БІРЛЕСЕ БАҚЫЛАНАТЫН ҰЙЫМДАР
Бірлесе бақыланатын ұйым – корпорация, серіктестік немесе əрбір қатысушылардың өз қатысу үлесі бар басқа ұйым құруды көздейтін бірлескен қызмет түрі. Ондай ұйым, кəсіпкерлер арасындағы келісімшарттық мəміле оның экономикалық қызметіне бірлескен бақылау орнататыннан басқа жағдайларда, өзге ұйымдар сияқты жұмыс істейді.
Бірлесе бақыланатын ұйым бірлескен қызметтің активтерін бақылайды, міндеттемелер қабылдайды, шығындар жұмсайды жəне пайда алады. Ол өз атынан бірлескен қызмет мүдделерінде шарттар жасайды жəне қаржы алады. Əрбір кəсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым пайдасының бір бөлігін алуға құқылы, алайда кейбір бірлесе бақыланатын ұйымдар бірлескен қызмет нəтижесінде алынған өнімнің бөлінуін көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |