БИОМЕХАНИКА
(зертханалық жұмыстар)
Дияров А.С., Биомеханика (зертханалық жұмыстар) әдістемелік нұсқау. Орал, 2004ж. 48бет.
Пікір жазған: Қарағойшин Ж.М., биология ғылымының кандидаты, доцент
Биомеханика пәнінен зертханалық жұмыстар – дене тәрбиесі мен спорт және алғашқы әскери дайындық факультетінің екінші курс студенттеріне көмекші құрал ретінде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті мен факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынады.
© М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Университеті
КІРІСПЕ
Адам өмірінде сыртқы ортамен әрқашанда тікелей байланыста болады. Дүниеге келгеннен бастап, сол байланыс адамның қызметімен, қоршаған кеңістік пен уақытты бағдарлаумен байланысты.
Қозғалу заңдылықтарымен оның табиғаты әрдайым кеңейіп отырады. Оған әсерін тигізетін тәжірибелер мен зерттеулер, бақылаулар мен тәрбиелеу өздерінің үлестерін қосады. Соның арқасында теориялық қағидалар дүниеге келіп отырады.
Спортшылардың техникалық әзірліктері, жаттығулардың жаңа орындалу тәсілдері көбінесе өмірдің талабына сай өсіп отырады. Сондықтанда биомеханиканың негізгі мақсаты, сол қозғалыстардың /жаттығулардың/ жетістіктеріне талдау жасап, жетілдіре түсу. Әсіресе, спорт биомеханикасындағы негізгі тәсіл – талдау тәсілі. Ол спортшының дене кейпінің, қоршаған кеңістік пен уақыттағы қозғалыстарының сандық құндылығы мен себептерін анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл курсты, оқып меңгерудің болашақ мамандар үшін, әсіресе денешынықтыру тәрбиесімен шұғылданатындарға қажетті білім мен дағдыларды барынша дұрыс пайдалану болып табылады.
Ұсынылып отырған көмекші құрал жоғарғы оқу орындар бағдарламасына сәйкес әзірленіп, студенттердің ғылыми жұмыспен шұғылдануына және спорт қимылдарының орындалу техникасын жетілдіре түсетініне күмән келтірмейді.
1. Зертханалық жұмыс. Координаталарды есептеу және сол арқылы өлшем құру.
Мақсаты: а) координат кестесін құру;
ә) әрбір дене кейпінің /позаның/ нүктелер координатасын түсіру;
б) берілген нүктелер бойынша координат торын құру;
в) координата арқылы дене нүктелерінің орналасуын тауып, адамның дене кейпін схема түрінде сызып көрсету (1-сурет).
Жұмыс барысы: 1. Жылдамдықтар мен үдеулер координат таблицасы /1 кесте/ кейінгі есептеулерге қажет болатындықтан оны барынша дәл және біркелкі құру қажет. Кестенің көлденең жолының саны өлшемдегі дене кейпіне тең, ал тік бағаналар саны – екі еселенген есептеу пунктінің санына тең болуы керек. Дене кейпі нөмірлеріне тағы да, екі бағананы қосу керек /екі білік бойынша/.
2. Өлшемді әрбір координата нүктесінен белгілі бір тағайындалған координат бастамасы арқылы құрады, әуелі әрбір суреттің координатасы есептелініп координат кестесіне түсіріледі. Өлшем құрудың екі тәсілі де /проекциялық және координаталық/ алдын-ала бейнелеу масштабын тағайындайды.
3. Кесте бойынша Sх пен Sу үлкен мағыналарын анықтау қажет. Осы деректер арқылы координат торының көлемін бекіту. Әрбір 10 мм сайын координат нүктесін белгілеп, оның сандық мәнін жазу керек.
4. Барлық дене кейпінің нүктелерін белгілеп барлық сызықтарды өткізіп /әрбір дене кейпіне нүктелерді белгілегеннен кейін/ дене кейіптерінің дұрыстығын тексеру. Сосын, дене кейпінің нөмірлерін қою керек. Бұны арасына бір дене кейпін тастап ноқаттың жоғарғы жағынан белгілеген жөн.
Берілген графикті 1,5,9 немесе 2,6,10 кадрлар арқылы түсіру.
Координат кестесі
1-кесте
Sх
|
с
|
в
|
а
|
м
|
f
|
s
|
P
|
d
|
Sу
|
с
|
в
|
а
|
м
|
f
|
s
|
p
|
d
|
1.
|
9
|
15
|
6
|
30
|
6
|
10
|
-9
|
3
|
1
|
145
|
125
|
100
|
89
|
68
|
28
|
0
|
-8
|
2.
|
38
|
48
|
46
|
71
|
35
|
23
|
5
|
4
|
2
|
146
|
129
|
105
|
100
|
70
|
33
|
8
|
-7
|
3.
|
68
|
79
|
81
|
105
|
65
|
50
|
19
|
17
|
3
|
148
|
132
|
108
|
105
|
73
|
36
|
20
|
4
|
4.
|
99
|
108
|
108
|
131
|
98
|
88
|
53
|
45
|
4
|
149
|
131
|
106
|
98
|
72
|
34
|
32
|
19
|
5.
|
129
|
136
|
130
|
151
|
130
|
133
|
94
|
89
|
5
|
146
|
127
|
102
|
88
|
69
|
32
|
36
|
24
|
6.
|
159
|
163
|
151
|
167
|
161
|
182
|
150
|
147
|
6
|
143
|
126
|
102
|
81
|
70
|
41
|
30
|
15
|
7.
|
190
|
189
|
173
|
186
|
192
|
222
|
204
|
211
|
7
|
142
|
128
|
106
|
83
|
75
|
53
|
23
|
9
|
8.
|
221
|
217
|
199
|
210
|
222
|
251
|
256
|
269
|
8
|
143
|
131
|
111
|
87
|
77
|
53
|
18
|
10
|
9.
|
252
|
248
|
230
|
242
|
250
|
276
|
286
|
301
|
9
|
144
|
131
|
112
|
88
|
75
|
44
|
11
|
4
|
10.
|
282
|
279
|
266
|
281
|
278
|
298
|
296
|
307
|
10
|
142
|
128
|
107
|
85
|
72
|
36
|
1
|
-7
|
Достарыңызбен бөлісу: |