% деңгейіне дейін ұлғайту; 

  шикізат  емес  экспорт  көлемін  өңдеу  өнеркәсібінің  жиынтық  өндірісі 

көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту; 

  өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту. 

2020  жылға  дейін  индикаторлардың  сандық  көрсеткіштері  кейіннен 

Бағдарламаға  толықтырулар  енгізіле  отырып,  Бағдарламаның  бірінші 

кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша айқындалады. 



4.3 Міндеттері 

Бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде  міндеттерді  шешу  мынадай  үш 

бағыт бойынша жүзеге асырылады: 

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру; 

3) экспортқа бағдарланған ендірістерді қолдау. 

Қойылған  міндеттерді  шешу  мақсатында  уәкілетті  орган  нормативтік 

құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды. 

Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын 

іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 

Уәкілетті  орган  Бағдарламаны  іске  асырудың  бірінші  және  үшінші 

бағыттарын  іске  асыру  мақсатында  жергілікті  бюджетке  нысаналы 

трансферт  беруді  жүзеге  асырады  және  әрбір  облыс,  астана, 



республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін 

қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды. 

Жергілікті  деңгейде  Бағдарламаны  үйлестірушілер  Бағдарламаны 

іске 


асырудың 

бірінші 


және 

үшінші 


бағыттары 

бойынша 


қаржыландырудың  жалпы  лимитін  бөледі  және  оны  уәкілетті  органмен 

келіседі. 

Уәкілетті  орган  мен  облыстар,  Алматы  және  Астана  қалалары 

әкімдерінің арасында мына:  

  өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту; 

  өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны; 

  өңір  экономикасының  шикізат  емес  секторында  еңбек  өнімділігінің 

өсуі; 


  мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер 

туралы үлгі келісімдер жасалады. 

Бағдарламаны  іске  асырудың  екінші  бағыты  бойынша  қаржыландыру 

лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді. 



Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау 

Бағдарламаны  іске  асырудың  бірінші  бағыты  Мемлекеттік 

бағдарламаның  басымдықтарына  сәйкес  экономиканың  шикізат  емес 

секторларында  жобаларды  іске  асыру  кезінде  мемлекеттік  қолдау 

көрсетуді көздейді. 

Бағдарламаны  іске  асырудың  бірінші  бағытының  шеңберінде 

мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды: 

  жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық 

ставканы субсидиялау; 

  банктердің  жобаларды  іске  асыруға  бағытталған  кредиттері  бойынша 

ішінара кепілдік беру; 

  өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту; 

  бизнесті жүргізуді сервистік қолдау; 

  кадрларды  даярлау,  жастар  практикасы  және  әлеуметтік  жұмыс 

орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі). 

Бағдарламаның  бірінші  бағытына  қатысушылар  Бағдарламаға  1-

қосымшаға  сәйкес  Экономиканың  басым  секторларында  инвестициялық 

жобаларды  іске  асыратын  және  іске  асыруды  жоспарлап  отырған 

кәсіпкерлер  болуы  мүмкін  (Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және 

сауда  министрлігінің  Техникалық  реттеу  және  методология  комитеті 

төрағасының  2007  жылғы  14  желтоқсандағы  №  683-од  бұйрығымен 

бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі 

- ЭҚЖЖ) сәйкес). 

Минералдық  шикізатты  өңдеуді  жүзеге  асыратын  және  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  31  желтоқсандағы  №  1344 



қаулысына  сәйкес  Мониторингке  жататын  ірі  салық  төлеушілердің 

тізбесіне 

енгізілген 

металлургия 

өнеркәсібінің 

кәсіпорындары 

Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды. 

Жергілікті  деңгейде  Бағдарламаны  үйлестірушілер  экономиканың 

көрсетілген  секторлары  шеңберінде  әрбір  өңірдің  ерекшелігін  ескере 

отырып,  өздерінің  басымдықтарын  айқындайтын  болады,  айқындалған 

басымдықтар  уәкілетті  органмен  келісіліп,  өңірлік  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  сайттарында 

жарияланады. 

Банктердің 

кредиттері 

бойынша 

пайыздық 

ставканы 

субсидиялау 

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары 

Банктің  сыйақы  ставкасын  субсидиялау  жаңа  инвестициялық 

жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған 

жобаларды  іске  асыру  үшін  берілетін  жаңа  кредиттер  бойынша

  жүзеге 

асырылады. 

Пайыздық 

ставкасын 

субсидиялау 

жүзеге 

асырылатын 



кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы 

тиіс. 


Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 

1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды. 

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем 

емес  өз  қаражатының  жобаны  іске  асыруға  қатысуын  қамтамасыз  етуі 

тиіс. 

2010  жылы  пайыздық  ставканы  субсидиялау  банктердің  сыйақы 



ставкасы  12  %-дан  аспайтын,  оның  7  %-ын  Бағдарламаға  қатысушы 

төлейтін,  ал  5  %-ын  мемлекет  өтейтін  кредиттері  бойынша  ғана  жүзеге 

асырылады. Бұл ретте, банк: 

  өтінім  беруші  бастама  жасайтын  кредит  беру  шарттарының  өзгеруіне 

байланысты; 

  өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен 

өндіріп  алынатын  комиссияларды,  алымдарды  және/немесе  өзге  де 

төлемдерді  қоспағанда,  кредитке  байланысты  қандай  да  бір 

комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды. 

Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті орган 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы 

Қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау 

агенттігімен  бірлесіп,  бір  жылда  1  рет  айқындайтын  нарықтық  шекті 

сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес. 




жүктеу 325,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау