Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


ОӘК төрағасы________________ Темиргалиева А.Б. 201__ ж. «___»



жүктеу 290 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі290 Kb.
#21593
түріДиплом
1   2   3

ОӘК төрағасы________________ Темиргалиева А.Б. 201__ ж. «___»__________

КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы ________________Эрназаров Т.Я. 201__ж. «____»_________

МАҚҰЛДАНДЫ:
ОүЖжӘҚБ бастығы ________________ Варакута А.А. 201__ж. «____»_________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201__ ж. «___»__________№____ Хаттама



Кіріспе

Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты студенттер үшін дипломдық жұмыстарды орындау кезінде және оларды қорғау тәртібінде міндетті талаптарды, ережелер мен ұсыныстарды анықтау болып табылады.

Әдістемелік нұсқаулар дипломдық жұмыстар тақырыптарының өзектілігін, олардың ғылыми деңгейін және орындау сапасын жүйелі түрде жоғарылатуды, сонымен қатар кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржылық қызметін ұйымдастыруды жақсарту бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар келтірілетін дипломдық жұмыстардың үлесін ұлғайтуды қамтамасыз етуге арналған.

Сонымен бірге әдістемелік нұсқаулар алда өткен оқу үрдісіндегі студенттердің өздік жұмыстарының бірізділігінің дамуын ынталандыруы қажет.

Курстық жұмыстар, тақырыптық және ғылыми баяндамалар дипломдық жұмысты сапалы және уақытында дайындаудың дағдыларын және өз ойын білдіру, дипломдық жұмыс бойынша негізгі жағдайларды, қорытындылар мен ұсыныстарды сенімді ашу дағдыларын дамыту мен қалыптастыруда алдыңғы сатылары болып табылады.

Дипломдық жұмыс өздігінен орындалуы тиіс, қарастырылатын мәселелердің критикалық тәсілімен ерекшеленуі, әр түрлі көзқарастарды қарастыруы және міндетті түрде өз ойын бейнелеуі қажет.


1 Жалпы жағдайлар

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнында білім алудың соңғы сатысында 050509 «Қаржы» мамандығының оқу жоспарына және МЖМБС сәйкес орындалады.

Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты болып табылады:


  • дайындық бағыты бойынша теориялық білімдерді жүйелендіру, бекіту мен кеңейту және осы білімдерді әр түрлі деңгейлердің бюджеттерін, мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін, жоспарлау тәртібін қалыптастыру мен орындау саласындағы, кәсіпорындар мен ұйымдардағы есеп пен есептілік саласындағы, қаржы менеджменті, банктік және сақтандыру ісі саласындағы нақты мәселелерді шешу кезінде қолдану;

  • өздік жұмысты жүргізу дағдыларын дамыту және дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу әдістемесін меңгеру;

  • қазіргі өндіріс пен қаржы қатынастарын ұйымдастыру жағдайларында студенттердің өздігінен жұмысына дайындығын, сонымен қатар оның кәсіби құзіретінің деңгейін анықтау.

Дипломдық жұмыс – бұл қаржы саласындағы өзекті мәселелерінің бірін өздігінен кешенді ғылыми-тәжірибелік зерттеу. Орындалған дипломдық жұмыс келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

  • ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен жүргізілген зерттеулердің қарастырылатын мәселелерінің қазіргі заманғы ғылыми-теориялық және тәжірибелік деңгейін көрсетуі;

  • нақты, тәжірибелік маңызды нәтижелерге жетуге мақсаттық бағыттың болуы;

  • алға қойылған міндеттерді шешуге өзіндік тәсілдерден, өз бағалары мен қорытындыларынан құрылуы;

  • сенімді мәліметтерден, жүргізілген зерттеулердің шындық нәтижелерінен және нақты мәселенің шешілуін қамтамасыз ететін негізделген дербес ұсыныстардар құрылуы;

  • материалды баяндау бүтін, логикалық, сатылы, түсінікті және ықшамды болуы тиіс;

  • әдеби тіл нормалары мен жазбаша ғылыми жұмыстарды рәсімдеу ережелеріне сәйкес болуы.

Кәсіпорынның материалдары негізінде жазылған дипломдық жұмыс авторының ұсыныстары осы кәсіпорын (ұйым) үшін пайдалы болған жағдайда, осы ұсыныстарды жүзеге асыру белгілі бір экономикалық тиімділік бере алғанда немесе маңызды басқару шешімдерін қабылдауға әкелген жағдайда аса құнды болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындаудың жалпы алгоритмі А қосымшасында келтірілген бірқатар сатылардан құралады.


2 Дипломдық жұмыстың тақырыптар тізімене талаптар

Дипломдық жұмыстар тақырыптарының тізімі «Қаржы» кафедрасымен әзірленеді және жүйелі түрде жаңарып отырады. Тақырыптар тізіміне әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру мен орындаудың, мемлекеттік қаржыларды басқару механизмінің, зейнетақы және инвестициялық қорларды басқару салаларындағы; жоспарлау тәртібінің, кәсіпорындар мен ұйымдардағы есеп пен есептіліктің, қаржы менеджментінің, банктік және сақтандыру ісінің ең өзекті мәселелері кіреді. Студент дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітілген тақырыптар тізімінен таңдайды.

Студент бекітілген тақырыптар тізімінде жоқ тақырыпқа дипломдық жұмысты орындауға құқығы бар. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынылатын тақырыптың мақсатқа лайықтығының толық негіздемесін немесе тапсырыс тақырыбын орындауға ұйым тарапынан хат келтіреді.

Сырттай оқыту нысанының стуенттеріне дипломдық жұмыс тақырыбын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдауға рұқсат беріледі.

Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде студент келесі ойларды ескеруі қажет:


  • талдау үшін қажетті тәжірибелік материалдарды (нақты мәліметтерді) алу мүмкіндігі;

  • ғылыми әдебиеттің болуы;

  • жеке меншік ғылыми мүдделері мен қабілеттері;

  • курстық жұмыстарда және өндірістік практика кезеңінде басталған зерттеулердің бірізділігі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы студентке бітіру курсының басында жеке өтініші негізінде тағайындалады (өтініш үлгісі Б қосымшасында келтірілген). Өтініштердің негізінде кафедра дипломдық жұмыстардың тақырыптарын бекітуге университет ректорымен бекітілетін бұйрығын дайындайды.

Диплом алдындағы практика аяқталған соң қажет жағдайда дипломдық жұмыстың тақырыбы қаржы кафедрасының ұсынысы бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы келесі жағдайларда өзгертілуі (нақтылануы, түзетілуі) мүмкін:


  • өндірістік практиканы (дипломалды практикасын) өту орны ауысқанда студенттің жеке өтініші негізінде немесе кәсіпорынмен – зерттеудің жаңа объектісімен қол қойылған келісімі болған жағдайда;

  • жиналған материалдың жеткіліксіз көлемі немесе дипломдық зерттеудің тақырыбын ашу үшін мәліметтердің жоқтығы.

Осы жағдайларда студент дипломдық жұмыс тақырыбын өзгертудің себептерін негіздеумен жеке өтініш жазады.

3 Дипломдық жұмысты жазудың тәртібіне талаптар

Дипломдық жұмысты жазу үшін кафедраның келтіруімен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері ретінде ғылыми зерттеулер мен ғылыми басылымдардың саласы білім алушы мамандығының профиліне сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:



  • дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма береді;

  • дипломдық жұмысты орындаудың бүкіл кезеңіне жұмыстың күнтізбелік графигін әзірлеуде студентке көмек көрсетеді;

  • студентке тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиетті, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен басқа дереккөздерді ұсынады;

  • кеңес беру кестесін анықтайды, оны жүргізу кезінде студенттің дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік кестесін сақтаудың ағымдағы бақылауын жүзеге асырады;

  • дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін бекітеді және студенттер мен кеңес алушылардың жұмысын бағыттайды.

Дипломдық жұмысқа тапсырма материалдар мен дереккөздердің сипаттамасынан, студентпен әзірленетін сұрақтар тізімінен, ұсынылған әдебиеттер тізімінен, графикалық материалдың тізімінен (кестелерден, диаграммалардан, схемалардан және т.б.), дипломдық жұмысты жазудың толық күнтізбелік кестесінен тұрады.

Дипломдық жұмыс тапсырмасы кафедра меңгерушісімен бекітіліп, жұмысты аяқтау мерзімі көрсетіледі. Дипломдық жұмыс тапсырмасы дипломдық жұмысқа енгізіледі.

Жұмыстың күнтізбелік кестесі жеке бөлімдерінің орындау тәртібі көрселітіліп, бүкіл кезеңге құрастырылады және ғылыми жетекшімен келісіледі. Дипломдық жұмысты орындаудың бекітілген кестесіне сәйкес студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында пероидты түрде есеп береді. Нәтижелері кафедра отырыстарында талқыланады.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиетті (оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, периодтық әдебиетті, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тілдерінде, нормативтік әдебиетті және т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.

Әрбір дипломдық жұмыс тапсырмаға сәйкес жеке перспективті теориялық немесе тәжірибелік сұрақтардың әзірленуінен тұруы тиіс.

Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеудің қолданылатын әдістерінің негіздеуін, есептеудің қолданылған әдістері мен есептеулердің өзін, олардың талдау мен қорытындыларын ашуы тиіс және кажеттілік бойынша көрнекіліктермен, графиктермен, диаграммалармен, схемалармен және т.б. бейнеленуі қажет.


4 Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымы

Өзінің құрамы бойынша дипломдық жұмыс жоғары оқу орнының нақты мамандығы бойынша бітіруші курсының студентімен өздігінен дайындалған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың көлемі 60-90 бетті құрауы тиіс. Дипломдық жұмыстың аталған көлеміне қосымшалар қосылмайды.

Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылады:



  • қаптама;

  • титулдық бет;

  • дипломдық жұмысты орындау бойынша тапсырма;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • үш бөлімнен, тармақтар мен тармақшалардан тұратын негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар.

Дипломдық жұмыс элементтері басталатын беттерінің номерлерін көрсете отырып, жұмыстың құрамы кіріспеден, реттік номерлер мен барлық бөлімдердің, бөлімшелердің атауларынан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардың атауларынан тұрады. Дипломдық жұмыс мазмұнының мысалдары В қосымшасында келтірілген.

Кіріспе дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін негіздеуден, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалаудан құралуы тиіс, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні, теориялық және әдістемелік негізі, дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік негізі, жұмыстың ғылыми жаңашылығы мен тәжірибелік маңыздылығы келтірілуі қажет. Кіріспе көлемі 2-4 беттен құралуы қажет (Г қосымшасы).

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде жұмысты орындаудың мәнін, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер келтіріледі. Қолданылған дереккөздерге сілтемелерді квадраттық жақшаларда келтіру қажет.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі, әдетте, бөлімдер мен бөлімшелерге (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Дипломдық жұмыстың барлық бөлімдері мен бөлімшелері бір-бірімен өзара байланысқан болуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі зерттелетін тақырып бойынша теориялық және ғылыми негіздерді ашады және шетелдік тәжірибемен аяқталады (20-30 бет). Бірінші бөлімшеде (1.1) зерттеу объектісін басқарудың мәні мен қажеттілігі ашылады, негізгі ұғымдар мен категориялардың мазмұны нақтыланады. Мәселеге әр түрлі көзқарас тұрғысынан міндетті сілтемелерімен әдебиеттер шолуы келтіріледі. Екінші бөлімшеде (1.2) зерттеу объектісін басқару саясатының теориялық аспектісі беріледі. Механизмдер, үрдістер, әдістер ашылады. Үшінші бөлімде (1.3) отандық тәжірибеде пайдаланудың мүмкіндігі мақсатында шетелдік тәжірибе талданады. Сонымен бірге анықтамалық және шолу кестелерін, схемаларды пайдалану мақсатқа лайықты. Бөлім мәселені теориялық қарастыру кезінде алынған негізгі ойларды жалпылайтын қорытындылармен аяқталады.

Екінші бөлім – аналитикалық. Бұл жиналған материалды өздігінен экономикалық, қаржылық, құқықтық және статистикалық талдау. Негізгі көңіл зерттеу объектісінің сипаттамасына, қазіргі заман жағдайларындағы оның жағдайын талдауға, мәселелерді анықтауға қажетті зерттеу пәнін детальді қарастыруға бөлінеді. Берілген бөлімнің материалын келесі кезектілікте баяндау ұсынылады:


  • кәсіпорынның, оның ішкі және сыртқы ортасының сипаттамасы, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау;

  • ұйымдағы зерттеу объектісін басқару саясаты (бюджеттердің қалыптастырылуы мен орындалуы; салықтарды есептеу мен төлеуді ұйымдастыру, технологиясы мен әдістемесі және т.б.);

  • зерттеу пәнін және кәсіпорынның (ұйымның) тиімді қызмет етуіндегі зерттелетін мәселенің орнын түбегейлі талдау.

Жалпы бөлім жалпылаушы қорытындылармен аяқталуы тиіс. Талдау мәліметтерінің негізінде негізгі мәселелер – зерттелетін объектінің қызмет етуінің күшті және әлсіз жақтары анықталады (20-30 бет).

Үшінші бөлім – нәтижелейтін бөлім, екінші бөлімде анықталған зерттеу объектісінің мәселелері бойынша жобалық шешімдер, ұсыныстар мен әзірлеулер болып табылады, әдетте, мәселелер тетігін құрудан басталады (16-25 бет). Студент ұсыныстарды енгізе отырып, оңтайлы нұсқаны таңдауы қажет, кері салдардың тәуекелін минимизациялау бойынша іс-шараларды ұсынуы тиіс. Алдындағы екі бөлім сияқты үшінші бөлім де қорытындыдан құралуы қажет.

Қорытынды (3-4 бет) диплом жазушымен жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстарды жалпылаудан және үйлесуден тұрады. Бұл мәні бойынша теориялық қорытындыларды қысқаша баяндау, анықталған кемшіліктерді белгілеу және зерттелетін объектінің мәселелерін шешуге бағытталған нақты қалыптастырылған және негізделген ұсыныстар, оларды қолданудың мақсатқа сәйкестігі мен тиімділігін негіздеу. Студент дипломдық жұмысты Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы алдында қорғау кезінде қорытынды баяндаманың негізіне алынуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделеді.

Дереккөздер жөнінде мәліметтерді дипломдық жұмыстың мәтінінде дереккөздерге сілтемелердің пайда болу тәртібінде орналастыру жөн, араб сандарымен нүктесіз номерлеу және жаңа жолдан жазу қажет. Қолданылған дереккөздердің саны 40 атаудан кем болмауы тиіс.

Қосымшаларды берілген дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде кейінгі беттерде рәсімдейді. Дипломдық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелер тәртібінде орналасады.

Қосышаға дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты және негізгі бөлімде көрсетілмеген материалдар кіреді. Қосымшалар болып табылады:


  • зерттеу объектісінің жылдық және ағымдағы есеп берулерінің нысандары (міндетті), зерттеу объектісін сипаттайтын құжаттама;

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына қатысты, жұмыста қолданылған құжат айналымы;

  • графикалық бөлімі.

Дипломдық жұмыста қабылданған шешімдер үшін, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін студент – дипломдық жұмыстың авторы жауапкершілік тартады.

Дипломның бағасы келесі жағдайларда төмендетілуі мүмкін:

  • шешілетін мәселеге тікелей қатысты және басылып шыққан маңызды әдебиет көздерін атамаған жағдайда;

  • зерттеу мәселесіне арналған отандық жұмыстарды талдамаған жағдайда;

  • зерттеу тақырыбы бойынша нормативтік құқықтық база зерттелмегенде;

  • теориялық бөлімі меншік эмпирикалық зерттеу пәнінің тұжырымдамасымен және қорытындылармен аяқталмаған жағдайда;

  • жұмыстың теориялық бөлімінде схемалар мен суреттердің жоқтығы немесе жеткіліксіз қолданылуы; жұмыстың аналитикалық бөлімінде кестелер мен диаграммалардың жоқтығы немесе жеткіліксіз қолданылуы;

  • дипломдық жұмыс екі әр түрлі бөлікке бөлінеді: бір-бірімен нашар тіркесетін теориялық және аналитикалық бөлімдер;

  • автор дереккөздерге және/немесе дереккөздер авторына сілтемесіз әдістемесін, сонымен қатар нәтижелерге сілтемесіз әдістемесін қолданғанда;

  • жұмыста зерттеуді жүргізу процедурасының толық сипаттамасы болмаған жағдайда: ұсынылған сипаттама бойынша процедураны анықтау мүмкін болмағанда;

  • жұмыста алынған нәтижелердің интерпретациясы жоқ, қорытындылар бастапқы мәліметтерді белгілеу ретінде құрылған. Әр түрлі әдістермен алынған мәліметтерді өзара салыстырмаған жағдайда;

  • дипломдық жұмыстың бөлімдері (бөлімшелері) бойынша материал мазмұнын біркелкі бөлмеген жағдайда. Әрбір бөлімшенің көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.


5 Дипломдық жұмысты рәсімдеу

Дипломдық жұмыс ПМУ ӘН 4.01.3-09 сәйкес рәсімделуі тиіс.


6 Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі

Дипломдық жұмыс дипломалды практикасының соңғы аптасында алдын ала қорғау процедурасын өту үшін қаржы кафедрасына ұсынылады.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау процедурасы кафедраның ашық отырысында студенттердің қатысуымен және ғылыми жетекшісінің міндетті болуымен жүргізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Алдын ала табысты қорғалған және бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген аяқталған дипломдық жұмысқа студенттің, ғылыми кеңесшілердің қолдары қойылады және ғылыми жетекшіге ұсынылады.

Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазбаша пікір жазады.

Дипломдық жұмысты мақұлдаған жағдайда жетекші оған қол қойып, қорғауға жіберу жөнінде өзінің жазбаша пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Дипломдық жұмысты мақұлдамаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты қорғауға жібермеу туралы өзінің шешімі негізделген жазбаша пікір жазады.

Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі титулдық бетте сәйкес жазбалар жасай отырып, берілген дипломдық жұмыс бойынша соңғы шешім қабылдайды.

Егер кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мүмкін емес деп санаған жағдайда, бұл сұрақ берілген студент пен оның ғылыми жетекшісінің міндетті қатысуымен кафедра отырысында қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы университет ректорына бекітуге ұсынылады.

Шығарушы кафедрамен қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыс факультет деканымен рецензияға жіберіледі.

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және тәжірибелік мәні, академиялық дәрежесі мен біліктілігі берілетін маман дайындау профиліне дипломдық зерттеу тақырыбының сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытындылар мен ұсыныстар, мәселені шешу және зерттеудің аяқталғандық дәрежесі көрсетілуге тиісті дипломдық жұмысқа рецензент пікір жазады.

Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және сәйкес академиялық дәрежесі мен біліктілігін беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелдемелі қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекшісімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензентпен Ғ бағасына – «қанағаттандырылмаған» деп бағаланған дипломдық жұмыс жалпыға бірдей шарттарда қорғалады.

Факультет деканы кафедра меңгерушісі мен студент-дипломшыны пікірмен қорғауға дейін 1 күннен кем емес бұрын пікірмен таныстырады және пікір жазылған дипломдық жұмысты қорғау үшін Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына жібереді. Факультет деканы кафедра меңгерушісі мен студент-дипломшыны қорғауға дейін 1 күн бұрын пікірмен таныстырады және пікір жазылған дипломдық жұмысты қорғау үшін Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына жіберіледі.

Дипломдық жұмыс студенттің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде қорғалады. Студент кафедраның ұсынысы бойынша дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұнын қосымша түрде шетел тілдерінің бірінде ұсынуы мүмкін, ол қорғау кезінде жарияланады және осы тілде сұрақтар қойылуы мүмкін.


7 Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі

Дипломдық жұмыс мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жартысынынан кем емес мүшелерінің қатысуымен комиссияның ашық отырысында қорғалады.

Дипломдық жұмысты қорғау келесі тәртіпте жүргізіледі:


  • қорғау алдында МАК хатшысы дипломдық жұмысты комиссия төрағасына тапсырады, студенттің аты-жөні мен дипломдық жұмысының тақырыбын жариялайды.

  • дипломшының баяндамасы тыңдалады.

  • баяндама аяқталған соң комиссия мүшелері сұрақтар қояды, оларға дипломшы нақты, дәлелдемелі және қысқаша жауаптар беруге міндетті.

  • сұрақтарға жауап берген соң МАК хатшысы ғылыми жетекшінің, рецензенттің пікірлерін оқиды және ескертулерге жауап беру үшін дипломшыға соңғы сөз беріледі.

Дипломдық жұмысты қорғау жариялы нысанда студенттердің, шығарушы кафедраның оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекшісі, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар шақыртылуы мүмкін.

Дипломдық жұмысты талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеу нысанында қатысушылардың барлығы қатыса алады.

Бір дипломдық жұмысты қорғаудың ұзақтығы, әдетте, бір студентке 30 минуттан аспауы тиіс.

Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестациялау комиссиясы мен қатысушылардың алдында 7-15 минут баяндамамен сөз сөйлейді.

Баяндаманың негізгі бөлімі тәжірибелік сипат алуы тиіс. Баяндаманы МАК қаратпасынан: «Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының құреметті төрағасы мен мүшелері! Сіздердің назарыңызға (жұмыс тақырыбы көрсетіледі) тақырыбына дипломдық жұмыс ұсынылып отыр» деп бастау қажет.

Баяндамада көрініс табуы тиіс:



  • дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыбының өзектілігі мен тәжірибелік мәні, оның объектісі мен пәні, мақсаты;

  • жұмыстың теоретиялық өңделгендігі және ғылыми жаңашылдығы;

  • негізгі идея мен ең маңызды қорытындылар: анықталған мәселелер меноларды шешу бойынша ұсыныстар.

Баяндаманы «Назарларыңызға рахмет!» сөздерімен аяқтаған жөн.

Баяндама үлестірме материалдармен көрнекіленуі тиіс. Оған студент жұмысының дербестігі мен нәтижелерін толық бағалауға мүмкіндік беретін кестелер, схемалар, суреттер кіреді. Үлестірме материалды бағдарламалық құралдардың көмегімен (мысалы, MS PowerPoint) презентация түрінде рәсімдеу қолданады. Үлестірме материалда дипломдық жұмыстың тақырыбы мен авторы көрсетілген титулдық беті болуы қажет. Үлестірме материал топтамасының саны Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы мүшелерінің саны бойынша анықталады.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері бойынша баллдық-рейтингтік және әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Сонымен бірге теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындығының деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензенттің бағасы ескеріледі.

Дипломдық жұмысты бағалаудың негізгі сапалық критерийлері болып табылады:



  • тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы;

  • тақырып бойынша қолданылған отандық және шетелдік әдебиеттің жеткіліктігі;

  • дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы;

  • жиналған эмпирикалық мәліметтер дипломдық жұмыстың қойылған міндеттерін орындау үшін жеткілікті болуы қажет;

  • алынған нәтижелерді талдау мен интерпретациялаудың тереңдігі мен негізделгендігі;

  • материалды баяндаудың нақтылығы мен сауаттылығы, жұмысты рәсімдеудің сапасы, осы «Әдістемелік нұсқаулардың» есебі;

  • дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік сұрақтары бойынша пікірталас жүргізе білуі, МАК мүшелерінің сұрақтары мен рецензенттердің ескертулеріне жауаптардың тереңдігі мен дұрыстығы.

Дипломдық жұмысты қорғаудың нәтижелері мемлекеттік аттестациялау комиссиясы отырысының хаттамасымен әрбір студент бойынша рәсімделеді және оларды жүргізу күні жарияланады.
А қосымшасы
Дипломдық жұмысты жазу мен қорғаудың жалпы алгоритмі




Жұмыс түрі

Орындау мерзімі

1

Тақырып пен ғылыми жетекшіні таңдау

бітіру курсының басы

2

Кафедра меңгерушісімен тақырып пен ғылыми жетекшінің бекітілуі. (Негіздеме: студенттің жеке өтініші, өндірістік (дипломалды) практиканы өтуге келісім)

бітіру курсының басы

3

Дипломдық жұмыс мазмұнын құрастыру, оны жетекшімен келісу және кафедра меңгерушісімен бекіту

дипломалды практикасының

1 аптасы


4

Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін өндіру

дипломалды практикасының

1 аптасы


5

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімін – зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті зерттеу, көзқарастар мен тәсілдерді жүйелендіру негізінде зерттелетін мәселенің теориялық аспектілерін жазу

дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша

6

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімін – кәсіпорынның сипаттамасын ашатын, оның қызметінің критикалық талдауынан құралатын және осының негізінде зерттеу тақырыбы бойынша мәселелі аспектілері анықталған аналитикалық бөлігін жазу

дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша

7

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімін – зерттеу тақырыбы бойынша анықталған мәселелерді шешу (болашақ бағыттарды дамыту, ағымдағы жағдайды жетілдіру) бойынша ұсыныстар кіретін жобалық бөлігін жазу.

дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша

8

Дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша кіріспе мен қорытындыны жазу

дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша

9

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау

(Тігілмеген дипломдық жұмыс алдын ала сараптау үшін қаржы кафедрасына ұсынылады)



дипломалды тәжірибесінен кейінгі бірінші апта

10

Дипломдық жұмысқа ғылыми жетекшінің пікірін алу

қорғауға дейін 5-7 күн бұрын

11

Дипломдық жұмыс нәтижелерін енгізу мүмкіндігіне кәсіпорыннан пікір алу (қажет жағдайда)

қорғауға дейін 5-7 күн бұрын

12

Дипломдық жұмыстың нормабақылауы

Практиканың бүкіл кезеңі ішінде, бірақ дипломдық жұмысты қорғауға дейін 3-5 күннен кеш емес

13

Дипломдық жұмысты кафедра меңгерушісіне келтіру

қорғауға дейін 3-5 күн бұрын

14

Дипломдық жұмысты рецензиялау

қорғауға дейін 2-3 күн бұрын

15

Дипломдық жұмысты, жетекшінің пікірі мен рецензияны МАК хатшысына ұсыну

Қорғауға дейін 1 күннен кеш емес

16

Дипломдық жұмысты қорғау (баяндама, МАК барлық мүшелеріне үлестірме материал)

Қорғау кестесіне сәйкес қорғау күні


Ә қосымшасы
Қаржы кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к., доцент Кафтункина Н.С.

…… тобының студенті

Аты-жөні (толық)



Өтініш
Сізді «Дипломдық жұмыс тақырыбының атауы» («Кәсіпорын атауы» үлгісінде) дипломдық жұмыс тақырыбын бекітуге және Қаржы кафедрасының аға оқытушысы Оқытушының аты-жөні ғылыми жетекші ретінде бекітуге рұқсат етуіңізді сұраймын.
Күні, қолы

Күні, жетекшінің қолы (келісімі)

Қаржы кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к., доцент Кафтункина Н.С.

…… тобының студенті

Аты-жөні (толық)



Өтініш
Сізді (себебі көрсетіледі) байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын жаңа түзетілген түрде «Дипломдық жұмыс тақырыбының жаңа атауы» («Кәсіпорын атауы» үлгісінде) бекітуге және Қаржы кафедрасының аға оқытушысы Оқытушының аты-жөні ғылыми жетекші ретінде бекітуге рұқсат етуіңізді сұраймын.
Күні, қолы

Күні, жетекшінің қолы (келісімі)



Б қосымшасы

Жеке тақырыптар бойынша дипломдық жұмыс жоспарларының үлгілері


Тақырып: «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқару («ААМ+АТИ» құрылыс компаниясы үлгісінде)»






Кіріспе

1


Басқару шешімдерін қабылдау құралы ретінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері

1.1

Кәсіпорынның қазіргі жағдайлардағы қаржылық тұрақтылығы

1.2

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерінің құрамы мен мәндері

1.3

Кәсіпорынның қаржылық тұрақытылығын жалпы бағалаудағы төлем қабілеттігі мен өтімділігін талдаудың ролі

2

«ААМ+АТИ» ЖШС құрылыс компаниясының қаржылық тұрақтылығын талдау

2.1

Компанияның сипаттамасы және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалау

2.2

Кәсіпорынның активтерін және олардың пайда болу көздерін талдау

2.3

Кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен баланс өтімділігін талдау

2.4

Кәсіпорынның ықтимал банкроттығын (төлем қабілетсіздігін) талдау

3

«ААМ+АТИ» құрылыс компаниясының қаржылық жағдайының тұрақтылығын жоғарылату жолдары

3.1

Компания тұрақтылығын жоғарылатудың қаржылық механизмі

3.2

Компанияда менеджментті жетілдіру




Қорытынды




Қолданылған әдебиет тізімі




А қосымшасы 2007-2009 жж. үшін қаржылық есептілік




Ә қосымшасы «ААМ+АТИ» ЖШС ҚК ұйымдастырушылық құрылымы




Б қосымшасы Графикалық бөлігі

Тақырып: «Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттерінің табыстық бөлігінің қалыптасуында Павлодар облысының салықтары мен жинақтарының ролі»








Кіріспе

1

Бюджеттік механизм экономиканы басқарудың негізгі инструменті ретінде

1.1

Әкімшілік-аймақтық түзілулердің экономикалық және әлеуметтік дамуында жергілікті бюджеттің ролі

1.2

Жергілікті бюджеттердің қалыптасуында салық түсімдерінің мәні

1.3

Жергілікті бюджеттердің табыстық базасы қалыптасуының халықаралық тәжірибесі

2

Салық түсімдері мен жинақтары түрінде жергілікті бюджеттердің табыстық базасының қалыптасу ерекшеліктері (Павлодар облысы үлгісінде)

2.1

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен жиындарды есептеу мен төлеу тәртібі

2.2

Павлодар облысы үлгісінде салықтар мен жиындардың түсуі бөлігінде жергілікті бюджеттің табыстық базасын орындауды талдау

3

Жергілікті бюджеттердің табыстық бөлігін қалыптастыру кезінде салықтар мен жиындардың түсу механизмін жетілдіру

3.1

Салық потенциалының және салықтардың жиналуының көрсеткіштері негізінде салық түсімдкрін жоспарлау жүйелері

3.2

Жергілікті бюджеттерің табыстық бөлігіне салық түсімдерін ұлғайту саласында Салық қызметінің әрекетін жетілдіру

3.3

Бюджетке түсімдердің жоғарылауына әрекеттесетін фактор ретінде салық мәдениетін қалыптастыру




Қорытынды




Қолданылған әдебиет тізімі




А қосымшасы 2007-2010 жж. кезеңі үшін жағдайы бойынша Павлодар облысы бойынша барлық деңгейлердің бюджетіне түскен салықтар мен төлемдердің сомалары жөнінде мәліметтер




Ә қосымшасы Графикалық бөлігі

Тақырып: «Павлодар қаласының бюджетін орындаудың қазыналық механизмі (білім беруге шығындардың үлгісінде)»








Кіріспе

1

Мемлекеттік қаржыларды басқаруда қазыналық органдардың ролі

1.1

Бюджет – қаржы жүйесінің орталық буыны

1.2

Қазақстан Республикасында қазыналық жүйенің қалыптасуы мен дамуы

1.3

Әлемнің жетекші елдерінде қазыналық жүйенің қызмет етуінің ерекшеліктері

2

Павлодар қаласының бюджетін орындаудың қазыналық механизмі (білім беруге шығындардың үлгісінде)

2.1

Павлодар қаласы бюджетінің шығындық бөлігінің қалыптасу ерекшеліктері

2.2

Білім беруге шығындарды қаржыландыруды ұйымдастыру

2.3

Білім беруге шығындарды қаржыландыруды талдау

3

Бюджет құралдарын шығындауды басқару мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру жолдары

3.1

Қазақстан Республикасында қазыналық жүйені модернизациялау

3.2

Мемлекеттік бюджет құралдарын орындау мен бақылаудың қазыналық жүйесінің тиімділігін жоғарылату мен жетілдіру резервтері

3.3

Білім беруді қаржыландыру механизмін жетілдіру




Қорытынды




Қолданылған әдебиет тізімі




А қосымшасы 2010 жылға Павлодар қаласының бюджеті




Ә қосымшасы №251-0027-5 бюджеттік шешім




Б қосымшасы Қызмет көрсетуге келісім-шарт




В қосымшасы Графикалық бөлігі

Тақырып: «Коммерциялық банктің несие портфелін басқару үрдісін жетілдіру («Қазақстан Халық банк» АҚ үлгісінде)








Кіріспе

1

Коммерциялық банктердің несие қызметінің мәні мен экономикалық негіздері

1.1

Ақша құралдарын жинақтау мен қайта бөлу үрдісінде банктердің мәні, қызметтері және ролі

1.2

Несиелендіру – коммерциялық банктер табысының негізгі көздері

1.3

Несие портфелін басқарудың жалпы әдістемелік негіздері

2

«Қазақстан Халық банкі» АҚ несие портфелін басқару

2.1

Банк қызметінің сипаттамасы және ҚР банк жүйесіндегі оның рейтингі

2.2

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-да несие портфелін басқарудың тәжірибесі

2.3

«Қазақстан Хлық банкі» АҚ несие портфелін талдау

2.4

Несие портфелінің табыстылығына несие тәуекелінің әсерін бағалау

2.5

Несие портфелінің әртараптандырылғанын анықтау кезінде стратегиялық көрсеткіштерді пайдалану

3

«Қазақстан Халық банкі» АҚ ПОФ несие портфелін басқаруды жетілдіру әдістері

3.1

Несиенің әртараптығын қамтамасыз етудің негізгі әдістері

3.2

Өтімді портфельді оны секьюритизациялау арқылы қолдау




Қорытынды




Қолданылған әдебиет тізімі




А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ 2009-2010 жылдар үшін қаржылық есептілігі




Ә қосымшасы Қарыз алушы-банктердің қаржылық жағдайына минималды талаптар




Б қосымшасы Несие портфелінің жіктелуі және ол бойынша резервтерді қалыптастыру




В қосымшасы Несиелік цикл




Г қосымшасы Графикалық бөлігі



В қосымшасы
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Берілген сәтте және берілген жағдайда зерттеу үшін таңдалған мәселенің теориялық және тәжірибелік маңыздылығын негіздеу.

Өзектілікті айқындау көп болмауы керек. Оны алыстан сипаттаудың мәні жоқ. Машинамен басылған мәтіннің парағы шегінде бастысын – тақырыптың өзектілігі көрінетін мәселелі жағдайдың мәнін көрсету жеткілікті. Ғылыми аспектте өзектілік берілген тақырыпты зерттеудің қажеттілігі ғылымның қазіргі жағдайымен себептелетінін білдіреді. Қолданбалы аспектте тақырыптың өзектілігі шаруашылық тәжірибенің нақты қажеттіліктерімен (нақты кәсіпорынның, кәсіпорындар тобының, басқару органдарының және т.б. қажеттіліктерімен) оның байланысын білдіреді.

Өзектілік таңдалған тақырыптың маңыздылығын, уаттылығын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін көрсетеді.

Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Еңбектерінде зерттелетін мәселенің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері көрсетілген авторлардың (қазақстандық, ресейлік еңбектер, шетел әдебиеті) аты-жөндерін тізімдеу қажет.

Алайда, біздің ойымызша, …… ерекшеліктері жеткілікті толық зерттелмеген және, бәрінен бұрын, бұл қазіргі жағдайларда тәжірибелік маңызы бар қорытындыларға қатысты.

Тақырыптың өзектілігі мен оның теориялық және тәжірибелік маңыздылығы зерттеу бағытын таңдауды шарттады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттерідипломдық зерттеу жұмысында жүргізілген мақсаттың және қойылған мақсатқа жету үшін шешуге қажетті бірнеше міндеттердің қысқаша және нақты тұжырымдамасы. Дипломдық жұмыстың мақсаты - ....... (зерттеу мәселесі көрсетіледі) саласында теориялық білімдерді жүйелендіру, бекіту мен кеңейту және оны жетілдіру бойынша (дамыту, яғни мәселені шешу бойынша) алынған білімдерді ұсыныстарды (бағыттарды) әзірлеу (өндіру) үшін қолдану.

Қойылған мақсатқа жету үшін кезектеп шешуді талап еткен негізгі міндеттер келесі түрде анықталды:



  • …. зерттеу;

  • … ашу;

  • … сипаттау;

  • … талдау;

  • … бағалау;

  • … бекіту;

  • … анықтау;

  • … өндіру.

Осы міндеттердің тұжырымдамаларын мүмкіндігінше мұқият жасау қажет, өйткені оларды шешудің сипаттамасы дипломдық жұмыс бөлімдерінің құрамын құрауы қажет. Бұл сонымен қатар осы бөлімдердің атаулары зерттеу міндеттерінің тұжырымдамаларынан туындайтындықтан маңызды.

Зерттеу объектісі мен пәні

Зерттеу объектісі – мәселелі жағдайды туғызатын және зерттеу үшін таңдалған үрдістер мен құбылыстар.

Зерттеу пәні – қарастырудың белгілі бір аспектісіндегі объектілер шегіндегінің барлығы.

Зерттеу объектісі – зерттеу жүргізілген сала шекараларын анықтау. Мысалы: құрылыс компаниясы, несие ұйымы, коммерциялық банк, бюджет және т.с.с.

Зерттеу пәні – зерттеу объектісінің шегінде талданатын нақты сұрақты немесе мәселені тұжырымдау. Мысалы: айналым капиталын басқару саясаты, кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау, несие портфелін басқару саясаты, бюджет құралдарын шығындаудың бақылауын ұйымдастыру.

Зерттеу объектісі мен пәні жалпы және жеке ретінде өзара арақатынасады. Объектте зерттеу пәні ретінде қызмет ететін бөлімі ерекшеленеді.



Теориялық, әдістемелік негізі және дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік базасы.

Зерттеудің теориялық негізі – дипломдық жұмыста зерттелетін мәселелерді талдауға және шешуге маңызды үлесін қосқан отандық және шетел ғалымдары мен мамандарының еңбектерінің тізімі.

Зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеудің негізі болып табылады: (мысал: танудың жалпы теориясы мен диалектикалық әдіс, олардың көмегімен несиелік тәуекелдің пайда болу көздері, даму механизмі мен шешу жолдары анықталды. Жұмыста түбегейлі, логикалық және салыстырмалы талдау, жалпылау және жүйелі тәсіл, экономикалық-статистикалық талдаудың әдістері қолданылды).

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде қызмет етті (мысал: Ұлттық Банк Басқармасының, ҚР Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қаржылық қадағалау бойынша агенттігінің заңнамалық актілері, нұсқаулары мен қаулылары, коммерциялық банктердің есептілігі, ҚР Статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері, ішкі нұсқаулық материалдар және басқа дереккөздер).



Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Мұнда Сіздің жұмысыңызды осы мәселе бойынша басқа көздерден нақты не ерекшелейтіні көрсетіледі. Бұл Сіз әзірлеген әдістеме, білімдерді жүйелендіру, жұмыс пәнін жетілдірудің тәжірибелік бағытын негіздеу болуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Мұнда жұмыстың тәжірибелік мәні ашылады, мысалы, жұмыс белгілі бір жайтты жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін, Сізбен әзірленген әдістеме тәжірибелік әрекетте қолданылуы мүмкін, дипломдық жұмыста алынған нәтижелер зерттеу объектісінің қызметінде пайдаланылуы мүмкін, бұл экономикалық эффектті алуға әрекеттеседі (табыстылықтың жоғарылауы, қаржылық тұрақтылықты бекіту және т.б. көрсетіледі).
жүктеу 290 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау