Биомеханика (зертханалық жұмыстар)



жүктеу 5,02 Mb.
бет10/42
Дата15.02.2020
өлшемі5,02 Mb.
#29190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42

4-сурет. Аяқ бөлшектерінің ЖАО анықтау.
3. Дене бөлшектерінің және АО орнын анықтау, әсіресе статикалық жағдайларда, тепе-теңдік сақтау шарттарын талдау кезінде өте қажет. Ауырлық орталығын қозғалыста, траекториясын өзгерткенде сыртқы күштердің әсерін, сол бөлшекке түсірілген күштерді анықтау.

4. Дене бөлшектерінің АО анықтау. Адам дене кейпін фотосуретке қарап анатомиялық деректерді пайдалана отырып, буын біліктерінің проекциясын түсіріп, белгілеу. Әрбір дене бөлшектерінің ұзындығын өлшеп, оны АО радиус мәніне көбейту керек. Алынған өлшемдермен және анатомиялық бағдарлар арқылы барлық дене бөлшектерінің АО қою қажет.

5. Барлық ауырлық күштердің теңестіруші күштерін табу /4 және 5 сурет/.

Әуелі иық пен білектің АО күштерін, содан кейін қол басының салмағын қосып, түгел қолдың ЖАО табу керек. Сол сияқты аяқ бөлшектерінің салмақтарын қосып табу. Егер дененің орналасуы симметриялы болса, екі қолдың АО бірдей орналасса, онда екі аяқтың да АО бірдей болмақшы. Аяқ-қолдардың ЖАО анықтай отырып, оларды бүкіл дененің салмағына қосарда екі еселеуді ұмытпау керек. Дененің АО анықтаған кезде, ұзына бойы орналасқан білікті қисық сызықпен емес, түзу сызықпен /иық пен жамбас буындарын/ қосу керек. Бұнда да қателіктер кетуі мүмкін, сондықтан ЖАО есептеу тәсілі тәжірибелі жолмен анықтауға қарағанда онша дәлірек болмайды. Бас пен тұлғаның /дененің салмағын 50%/ ЖАО анықталғаннан кейін, сосын барлық аяқ-қолдарды, аталған екі нүктені кесінділер арқылы жалғап екіге бөледі. Осы нүктеде дененің ЖАО орналасады.


5. Зертханалық жұмыс. Дененің ЖАО талдау тәсілі арқылы анықтау /Вариньон теоремасы бойынша ауырлық күштер сәтінің қосындысын/.
Мақсаты: ЖАО – ауырлық күштер сәтінің қосындылары арқылы анықтау.
Жұмыс барысы: 1. Вариньон теоремасы негізінде ауырлық күштер сәті қосындысының тәсілі: «Кез келген орталықтың күштер сәтінің қосындысы осы күштердің қосындысының сәтіне тең. Аяқтың үш бөлшегінің ауырлық күштері сәтінің қосындысы ретінде қарастырайық. Орталықты өз бетімізбен таңдап аламыз және соған байланысты ауырлық күш сәтін анықтаймыз. Бұл нүктені 0 кез келген жерден қоюға болады, бірақ ол нүктені чертеждің төменгі сол жағына қойған ыңғайлы болар еді, себебі барлық /х және у/ сәті оң болуы үшін. Осы нүктеден бір-біріне екі перпендикуляр 0х және 0у түсіреміз. Олардың бағыты дене кейпіне байланысты ешқандай маңызы жоқ деуге болады. Осы біліктерді дене кейпіне байланысты әртүрлі жағдайларда орналастыруға болады. Бұның ЖАО-ға әсері болмайды. Кез келген масштаб алып, екі білікке бірдей, барынша /бірақ міндетті түрде емес/ чертежде бөлшектердің ауырлық орталықтарының координатасын /хf, хs xp және уf, уs, уp, ауырлық күштерін Pf, Ps, Pp белгілейміз. Санның ауырлық күш сәті орталық 0-ге қарағанда х білігі бойынша санның салмағының /Pf/ көбейтіндісі х білігінің, оның АО қашықтығына тең /координата хf/. Солай, сирақ пен аяқ басының ауырлық күштер сәтін анықтаймыз. Енді, осы күштердің қосындысын Вариньон теоремасы бойынша жазамыз: Pf хf, + Ps, хs, + Pp Хp = Pfsр, Хfsp. Теңдіктің сол жағындағы барлық бөлшектердің /аяқ/ ауырлық күштер сәті х білігінің 0 орталығы шамасында, ал оң жағында, оларды теңестіруші күш сәті берілген /Pfsр/. Теңдеудің барлық мәнінен белгісізі тек хfsp координатасы; бұл координата х нүктесінен түсірілген күш Pfsр, немесе аяқтың ЖАО, соны біз іздеп жатырмыз. Ол тең

Хfsр = =
жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау